Әлі-Бекен мешітіЖексенбі, 01.08.2010, 06:27
| RSS
Сайт мәзірі

Шағын-чат

Сауалнама
ХИЖАБ (орамал) қандай амал?
Жауап берілді: 312

Негізгі бет» 2009 » Қыркүйек » 12 » Нұрлы жол. 2
Bookmark and Share
Нұрлы жол. 2
20:21
Алланың атымен. Құрметті, оқырмандар, «Нұрлы жол» атты хабарымыздың екінші бөлімін назарларыңызға ұсынамыз.
Өткен хабарымызда Хамд сүресінің орнымен таныстық. Осы сүре өте кең мағынаға ие. Хамд сүресі құдайшылық ілімді түсінудің басты қазынасы. Бүгінгі хабарымызда осы сүренің аяттарына түсіндірме жасаймыз. Алдымен жоғарыдағы сүренің бірнеше аятын оқыңыздар. 



بِسْمِ اللهِ الرَّحْمنِ الرَّحِيمِ(1) الْحَمْدُ للّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ(2) الرَّحْمـنِ الرَّحِيمِ(3) مَالِكِ يَوْمِ الدِّينِ(4)

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.(1) Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән.(2) Аса қамқор, ерекше мейірімді.(3) Қиямет күнінің иесі.(4)
Өткен хабарымызда Ұлы Алланың аты және оны еске алудың маңыздылығымен таныстық. Біздің бүгінгі алғашқы сөзіміз Ұлы Аллаға алғыс айту. Ұлы Алла бүкіл әлемнің иесі. Ол барлық жансыз заттарды, өсімдіктерді, жануарларды, көктер мен жерді жаратты. Ұлы Алла адамды су тамшысынан жаратты. Оның өсіп, жетілуіне мүмкіндік беретін жол нұсқады. Ұлы Алла жаратылыс иелерімен тығыз, тұрақты, әрі мәңгілік байланысқа ие. Демек, біз үнемі оның нығметтеріне шүкіршілік етуіміз керек. Әр адам Ұлы Алланың өзі айтқанындай оның даналығын мадақтауы тиіс. Ұлы Алла барлық мадақтауға лайық екенін жадымыздан шығармауымыз керек. 
Келесі аят біз иман келтіретін Алланың аса қамқор, ерекше мейірімді екеніне сілтеме жасайды. Оның қамқорлығы мен мейірімділігін аса сүйкімді табиғаттан, көк аспан мен әдемі құстардан көруге болады. Егер кейбір аяттарда Алланың қаһары мен азабы туралы айтылса, бұл сөз кек алудан туындаған емес. Керісінше, адамға ескерту жасау және мән беру болып табылады. Егер оның пенделері өздерінің бұрыс істеріне кез-келген уақытта өкініп, күнәларын жуса ұлы жаратушының шексіз қамқорлығына бөленеді. 
Жоғарыдағы аят Ұлы Алланы қиямет күнінің иесі деп таныстырады. Ұлы Алла пенделері құдайшылық нығметке үміт артып, қиямет күніне селқос қарамасын деп ескерту жасайды осы аят. Ұлы Алла бүкіл әлемнің иесі және ахыреттің де иесі. Бірақ оның қиямет күніндегі ісі өзгеше. Осы күні адамның дүние байлығы, баласы белгілі бір рөлге ие емес. Тіпті адам өз тәнінің иесі емес, тек Ұлы Алла осы күннің иесі. Қиямет күні аса қамқор, ерекше мейірімді Алла адамның әрбір ісіне жете мән береді. Демек, біз игі істерімізбен қиямет күніне дайындалып, Ұлы Алланың шексіз нығметтеріне ұмтылуға тиіспіз. 
Барлық құдіреттерден басым ұлы жаратушыны мадақтағаннан кейін аяттың жалғасында әркімнен бізге жақын, оған қол ұшымызды созып, одан медет сұраймыз. 



إِيَّاكَ نَعْبُدُ وإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ(5) اهدِنَــــا الصِّرَاطَ المُستَقِيمَ(6) صِرَاطَ الَّذِينَ أَنعَمتَ عَلَيهِمْ غَيرِ المَغضُوبِ عَلَيهِمْ وَلاَ الضَّالِّينَ(7)

Раббым, саған ғана құлшылық қыламыз, әрі сенен ғана жәрдем тілейміз.(5) Бізді тура жолға сала гөр. Нығметке бөленгендердің жолына.(6) Ашуыңа ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес. Амин.(7)
Осы аяттар пәк адамдардың Ұлы Аллаға ғибадат етуін баяндайды. Ұлы Алла барлық жаратылыс иелерінен артықшылыққа ие. Сол себепті, әр адам Ұлы Алланың өз ісіне бақылаушы екенін ескеріп, дана Ұлы Аллаға сөз айтатынын жүрегімен түсінуі керек. Адам сырт көзге ғибадат етіп, жүрегімен басқа нәрсені ойламауы тиіс. Тек Ұлы Алла ғана мадақтауға лайық, тек Ұла Аллаға ғана құлшылық етуге болады. Барлық істе тек одан ғана көмек сұраймыз. 
Алладан бізді тура жолға салуын өтінеміз. Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес. Осы аят адамдар өмір жолын таңдауда үш топқа бөлінетінін көрсетеді. Бірінші топ – тура жолды таңдаушылар. Олар жеке және қоғамдық өмірін құдайшылық ережелерге сәйкестендіреді. Екінші топ - хақты танығанымен дәрменсіздік аясында құдайға иман келтірмейтіндер. Осы топ іс-әрекеттері барысында біртіндеп тура жолдан адасып, Ұлы жаратушының қаһарына ұшырайды. Ал үшінші топ – анық жолға ие еместер. Аят тілімен айтқанда адасқандар және ашуға ұшырағандар. Олар күн сайын бір жолды таңдайды. Бірақ белгілі нәтижеге қол жеткізе алмайды. 
Бірақ тура жолды таңдау оңай емес.Адамдардың басым көпшілігі өзгелерді ақиқат деген желеумен теріс жолға бағыттайды. Адамдардың кейбіреулері өздері теріс жолды таңдайды. Ұлы Алла көптеген аяттарында осы мәселеге сілтеме жасайды. Ол «Ниса» сүресінің 69-ыншы аятында былай дейді: Кім Аллаға, пайғамбарға бой ұсынса, міне солар Алла нығметіне бөленгендер пайғамбарлар, шыншылдар, шаһидтер және игілермен бірге болады. Олар нендей жақсы жолдас. 
Әрине кейбіреулер сіздерден Алланың қаһарына ұшырағандар мен адасқандар кімдер деп сұрайды. Құран осы орайда түрлі топтарды көрсетеді. Олардың бірі Израиль ұрпақтары. Олар бір заманда құдайшылық ережелерді орындағаны үшін Алланың нығметіне бөленді. Өзге тайпаларға қарағанда жақсы өмір сүрді. Бірақ Израиль ұрпақтары теріс істері үшін Алланың қаһарына ұшырады. Жалгасы бар

Көрілді: 201 | Ендірген: IslamCom_Kz |
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

Жаңалықтар күнтізбесі
«  Қыркүйек 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930

Іздеу

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 0
Қонақтар: 0
Қолданушылар: 0

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010