Абу Ханифа деген кім және соның мазхабы? - Ағымдар туралы не білеміз? - ДІНИ МӘСЕЛЕЛЕР - CҰХБАТ
Әлі-Бекен мешіті
ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Жұма, 10.09.2010, 10:15
| RSS
Bookmark and Share
[ Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]
Страница 1 из 11
CҰХБАТ » ДІНИ МӘСЕЛЕЛЕР » Ағымдар туралы не білеміз? » Абу Ханифа деген кім және соның мазхабы? (намаз оқу жайында)
Абу Ханифа деген кім және соның мазхабы?
AsemКүні: Дүйсенбі, 15.12.2008, 16:32 | Хаттар # 1
Тобыңыз: Қолданушылар
Сообщений: 6
Репутациясы:  ±
Ескерту:  ±
Статусы: Ажыратылған
Ассаляму алейкум. Менің сұрағым мынадай: Неге біз намазды сунет бойынша емес, Абу Ханифаның мазхабы бойынша оқу керекпіз? Құран Кәрімде Аллаһ Субханә Тағаля Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у.) сенің жолыңдағы тармақ қана дұрыс жолда деді ғой. Не үшін сунетпен оқымаймыз?

Добавлено (15.12.2008, 16:32)
---------------------------------------------
жалпы махзаб деген дұрыс емес деген тұжырымды да естуім бар еді


Адам болган сон кул боламыз. Кул болган сон баримз бир нарсеге табынамыз. Менин табынарым бир Аллах.
Dinislam_KzКүні: Сейсенбі, 16.12.2008, 22:51 | Хаттар # 2
Тобыңыз: Әкімшілік
Сообщений: 8
Репутациясы:  ±
Ескерту:  ±
Статусы: Ажыратылған
Имам Ағзам Әбу Ханифа мазхабы

Араб тілінде мазһаб сөзі:
1. Тіл саласында: жол, жүріс, тұрыс, әрекет ету бейнесі.
2. Шариғат саласында: діни ғылым, мектеп, ілім, түсінік деген мағынаны береді.Ислам дінінде әһлү сүннә уәл джәмаьа болып есептелетін төрт мазһаб бар. Ол Ханафи, Шафи, Малики және Ханбали мазһабтары. Әр мазһаб сол мазһабтың негізін құраушы имамның есімімен аталады.
Бұл төрт мазһабтың шариғат үкімдерінің барлығы Қасиетті Құран Кәрім мен Пайғамбарымыз с.а.у. сүннетіне негізделу мақсатынан ешбірін қате деуге болмайды. Мазһабтардың арасында біршама айырмашылық болғанымен, олардың мәнісі болмашы.
Ханафи мазһабын негіздеуші имам Әбу Ханифа Ан Нұғман ибн Сәбит (699-767 милади).
Білімділігі себебінен тарихшылар имам Әбу Ханифаны Ағзам (Ұлы имам) деп атап: «Егер дін Шолпан жұлдызына көтеріліп кетсе, оны жерге имам Әбу Ханифа қайтарады», - деген.
Имам Ағзам мұсылманшылық фиқһ ғылымының негізін құраушы болып есептеледі. Ол Қасиетті Құран Кәрімге сүйене отырып 69 000 күрделі мәселеге пәтуә берген.
Үш мазһабтың имамы имам Шафи, имам Малик, имам Ибн Ханбал өздерін имам Ағзамның шәкірттеріміз деп есептеген.
Имам Шафи: «Адамдар фиқһ ғылымында Әбу Ханифаға тәуелді», - десе, имам Малик: «Әбу Ханифаның ой қисындылығының қуаттылығы сонша, егер ол талды алтын десе, соны дәлелдеп береді», - деген.
Мұсылмандардың арасында кең тараған мазһаб - Ханафи мазһабы. Тоғызыншы ғасырдан бастап, қысқа мерзім ішінде Ханафи мазһабы Анатолия, Балқан, Солтүстік Кавказ, Еділ аймағы, Орта Азия, Қытай, Үндістан, Ауғанстан төңірегіне және Индонезия аралдарына тараған. Әрі Ханафи мазһабын Алтын Орда хандары, Ұлы Моғолдар және Осман сұлтандары ұстанған. Қазіргі уақытта Ханафи мазһабын ұстанушылар саны жүз миллионнан астам.

Мазһаб имамы Әбу Ханифа

Имам Ағзам Әбу Ханифа р.л.ғ. һижраның сексенінші жылы Куфа қаласында дүниеге келген. Толық аты Нұғман ибн Сәбит ал Куфи.
Имам Ағзам р.л.ғ. Анас ибн Маликпен р.а. бірнеше рет жүздескендігі себебінен табиғиндерге жатады.
Имам Ағзамның р.л.ғ. төрт мың ғұлама ұстазы болып, солардан діннің түрлі салаларында тәлім алған. Олардың бірі пайғамбарымыздың с.а.у. сахабаларының бес жүзімен жүздес болған ұлы табиғин ғұлама Әмир ибн Шурайхил болса, бірі сахабалардың екі жүзін көрген Ато ибн Әбу Рабах болған.
Имам Әбу Ханифа р.л.ғ. өз дәуірінің ұлы ғұламасы болып, оған жан жақтан келіп, тәлім алған шәкірттері өте көп болған. Мысалы, Әбу Юсуф, Мухаммед ибн Ал Хасан Аш Шайбани, Зуфар ибн Ал Фазил, баласы Хаммад ибн Әбу Ханифа.
Имам Ағзамның р.л.ғ. имандылығы мен тақуалығына, білімділігі мен парасаттылығына қатысты айтылған пікірлерді келтірейік.
«Адамдар фиқһ ғылымында Әбк Ханифаға р.л.ғ. тәуелді» Имам Шафи р.л.ғ.
«Мен Әбу Ханифадан р.л.ғ. ғалым әрі құдайшыл адамды көрмедім» Әбу Жағфар Ар Рази р.л.ғ.
«Кімде кім Әбу Ханифаның р.л.ғ. кітаптарын оқымаса, ғылымға бойламағаны және фиқһ ғалымы болмағаны». Имам Шафи р.л.ғ.
«Мен Әбу Ханифамен р.л.ғ. бес жыл бірге тұрдым. Әбу Ханифадан р.л.ғ. аз сөзді жанды көрмедім. Ал бірнәрсе жайында сұраса, ашылып сел тәрізді ағылар еді». Жағфар ибн Рабиғ р.л.ғ.
«Әбу Ханифа р.л.ғ. ғылымға қылыштың жүзінен де өткір еді».Суфиан ас Саури р.л.ғ.Имам Ағзамның р.л.ғ. ғылымға деген құштарлығы сонша, ол қырық жыл бойы түнін ғылым ізденумен өткізіп, таң намазын құбтанның дәретімен оқитын еді. Өмірінде жетпіс мың рет Қасиетті Құран Кәрімді хатым еткен.
Имам Әбу Ханифа р.л.ғ. һижраның жүз елуінші жылында, жетпіс жасында Бағдат қаласында дүниеден қайтып, жаназа намазына елу мың адам қатысқан. Хизран қабірстанында жерленген.
Имам Ағзам Әбу Ханифа р.л.ғ. қайтыс болғанында Ибн Жәриж қайғыға салынып: «Қандай білім кетті!», деп жылаған.

Абдуллах ибн Дуад: «Намаздарында Әбу Ханифа үшін Алла Тағалаға дұға ету ислам жолындағылардың міндеті», деген.

Dinislam_KzКүні: Сейсенбі, 16.12.2008, 23:03 | Хаттар # 3
Тобыңыз: Әкімшілік
Сообщений: 8
Репутациясы:  ±
Ескерту:  ±
Статусы: Ажыратылған
Quote (Asem)
Ассаляму алейкум. Менің сұрағым мынадай: Неге біз намазды сунет бойынша емес, Абу Ханифаның мазхабы бойынша оқу керекпіз? Құран Кәрімде Аллаһ Субханә Тағаля Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у.) сенің жолыңдағы тармақ қана дұрыс жолда деді ғой. Не үшін сунетпен оқымаймыз?

Сіз Шейх Усаймин,ибн Баздардың кітаптарын оқығансыз ба? мен оықағам әрі қазірде оқып жүрмін....
Усаймин Ибн Баз өз дағуаттарында өздерінің Ханбали мазхабында екендігін айтқан.....

бұны айтып жатқанм Хижаз елінің ғалымдарның айтқанымен жүреміз дегендер мазхабты мойындамайды... сізде сол тұжырымда көренісіз ғой....

Quote (Asem)
жалпы махзаб деген дұрыс емес деген тұжырымды да естуім бар еді

жалпы байлап сөйлеген дұрыс деп ойлаймын....

толығырақ мәлімет алғыңыз келсе ерінбеңіз кітап оқыңыз, жан жақты болыңыз....
мазхаб иелері қаншама кітаптар жазып кеткен. Шафиғи, Ханбали, Абу Ханифа, Малкикдің кітаптарын қазір бүкіл әлем мойындайды
онда қалайша олардың еңбектерін жоққа шығарасыз???? бүкіл дүние ғалымдары млйындап тұрғанда...
әлде осы ғалымдарың сүннетті тастағандығына дәлеліңіз бар ма? алмаңдар сүннетті деген жерлері бар ма?

Dinislam_KzКүні: Сейсенбі, 16.12.2008, 23:06 | Хаттар # 4
Тобыңыз: Әкімшілік
Сообщений: 8
Репутациясы:  ±
Ескерту:  ±
Статусы: Ажыратылған
МАЗҺАБ ҰСТАНУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Қазақстанды мекендейтін жалпы мұсылман халқы Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабын ұстанады. Мәзһаб – жол, бағыт, көзқарас деген мағыналарды білдіреді. Ал, шариғаттағы терминдік мағынасы – арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран мен сүннеттен шығарылған үкімдер мен көзқарастар жиынтығы. Ислам шариғатының қайнар көзі болып табылатын Құранның әрбір сөзінің бірнеше астарлы, терең мағыналары мен түсу себептері бар. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.у.) кейбір мән-мағынасы тереңде жатқан аяттарды өз сөзімен жеткізіп, түсіндіріп отырды. Тіпті Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадистерінің өзі терең мағыналылығымен кейбір себептерге байланысты бір-біріне қарама-қайшы келетін тұстары да бар. Соған байланысты хадистер «сахих», (дұрыс) «хасан» (жақсы) «даъиф» (әлсіз) және «маудуғ» (жалған) т.б. деген сияқты қуаттылық жағынан, яғни үкім шығаруда бірнеше дәрежелерге бөлінді. Ал бұлардың барлығын кез-келген қарапайым адам тереңнен талдап, ара жігін ажыратып, шарғи үкім шығара алмайды. Бұған Әбу Халифа сынды Құран ілімімен қатар хадис, фиқһ негіздерін, яғни Ислам ғылымын жетік білетін мүжтәһид (білгір) ғалымдарға, солардың шығарған үкімдерімен жүруге мұқтажбыз. Әлде кім өз бетінше әрекет ететін болса, адасуы әбден мүмкін.

Имам Әбу Ханифа – Ислам ғылымдарын аса жетік білген кісі. Оның салып кеткен мәзһабын бүгінгі күнге дейін ұстанып келе жатқан халық ішінен шыққан қаншама мүжтәһид ғалымдар болды. Солардың көпшілігі Имам Әбу Ханифаның мәзһабының көзқарасын қуаттады. Сондықтан мәзһабтың болуы – Ислам дінінің жеңілдігін көрсетеді.

Әрбір мұсылман, діни үкімдерді үйреніп оны іске асыруға міндетті. Діни үкімдердің негізі ол – Құран мен сүннет. Жоғарыда айтып өткеніміздей қарапайым әрбір мұсылман шарғи үкімдерді Құран мен сүннеттен шығаруы мүмкін емес. Мұндай қабілетке ие болу үшін діннің екі қайнар көзін, яғни Құран мен сүннеттен үкім шығара алатын мүжтәһид ғалым болу керек. Сол себепті қарапайым мұсылмандар атақты мүжтәһид ғалымдардың көзқарастарымен амал етіп, солардың артынан еруі қажет. Ал енді мүжтәһид ғалым болу үшін оның өзіндік шарттары бар. Олар мынадай:
1. Білім иесі болу.
2. Қабілеттің болуы.
Аталмыш бірінші шартқа еңбектену арқылы жетуге болады. Екінші шарт туа біткен дарын арқылы іске асады. Аллаһ Тағала кейбір адам баласына қабілеттілік, дарындылық сыйлайды. Кімде-кімнің бойынан осы екі шарт табылса мүжтәһид болады. Енді осы екі шартқа жеке-жеке тоқталып өтсек:

1. Білім
Мүжтәһидке білуі қажет болған мынадай жайттар бар:

а. Құран Кәрімді білу:
Мұндағы мақсат аяттың мағыналарын толық білу, ондағы харам мен халалды білдіретін аяттарды, олардың түсу себептерін, аятта айтылмақ болған негізгі мағыналары мен түпкі сырларын, мақсаты мен мәнін дұрыс меңгеру.

ә. Сүннетті білу:
Сүннетті білудегі басты мақсат; хадистердің қайсысы сахих (дұрыс), қайсысы әлсіз екендігін, сонымен қатар хадис риуаят етушілерді жетік тану. Әсіресе хадистердің сәнәттарын, яғни бізге жеткен жолдарын (мүтәуатир, мәшһүр, ахад сияқты), мағыналары мен Пайғамбардың (с.а.у.) хадистерді айтудағы негізгі себептерін білу.

б. Нәсих пен мәнсухты білу:
Бұрын келген аят немесе хадистің үкімі кейінгі келген (басқа) аят пен хадис арқылы жойылса «нәсих» деп аталады. Ал үкімі жойылған аят яки хадиске «мәнсух» делінеді. Осындай үкімі жойылған аят немесе хадистерден үкім шығарарда қателеспеу үшін, аят пен хадистердің насих пен мәнсухын мүжтәһид жақсы білуі тиіс.

в. Араб тілін білу:
Жоғарыда айтып өткеніміздей діни үкімдердің негізі Құран мен Сүннет. Құран мен сүннеттің араб тілінде екендігі айтпаса да түсінікті. Сондықтан мүжтәһид ғалым осы екі негізді дұрыс түсініп үкім шығаруы үшін, араб тілінің грамматикасын, әдебиетін терең меңгеруі керек.

г. Фиқһ усулін (методикасын) білу:
Мүжтәһид ғалым, Құран, сүннет, Ижма, Қияс, адамдардың маслахаты (адамдардың пайдасы үшін шешілетін мәселе), әдет-ғұрып т.б. осы сияқты шариғаттың дәлелдері деп саналатын негіздер мен олардан үкім шығарудың әдіс-тәсілдерін білуі шарт. Сонымен қатар Құран мен сүннеттегі сөздерге байланысты қағидаларды келтірілген дәлелдердің арасын дұрыс таңдап, олардың жолдарын білуі керек. Сондай-ақ ғалымдардың құптаған мәселелерін (ижма), Құран мен сүннетте айқын айтылмаған жайттарды, Құран мен сүннеттегі ұқсастықтарына қарай үкім шығарудың (қияс) шарттарын білуі тиіс. Міне, осы аталған ғылымның саласына «фиқһ усулі» деп атаймыз. Сондықтан да мүжтәһид ғалым «фиқһ усулі» білімінің қыр-сырын терең меңгеруі қажет. Фиқһ усулі білімінен бейхабар адам, Құран тәржімасын, тәпсірін, тіпті хадис сияқты салаларды жақсы білсе де, мүжтәһид бола алмайды. Қазіргі таңда бағзы біреулер хадис кітабының аудармасын тікелей алып, Ислами өмір сүруге тырысып бағуда. Ол дұрыс емес.

ғ. Фиқһ ғылымын білу:
Мүжтәһид қателеспей дұрыс шешім шығару үшін фиқһ кітаптарын оқып, зерттеуі қажет. Өйткені, өзге фиқһшылар мен мүжтәһидтердің көзқарастары мен сүйенген дәлелдерімен танысу, мүжтәһидтің ауқымды, кең ойлануына мүмкіндік беріп, оң шешім қабылдауына септігін тигізеді.

д. Ислам құқығының негізгі мақсаттарын білу:
Мүжтәһид діни үкімдердің қандай оқиғаға байланысты түскендігін, осы үкімдердің хикметі мен себептерінің қандай екендігін және де діннің, осы үкімдер арқылы қандай пайда көздегендігін, қандай зияннан сақтамақ болғандығын білуі шарт.

е. Қоғамның жағдайынан хабардар болу:
Яғни мүжтәһид Құран мен сүннетте нақты дәлелі жоқ мәселелерде, өзге де дәлелдерді (ижма, қияс) қолдана отырып, ең дұрыс шешімді табу үшін, адамдардың мұқтаждықтарын, олардың ахуалдарын, дінге сай келетін әдет-ғұрыптарды білуі тиіс.

2. Қабілет
Мүжтәһид ғалым болу үшін бірінші шарттардағы қағидаларды біліп қана қою жеткіліксіз болады. Дегенмен «құқықтық үкімдердің рухына ішкерлей ене алатын туа біткен зейінділік пен қабілет» болуы шарт. Жоғарыда айтып өткеніміздей бұл шарт кісінің болмысында болады, яғни еңбектенуінсіз жетуге болады. Аллаһ кейбір адамдарға туа біткеннен қабілеттілік, дарындылық береді. Мұндай қабілеті жоқ адамдар, үкімдердің себептері мен діннің қойған пайдаларын, оның сақтандырмақ болған зиянды нәрселердің түпкі негізін біле алмайды. Осының салдарынан қателіктерге бой алдырады. Қандайда бір тақырыпта әр түрлі дәлелдер айтылса да, қайсысының дұрыс екендігін ажырата алмай ортада қалады.

Сахабалар Пайғамбарымыздың сұхбаттарына қатысып, аяттардың қашан, қай жерде және қандай мәселеге байланысты түскенін, сонымен қатар хадистердің айтылған жерін, уақыты мен себептерін тіпті араб тілін жақсы меңгерсе де, бір мәселеге жолыққанда дереу үкім бермей, бұл мәселені алдымен төрт халифаға, содан кейін ибн Мәсғұд, ибн Омар, ибн Аббас сияқты һәм білімдар һәм фиқһ тұрғысынан қабілеті бар сахабаларға жүгінген.

Сондай-ақ Имам Ағзам мен Амәш деген есімімен танымал болған табиғун (сахабаларды көрген кісі) ғалымдарының бірі Сүлеймен ибн Миһранның арасындағы мына оқиға тақырыбымызға тамаша мысал болады:

Бір күні Имам Ағзам мен Амәштің арасында мынадай әңгіме өрбиді. Амәш:
- Мына мәселе жайлы не дейсің? - дегенде, Имам Ағзам:
- Бұл былай шешіледі - дейді. Амәш:
- Сен мұны қайдан шығардың? - деп түсінбеген кейіп танытқанда, Имам Ағзам:
- Сенен риуаят еткен хадистерден, - деп жауап бергеннен кейін бірнеше хадисті айтып өтеді. Сонда Амәш:
- Менің саған жүз күнде риуаят еткен хадистерді сен маған бір-ақ мезетте айтып бердің. Мен сенің бұл хадистерді қолданып жүргеніңді білмедім. Әй Фуқаһа жамағаты! Сендер дәрігерсіңдер біз болсақ дәріханамыз» - деді.

Амәштің сөзінің төркіні мынау еді: Баршаға мәлім болғандай дәріханадағылар дәріні қалай істейтінін және дәрі-дәрмектердің ерекшеліктерін жақсы білгенімен науқастарды емдей алмайды. Сондықтан науқастар емделу үшін дәріханашыларға емес, дәрігерге барады. Дәрігер науқастың ауыруын анықтап, қандай дәрі керектігін айтып, науқасты емдейді. Демек жоғарыда атап өткен шарттарды өз бойынан таба алмаған адам Құранның аудармасын, тәпсір, хадис іспетті өзге де ғылымдарды білсе де дәрі сатушы сияқты болады. Яғни халал мен харамның ара-жігін ажыратып нақты үкім бере алмайды. Фиқһшы дәрігерге ұқсайды, тәпсірші мен хадисшінің жеткізген аят пен хадистеріне қарай отырып, халал мен харамды ажыратып береді. Осыған байланысты мысалдарды көптеп айтуға болады, алайда оның барлығын айтып шығу мүмкін емес.

Қазіргі таңда білімнің иісі мұрнына да бармайтын кейбір адамдар, Құран мен сүннеттен үкім шығарып жүр. Бұл өкінерлік жайт. Аталмыш мәліметтер мұндай адамдардың, Құран мен сүннеттен үкім шығарудың шарттарын бойына жинақтаған мәзһабымыздың имамы Әбу Ханифа сынды мүжтәһид ғалымдарға еру керек. Бұл жайында Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай деген: «Егер білмесеңдер кітап иелерінен сұраңдар». (Нахыл сүресі 43-аят)

Қорыта айтқанда Ислам әлеміне кеңінен танымал төрт үлкен мәзһаб (Ханафи, Шафий, Малики, Ханбали) бар. Осы төрт мәзһабты мұсылман жұртшылығы он ғасырдан бері ұстанып келеді. Жоғарыда айтып өткен мәліметтерге қарап, мұсылмандар үшін ең тиімді жол, он ғасырдан бері ұстанып келе жатқан сенімді төрт мәзһабтың біреуін ұстану болып табылады. Дегенмен осы төрт мәзһабтың біреуін ғана ұстану керектігін ұмытпаған жөн. Төртеуін бірден ұстанамын немесе кейде анауына, кейде мынауына өтіп кетемін деп шатасуға болмайды. Өйткені мұндай әрекет һәм өмірдің жүйесін бұзады, һәм діннің негізіне қайшы келетін қателіктерге бой алдырады. Бұдан да сорақысы мұндай әрекет адамды салғырттыққа, яғни дінді өз қалауына қарай қолдануға апарып соқтырады. Ал бұл жағдай дінді ұстану емес, дінді өзінің ыңғайымен қолдануға жатады. Бірақ өзге мәзһабтағы үкімді орындауға мәжбүр болған жағдайда осы мәселені терең білетін маманынан міндетті түрде сұрау қажет.

AbdurrahimКүні: Сәрсенбі, 17.12.2008, 10:10 | Хаттар # 5
Тобыңыз: Қолданушылар
Сообщений: 31
Репутациясы:  ±
Ескерту:  ±
Статусы: Ажыратылған
Imam сізге АЛЛАҺ разы болсын мәліметтер үшін!!!!!!!!!!!

حَسْبِـيَ اللّهُ لا إلهَ إلاّ هُوَ عَلَـيهِ تَوَكَّـلتُ وَهُوَ رَبُّ العَرْشِ العَظـيم
IslamCom_KzКүні: Сәрсенбі, 17.12.2008, 10:54 | Хаттар # 6
Тобыңыз: Әкімшілік
Сообщений: 512
Репутациясы:  ±
Ескерту:  ±
Статусы: Ажыратылған
Quote (Asem)
жалпы махзаб деген дұрыс емес деген тұжырымды да естуім бар еді

осы сұхбаттағы ислам бөлімінде түсінік берілді ақида турасында http://islam.com.kz/forum/5-38-1#165

AsemКүні: Сейсенбі, 23.12.2008, 22:35 | Хаттар # 7
Тобыңыз: Қолданушылар
Сообщений: 6
Репутациясы:  ±
Ескерту:  ±
Статусы: Ажыратылған
salem Ас Саляму алейкум уа рахматуллахи уа баракатуху! Джазака Аллаху хайран! Рахмет коп коп. Аллах разы болсын!

Адам болган сон кул боламыз. Кул болган сон баримз бир нарсеге табынамыз. Менин табынарым бир Аллах.
YasinКүні: Дүйсенбі, 09.02.2009, 23:54 | Хаттар # 8
Тобыңыз: Модераторы
Сообщений: 3
Репутациясы:  ±
Ескерту:  ±
Статусы: Ажыратылған
arb ДінисламKZ
Zam84Күні: Сәрсенбі, 25.02.2009, 11:36 | Хаттар # 9
Тобыңыз: Модераторы
Сообщений: 2
Репутациясы:  ±
Ескерту:  ±
Статусы: Ажыратылған
Quote (ali-beken)
http://islam.com.kz/forum/5-38-1#165

arb
CҰХБАТ » ДІНИ МӘСЕЛЕЛЕР » Ағымдар туралы не білеміз? » Абу Ханифа деген кім және соның мазхабы? (намаз оқу жайында)
Страница 1 из 11
Поиск:

© 2008-2010 Cайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты ©2008-2010