| Әлемде талай қызық бар 107 жасқа келіп, жар іздейді Малайзияның 107 жастағы тұрғыны Вук Кундор тұрмысқа шыққысы келетінін жария етті. Кейуананың ендігі жары оның 23-күйеуі болмақ. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Вук әжей өзінің қазіргі 37 жастағы өмірлік серігімен ажыраспақшы. Оған күйеуі Мұхаммед Мұсаның жас келіншектермен әуре болып жүргені себеп. Енді 107-ге келсе де, қайраты қайтпаған Кундор тағы бір күйеуге шыққалы отыр. Журналистерге берген сұхбатында ол «өзімді жалғыз сезінгім келмейді» деп жауап берді. Вук Мұхаммед Мұсамен үш жыл некеде болды. Көңіл жарастырғанға дейін ер адам кемпірдің пәтерін жалдап тұрған. http://www.alashainasy.kz/?p=16351#respond
|