| Ел атауын неге аяақасты етеміз? Кейде мені бір ой мазалайды. Неге біз өз еліміздің атауын аяқасты етіп, қолжаулыққа айналдырамыз? Қай мемлекет өз елінің атауын қарғыс атқыр арақ пен темекіге апарып жапсырып жүр? «Қазақстан» деген қастерлі атты аялап, төбемізге көтерудің орнына, біз неге тұла бойы толған улы заттарға, ұрпағымыздың тамырына балта шабар шарап пен темекіге «Қазақстан» деген атауды апарып жапсырамыз.Өйтпесек бізді біреу ұрар ма еді. Қазір қай жерге барсаңыз да, «Қазақстан» темекісінің қорабы аяқасты болып жатыр. Әжетханада, күл-қоқыс арасында жатқан «Қазақстан» шарабының бос шөлмегі мен еліміз аттас темекі қораптарын көріп, қатты қынжыламын. Неліктен осы біз біле тұра қазіргі жойылмайтын ұлттық, елдік атауларымызды кез келген арақ-шарап, темекі өнімдеріне береміз? Ұлтыңды сүю үшін, алдымен ел атауын, Елтаңба, Әнұран, Ту және тағы басқасын сыйлай білуің керек. Ұлттық рух, ұлтжандылық деген содан басталады. Автор: Нұркен Тоқаев Сілтеме
|