Ангинамен ауырғанда - Қаперіңізде жүрсін - ОЙ САЛУ және ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР - CҰХБАТ
Әлі-Бекен мешіті
ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Жексенбі, 01.08.2010, 06:34
| RSS
Bookmark and Share
[ Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]
Страница 1 из 11
CҰХБАТ » ОЙ САЛУ және ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР » Қаперіңізде жүрсін » Ангинамен ауырғанда
Ангинамен ауырғанда
IslamCom_KzКүні: Бейсенбі, 11.02.2010, 13:05 | Хаттар # 1
Тобыңыз: Әкімшілік
Сообщений: 507
Репутациясы:  ±
Ескерту:  ±
Статусы: Ажыратылған
Ангинамен ауырғанда

* Он шақты інжір жемісін жарты литр сүтке қайнатып, тұнбаны күніне үш рет ыстық күйінде ауызда ұзақ ұстап тұрып жұту керек.
* Бір ас қасық ыстық сүтке 2-3 тамшы қызыл майды құйып, жылы күйінде күніне 2-3 рет қабылдаған жөн.
* Бір ас қасық кептірілген раушанның жапырағына бір стакан ыстық сүт немесе су құйып, қайнағанға дейін ысытылады. 15 минут қойып, жылы күйінде тамақты жақсылап шаю керек.
* Екі ас қасық кептірілген жалбызды (шалфейді) жарты литр суға салып қайнатып, 15 минуттай салқындатып қойып, бір ас қасық ас тұзын қосып, күніне 5-6 рет тамақты шайыңыз.
* Бір сарымсақты ұсақтап турап, үстіне бір стакан қайнаған жылы су құйып, бір сағаттан кейін сүзіп алып, бұл тұнбамен тамақты күніне бірнеше рет шаю керек.
* Ангина басталып келе жатқанда күніне бірнеше рет свежий қызылшаның шырынымен тамақты шаю көп көмектеседі. Қызыл қызылшаны стаканға ұсақтап турап салып, бір шай қасық сірке суын (алма сірке суы болады) қосып, шырынды 1-2 сағаттан соң пайдалануға болады. Даярланған шырынды тек бір тәулік ішінде ғана қолдану қажет.
* Жарты литр суға (бөлме температурасында) бір ас қасық ас тұзын салып, тұз әбден ерігенше жақсылап араластырыңыз. Оған 5-7 тамшы йод тамызыңыз. Бұл қоспамен күніне 2-3 рет тамақты шайыңыз.
* 20 г ( бір ас қасық) дәрілік календуланы бір стакан қайнаған суға салып, тұндырып, тұнбамен ауызды шайқау керек.
* Бүлдірген (ежевика) тамақтың ісініп, асқынуын басады, ангина мен бронхитті болдырмауға көмектеседі. Екі ас қасық бүлдірген жапыраған жарты литр қайнаған суға салып, бір сағат қойып қойған соң пайдалануға болады. Күніне 4 рет тамақтанардан бұрын екі ас қасықтан ішеді.

ГҮЛФИЯ ЕЛЕМЕСОВА


CҰХБАТ » ОЙ САЛУ және ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР » Қаперіңізде жүрсін » Ангинамен ауырғанда
Страница 1 из 11
Поиск:

© 2008-2010 Cайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты ©2008-2010