Аллаһ ешкімнің хақысын жібермейді - Өзекті мәселелер... - ОЙ САЛУ және ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР - CҰХБАТ
Әлі-Бекен мешіті
ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Жексенбі, 01.08.2010, 06:56
| RSS
Bookmark and Share
[ Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]
Страница 1 из 11
CҰХБАТ » ОЙ САЛУ және ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР » Өзекті мәселелер... » Аллаһ ешкімнің хақысын жібермейді
Аллаһ ешкімнің хақысын жібермейді
IslamCom_KzКүні: Жексенбі, 29.11.2009, 19:37 | Хаттар # 1
Тобыңыз: Әкімшілік
Сообщений: 507
Репутациясы:  ±
Ескерту:  ±
Статусы: Ажыратылған
Аллаһ ешкімнің хақысын жібермейді
Дөкей кабинетінде отыр. Қағаздарын жинастырып, шығарда секретаршасына:
— Бүгін Астанадан менің құрметті қонағым келе жатыр. Ұят болмасын, бір әдемі құрбыңды дайындап қой. Төртеуміз ғана отырамыз. «Демалатын» жерді дополнительно хабарлаймын.
Үйінде әйелі бөтен еркекпен звандасып, сыбырласып, сырласып жүр. Анда-санда трубаканы сүйіп-сүйіп қояды. Бойжеткен қызы теледидардан сериал көріп отыр. Шешесіне қарап қояды. Былқ етер емес. Шешесі трубканы сүйіп, қимай қоштасады.
Дөкей үйіне келеді. Диванда отырады. Әйелі:
— Қызың аттестатын алды. Директорына, завучына айтып жатып бағаларын тураладым. Енді жұмыс-жұмыс дей бермей, қалаға апарып, оқуға орналастырып келсеңші. Біреуге жаутаңдатпай жатақханада қайыршының күйін кешкізбей пәтер алып бер өзіне. Қатарынан кем болмай оқысын.
Дөкей дауыстап:
— Жансұлу!—дейді. Қызы келеді.
— Қандай оқуға түскің келеді?
— Бәрібір, әйтеуір мұғалім болмасам болды.
— Мұғалімнің несі жаман екен?
— Қойшы, өмір бойы миымды ашытып мектепте жүрем бе, жынды сияқты.
— Енді кім болғың келеді?
Қызы иығын қиқаң еткізеді. Шешесі:
— Несін сұрай бересің? Қай оқуда жақсырақ танысың болса, соған апара бермейсің бе? Баланың миын ашытып…
— Ойбай-ау, түсіруін түсіремін ғой. Бірақ адамның өз ойлаған мақсаты болу керек қой?
— Бастық болғым келеді—дейді қызы. Бәрі күледі.
— Сөйтпейсің бе бағанадан бері.
Әкесі, қызы, шопыры ауданнан шығып келеді машинамен. Қалаға жетеді.
Ресторанда универ деканмен бірге дастарханда отыр. Декан:
— Өзім оқытам, өзім қадағалаймын. Қызыңыз тек қана сабаққа келіп тұрса болды, қалғанын өзім реттеймін. Әкесі:
— Менің де естігім келгені осы сөз еді. Мына портфель менен сізге сыйлық болсын. Ал ішінде айтқан ставкаңыз толық бар. Кейінірек тағы керек болып жатса, хабар берерсіз. Жеткіземіз! Жеткізу үшін жүрміз ғой осында!
Екеуі қол алысады.
Түнжарымда Қыз дискотекада жұлқынып билеп жүр. Музыка бітеді. Үш-төрт қыз-жігіт құшақтасып шығып машинаға мініп кетеді.
Әйелі телевизор көріп телефонмен сөйлесіп отыр:
— Қайным-ау, ағаң тағы командировкаға кетті. Әйеліне қарауға уақыты жоқ. Бүгін кешке үйге келсеңші! Білесің ғой, үйде ешкім жоқ. Сен жақсы көретін тамақты дайындап қоямын.
Сылқылдап күледі.
— Алдымен келсеңші, қалғанын көреміз ғой.
Әйелі телевизор каналын ауыстырып отырады. Ауыстырған каналында имам уағыз айтып жатыр: «Құранда зинашы ерге зинашы әйел лайық, мүшрік ерге мүшрік әйел лайық екені анық айтылған» дегенде, әйел жақтырмай, телеканалды ауыстырып жібереді.
Дөкей қонақ үйге келіп орналасады. Газеттен «қыз» іздейді, звондайды. Бір әйел сөйлеседі:
— Қанша жастағы болсын. Ұлты кім болса да мейлі ме? Әлде өзіміздің қаракөздерден жіберейін бе?… Әрине… Әрине… Бәрін өзі жасайды, ұятқа қалдырмайды.
Қыз әкесі орналасқан қонақ үйге сутинер әйелдің «арнайы шақыртуымен» келе жатыр. Баспалдақта. Көкірегін ашып қояды.
Дөкей әндетіп телевизор қойып, әтір сеуіп, столды жайнатып қойған.
Қыз есікті қағады. Дөкей есікті ашып, қызын танып, жүрегін ұстап құлайды. «Жедел жәрдем» машинасы көшеде келе жатыр.
«Ненің қызығын көп көрсең, соның күйігін бір тартасың».

Серік Мақұлбекұлы


CҰХБАТ » ОЙ САЛУ және ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР » Өзекті мәселелер... » Аллаһ ешкімнің хақысын жібермейді
Страница 1 из 11
Поиск:

© 2008-2010 Cайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты ©2008-2010