| Спорт-жаңалықтары | | IslamCom_Kz | Күні: Сәрсенбі, 27.05.2009, 16:19 | Хаттар # 16 |
Тобыңыз: Әкімшілік
Сообщений: 512
Статусы: Ажыратылған
| Футбол: Бүгін «Манчестер Юнайтед» пен «Барселона» командалары арасында чемпиондар лигасының финалдық кездесуі өтеді Бүгін Италия астанасы Римдегі «Стадио Олимпико» стадионында футболдан Еуропа чемпиондары лигасының финалдық кездесуі өтеді. Қарт құрлықтағы ең мәртебелі турнирдің бас жүлдесін Англияның «Манчестер Юнайтед» және Испанияның «Барселона» командалары өзара сарапқа салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Манчестер Юнайтед» ақтық сынға қос ойынның қорытындысы бойынша екінші бір англиялық клуб «Арсеналды» ұтып шыққан болатын. Ал Барселона болса, үшінші бір англиялық клуб «Челсиден» айласын асырған еді. Айта кетейік, былтырғы маусымда «Манчестер Юнайтед» осы турнирді ұтып алып, Еуропаның ең мықты командасы атанған. Енді олар бұл атағын қорғауға тырысып бағатын болады. Әзірге бірде-бір клуб Еуропа чемпиондары лигасының кубогын қатарынан екі мәрте жеңіп алған емес. АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат
| |
|
| | | IslamCom_Kz | Күні: Дүйсенбі, 01.06.2009, 13:33 | Хаттар # 17 |
Тобыңыз: Әкімшілік
Сообщений: 512
Статусы: Ажыратылған
| 2014 жылы футбол әлем чемпионатын қабылдай алатын қалалардың тізімі бекітілді Футбол қауымдастықтарының халықаралық федерациясы (ФИФА) 2014 жылы футболдан әлем чемпионатының матчтары өтетін Бразилияның 12 қаласын бекітті. Бұл туралы Багама аралдарының елордасы – Нассау қаласында өткен ФИФА комитетінің мәжілісінен кейін жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. 2014 жылғы әлем чемпионатын қабылдау құқығына Рио-де-Жанейро, Сан-Паулу, Белу-Оризонти, Порту-Алегри, Куритиба, Салвадор, Ресифи, Натал, Форталеза, Манаус, Куяба және ел ордасы - Бразилиа қаласы ие болып отыр. ЦЮРИХ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат
| |
|
| | | IslamCom_Kz | Күні: Дүйсенбі, 01.06.2009, 13:38 | Хаттар # 18 |
Тобыңыз: Әкімшілік
Сообщений: 512
Статусы: Ажыратылған
| Қазақстандық палуандар еркін күрестен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды Қырғыз батыры Қожамқұлға арналған еркін күрестен халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстандық палуандар 96 киләға және 120 киләға дейінгі салмақ санаттарында табысты өнер көрсетті. Алғашқылардың бірі болып Абай Қарбай өз қарсыластарын жеңсе, екінші болып Андрей Сватковский олжалы оралды. 74 киләға дейінгі салмақта Әсет Дүкенбаев қазақстандықтардың қоржынына «күміс» салды. Жексенбі күні аяқталған мемориалдық турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Польша, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан палуандары қатысты. БІШКЕК. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат
| |
|
| | | IslamCom_Kz | Күні: Жексенбі, 20.12.2009, 18:24 | Хаттар # 19 |
Тобыңыз: Әкімшілік
Сообщений: 512
Статусы: Ажыратылған
| СЕНСАЦИЯ! Жайлауов әйгілі Тищенконы сабады Бокстан Ресейдің Ханты Мансы аймағының Югра қаласында «мұнайшы» елдер арасында кезекті әлем кубогы өтуде. Бұл сынға Қазақ елінің алты оғланы аттанған-ды. «Мұнайшы» елдердің біріншілігіне баланатын сынға Ресей, Қазақстан, АҚШ, Франция, Украина, Швеция, Молдова, Әзербайжан, Болгария, Армения, Сербия, Белоруссия, Латвия елдерінің былғары қолғап шеберлері қатысып жатыр. Жарыстың алғашқы күні қазақстандық 60 келіде сынға түскен Ғани Жайлауов биылғы бокс маусымындағы ірі сенсациялардың бірін жасады. Әлем, Олимпиада, Еуропа чемпионы һәм Ресей құрамасының көшбасшысы Алексей Тищенконы орыс жанкүйерлерінің көзінше сабады – 6:1. Бұл кездесуден кейін жартылай финалға аяқ басқан Жайлауов молдовиялық Василий Такумен жұдырықтасқан-ды. Ғанидың жеңіске жететініне сенімді едік. Алайда төрешілер жеңісті Молдова боксшысына «сыйлады». Үш раунд бойы қарсыласын сабаған Ғанидың еншісіне бар болғаны 2 ұпай жазды. Кездесу нәтижесі де көңілге күдік ұялатады – 2:3(!). Қош, сонымен бұйырып тұрған алтын, «әділетті» төрешілердің әрекетінен кейін уысымыздан сырғып кете барды. Қоржында – қола. 57 келі салмақта сынға түскен Ілияс Жақсылықов ширек финалда ресейлік Нүрәлі Әлиевке жол беріп (7:11), жарысты ерте аяқтады. 64 келі салмақта рингке беттеген Айдар Шәрібаев белоруссиялық Михаил Бакатуроға есе жіберді – 8:14. Ал Милан төріндегі әлем біріншілігінің ширек финалына дейін жеткен Рүстем Сыбаев бұл жолы 69 келі де күш сынасты. Өкінішке орай, Сыбаев ширек финалдық кездесуде сыр беріп, белоруссиялық Сергей Евстафьевке ұтылды – 4:6. Айтпақшы, бұл салмақта Серік Сәпиевтың Миландағы жолын кескен ресейлік Андрей Замковой да сынға түсуде. Замковой бүгін осы турнирдың ақтық сынында армениялық Эдуард Амбарцумян күш сынасады. 75 келіде шаршы алаңға шыққан Мұрат Құралбаев америкалық Терел Гашаға қауқарлық көрсете алмады. 91 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі үмітіміз Иван Дычко ширек финалдық бәсекеде әзербайжандық Фарид Пашаевты еліне ерте қайтарды – 10:1. Жартылай финалдық бәсекеде Дычко мен югралық боксшы Сергей Кузьмин кездесті. Бұл кездесуде отандасымыздың мысы басым болғанымен, «әділ қазылардың» кертартпа қылығының «арқасында» жеңіс ресейлік боксшының уысында кетті. Бұл кездесудегі әділетсіздікті орыс жұртының өзі мойындады. «В заключительном поединке встретились Иван Дычко из Казахстана и Сергей Кузьмин из Югорска. Невооруженным глазом были видны все преимущества казахского боксера. В росте Дычко превосходил Кузьмина примерно на полторы головы. После второго раунда счет равный – 2:2. Может и вправду стены дома помогают, а может югорский боксер просто собрался и выиграл. Да это уже не важно, почему. Главное, что Сергей Кузьмин представит Ханты-Мансийский автономный округ в финале тяжеловесов» (boxing-fbr.ru) Р.S. Әлемдік сын ертең өз мәресіне жетеді. Қазақстан құрамасы Югра төрінен қос қола жүлде иеленді. Қос қоламыз қос алтын болар еді… Әттең… Руслан МЕДЕЛБЕК.
| |
|
|
|