Астанада бокстан Қазақстан чемпионаты басталады - Cпорт-денсаулық кепілі - ОЙ САЛУ және ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР - CҰХБАТ
Әлі-Бекен мешіті
ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Сейсенбі, 07.09.2010, 14:32
| RSS
Bookmark and Share
[ Жаңа жазулар · Қатысушылар · Сұхбат тәртібі · Іздеу · RSS ]
Страница 1 из 11
CҰХБАТ » ОЙ САЛУ және ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР » Cпорт-денсаулық кепілі » Астанада бокстан Қазақстан чемпионаты басталады
Астанада бокстан Қазақстан чемпионаты басталады
abdulКүні: Жұма, 15.01.2010, 12:40 | Хаттар # 1
Тобыңыз: Әкімшілік
Сообщений: 19
Репутациясы:  ±
Ескерту:  ±
Статусы: Ажыратылған
Бүгін Астанада ересектер арасынба бокстан Қазақстан чемпионаты басталады.
Бұл туралы ҚазАқпаратқа Қазақстанның Бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.
Бұл федерацияның ағымдағы жылға жоспарлаған спорттық-бұқаралық, сауықтыру шаралары мен негізгі республикалық және халықаралық бокс жарыстарының күнтізбелік жоспарындағы алғашқы республикалық спорттық жарыс.
Чемпионатқа облыстардан және Астана, Алматы қалаларынан барлығы 14 команда қатысады.
Федерацияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, чемпионаттың негізгі жекпе-жектерін, жартылай финал мен финалдық кездесулерді «Қазақстан» телеарнасы трансляциялайтын болады.
Турнир қаңтардың 24-іне дейінгі аралықта «Дәулет» спорт кешенінде өтетін болады.
IslamCom_KzКүні: Жексенбі, 17.01.2010, 21:01 | Хаттар # 2
Тобыңыз: Әкімшілік
Сообщений: 512
Репутациясы:  ±
Ескерту:  ±
Статусы: Сайтта
Бокстан ересектер арасындағы ел чемпионатының бас судьясы - әлем чемпионы, КСРО-ның үш дүркін чемпионы Валерий Рачков
Кеше басталған бокстан ересектер арасындағы ел чемпионатының бас судьясы болып әлем чемпионы, КСРО-ның үш дүркін чемпионы Валерий Рачков бекіді. Бұл ақпаратты Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі таратып отыр.
«Шаршы алаңдағы жекпе-жектер өте әсері болады және беделді судьялар корпусы тарапынан жіті назарға алынады. Рингтегі бәсекенің әсерлігін осы чемпионаттың бас судьясы болып жерлесіміз, қазіргі уақытта ресейлік танымал маман Валерий Рачковтың белгіленуі дәлелдей түседі», делінген баспасөз хабарламасында.
Сонымен қатар тағы да 3 ресейлік судья жарысқа төрелік жасайды. Олар бейтарап рефери міндетін атқарып, шаршы алаңдағы бірқатар даулы мәселелерді шешуге қатысады.
Мандат комиссиясының мәліметтері бойынша, жарыс барысында 30 Қазақстан маманы да қызмет көрсетеді. Олардың жартысы халықаралық санаттағы төрешілер және барлығы да республикаға танымал мамандар.
Бас төрешінің орынбасары К.Манашевтің айтуынша, бұл бәсекелер барысында бірқатар жаңадан қызметке кіріскен жаттықтырушылар жұмыстарының қорытындысын жанкүйерлер мен мамандар бағалауға мүмкіндік алады.
Айта кетейік, ересектер арасындағы бокстан Қазақстан чемпионаты қаңтардың 15-інде елордадағы «Дәулет» спорттық теннис кешенінде басталды. Қаңтардың 20-ына дейін алдын ала жекпе-жектер өтеді. Қаңтардың 21-інде ширек финал, 22-сінде жартылай финал, ал қаңтардың 23-інде финалдық бәсеке болады.
Чемпионатқа 14 команда, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының құрамалары қатысуда. Барлық құрамалар байрақты бәсекеге 1-ші нөмірлі былғары қолғап шеберлерін әкелген.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, көрермен тарапынан бұл бәсекелерге қызығушылықтың мол болуына орай «Қазақстан» телеарнасы турнирдің жартылай финалы мен ақтық бәсекесін көрсетпек.
АСТАНА. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат

CҰХБАТ » ОЙ САЛУ және ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР » Cпорт-денсаулық кепілі » Астанада бокстан Қазақстан чемпионаты басталады
Страница 1 из 11
Поиск:

© 2008-2010 Cайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты ©2008-2010