| Ассаләму әлейкум, барша мұсылман қауым және сайт қолданушылары! Алдымен рамазан айы мүбарак болсын, Алла бәріміздің діни білімімізді арттырып, бізді хидаяттан тайдырмасын. Ислам діні жеңілдік діні, оны қолдан ауыртпашылық қылып алмайық, бауырларым. Мәселеге сабыр көзбен қарап, оның басқа да жағына назар аударайық. Мәселен, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ә.с.) айтқандай, балаларына, қазір, ата анасы олардың іс қимылдарына жауапты. Келісу керек, біздің мелекетімізде дін саясатқа араласа алмайды, яғни, шариғаттың заңдылықтарды толығымен мемлекет өміріне енгізе алмайды, соның ішінде мемлекеттік мекемелерде хиджап кию де кіреді. Әр мекеменің өз талаптары бар, соны сақтау, яғни тәртіпке бағыну, діннің қағидасын орындап, имандылықты білдіреді. Сабыр түбі сары алтын, Ұлы Алла сүбханәкә Тағала не істемеседе оған біз бағынамыз және ол бізді ешқашанда адасуға алып келмейді, соны мұқият есте сақтаңдар. Дұрысын Алла біледі. Ассаләму алейкум, сайт жамғаты!
|