5 Парыз - Ислами өлеңдер <!--%IFTH1%0%-->- <!--%IFEN1%0%--> - Каталог файлов - Руханият діни танымдық сайты
Әлі-Бекен мешітіЖұма, 10.09.2010, 10:09
| RSS
Сайт мәзірі

Каталог категориясы
Мои файлы [32]
Арман уағыздары [21]
Дарын уағыздары [0]
Ислами өлеңдер [1]
Мешіт [3]

Шағын-чат

Сауалнама
"Қазақ тілінің болашағы - Қазақстанның тәуелсіздігінде."
Жауап берілді: 241

Негізгі бет » Аудио видео уағыздар » Ислами өлеңдер

5 Парыз
[Серверден жүктеу () ] 30.11.2008, 03:03
Бес парыз

Өлеңді жазған: Серік Мақұлбекұлы Қалиев,
Орындаған: Құрмаш.

Болған соң мойнымдағы бас қарызым,
Айтайын өтер-өтпес досқа арызым.
Жәннатқа жақсы істермен жарысайық,
Орындап мұсылманның бес парызын.

ИМАНДЫ баға жетпес нұрға бала,
Ақылды адам одан құр қала ма?
Дүниені әркімдерге-ақ берген Раббым,
Дінді тек берер сүйген құлға ғана.

Ендеше, дін тірегі – НАМАЗ дейді,
Намазбен пенде Алладан пана іздейді.
Құлшынып құлшылығын арттырғандар,
Құраннан ешқашан да ара үзбейді.

Тұтпаса уағымен ОРАЗАНЫ,
Адамның тәні толып, жаны азады.
Тұрмаса тізгінделіп тіл мен нәпсі,
Тозақтың сенде дей бер бар азабы.

Парызды сонан соңғы «ЗЕКЕТ» дейді,
Қолыңа нелер келіп, не кетпейді?
Бергенің береке боп Ақыретте,
Жұмақтың биігіне жетектейді.

Алланың түссе саған назары асыл,
Сүймейсің бос мақтан мен сөз аласын.
Ин ша Алла, қабыл болса ҚАЖЫЛЫҒЫҢ,
Анаңнан туылғандай тазарасың.

Жаратқан «бай, кедей» деп жіктемейді,
Жалқаулық, сараңдыққа құп демейді.
Қиын жоқ бес парызда, біздерге Алла,
Келместі қолымыздан жүктемейді.

Категориясы: Ислами өлеңдер | Ендірген: IslamCom_Kz | Авторы: Әні: Қ.Махан. Сөзі: С.Қалиев
Көрілді: 389 | Жүктелген: 15 | Пікірлер: 7
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

Іздеу

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 3
Қонақтар: 3
Қолданушылар: 0

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010