Негізгі бет » 2009 » Қазан » 8 » [08.10.2009.] Қостанайлықтар «ислам және өркениетке» көптеп жазылуда
[08.10.2009.] Қостанайлықтар «ислам және өркениетке» көптеп жазылуда
18:02
Үстіміздегі жылдың тамыз айының басында облыстық «Марал ишан» мешітінде өңірдегі қалалық және аудандық мешіттердің бас имамдары бас қосты. Онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Ертай қажы Балахметов оларды 2010 жылға республикалық діни-танымдық «Ислам және өркениет» газеті мен «Иман» журналына жазылуда белсенділік танытуға шақырған еді. Міне, содан бері де біраз уақыт өтті. Қазір облыс бойынша аудан және қала имамдарының тікелей ұйытқы болуының арқасында мұсылман бауырларымыз 1500 дана «Ислам және еркениет» газетіне жазылды. Сонымен қатар, танымдық жағы мол «Иман» журналына жазылу одан әрі жалғасуда. Сондай-ақ, облыстық мешітке келіп, аталған басылымдарға жазылуға тілек білдірушілер де аз емес. Оқырмандар қауымы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің тікелей қолдауымен шығып жатқан газет пен журналға аса құрметпен қарайды. Басылымдардың әрбір нөмірін үйлеріне келер құтты қонағындай асыға күтіп отырады. Қостанайлықтар Бас мүфти Әбсаттар қажының «Исламның жауһарлары мен жәдігерліктері» және «Қазақстанның мешіттері мен медреселері» деп аталатын аса құнды кітаптарының жарық көріп, қалың жұртшылықтың рухани игілігіне айналғандығына да қуанышты. Ғұлама ғалымға алдағы уақытта да тың шығармашылық табыстар тілейді. Жалпы, облыста «Ислам және өркениет» газеті мен «Иман» журналын жұртшылыққа насихаттауда облыстың Бас имамы Ертай қажы Балахметтің сіңіріп жатқан еңбегі зор. Ол жылда осы баспасөзге жазылу қорытындысы бойынша аса белсенділік танытқан аудан, қала имамдарын марапаттауды да дәстүрге айналдырған. Оразалы ЖАҚСАНОВ. http://muftyat.kz