| Сайт мәзірі | |
|  |
| Жаңалықтар бөлімі | |  |
| Шағын-чат | |
|  |
| Сауалнама | |  |
|
Негізгі бет » Әлем жаңалықтары
|
|
Украина Президенті Виктор Янукович елдегі бірден-бір мемлекеттік тіл украин тілі болады деп мәлімдеді, деп хабарлайды РБК агенттігі. Бұл туралы ол Каневте ақын Тарас Шевченконың туған күніне арналған салтанатта сөйлеген сөзінде айтты. Бұдан басқа, мемлекет басшысының айтуынша, Украинада міндетті түрде Еуропалық аймақтық тілдер хартиясы енгізіледі. Айта кетерлігі, 2009 жылғы қыркүйектің 2-сінде Аймақтар партиясының көшбасшысы болып тұрған кезінде Янукович егер Украина президенті болып сайлана қалсам, орыс тілі екінші мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы үшін қолда... Жалғасы »
Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 1 | Уақыты: Бүгін
| Рейтингі: (0) | Пікірлер: (0) | Ендірген: IslamCom_Kz |
|
|
|
Мұсылман дүниесінің беделді уағызшысы, дін ілімінің докторы Тахир Кадри Лондонда лаңкестікке және өздерін-өздері жарып, жан пида ететін жанкештілерге қарсы бүкіләлемдік пәтуа басып шығармақ ниетте, деп хабарлайды Kazakhstan Today ВВС орыс қызметіне сілтеме жасап. Ұлыбританияда тұратын Пәкістан текті доктор Кадри 600 беттен тұратын өз еңбегі "Әл Каиданы" идеологиялық тұғырнамадан айырады деп мәлімдеген. Усама бен Ладеннің желісінің өзін дін уағызшысы "жаңаша ат жамылған кәрі зұлмат" деп атай... Жалғасы »
Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 16 | Уақыты: 04.03.2010
| Рейтингі: (0) | Пікірлер: (0) | Ендірген: abdul |
|
|
|
Чилиде зілзала құрбандарының саны 700 адамнан асты. Бұл туралы ел президенті Мишель Бачелет ханым мәлім етті, деп хабарлайды РБК агенттігі. Бұған дейінгі ақпараттарда 400 адамның қаза болғандығы хабарланған болатын. Бірақ та, мұның барлығы алдын ала мәліметтер. Сантьягода және елордаға жақын маңдағы аудандарда үйінділер енді тазартыла бастады. Елдің басқа өңірлерінен апат құрбандары туралы алғашқы мәліметтер енді түсіп жатыр. Апат салдарынан Консепсьон ж... Жалғасы »
Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 22 | Уақыты: 01.03.2010
| Рейтингі: (0) | Пікірлер: (0) | Ендірген: abdul |
|
|
|
«Бәтеңке лақтыру» үрдісі Испанияға жетті: бұл жолы Түркия премьері нысана болды. Оқиға мәдениетаралық байланыстарды дамытуға қосқан үлесі үшін Реджеп Ердоғанға «НОДО» қорының сыйлығын табыс ету кезінде, Испанияның Севилья қаласында орын алды. Түркия БАҚ-тары таратқан ақпаратқа сілтем жасап Associated Press агенттігінің хабарлауынша, бұзақының шабуылына Түркия үкіметінің басшысы марапаттау рәсімі өткен ғимараттан ш... Жалғасы »
Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 31 | Уақыты: 23.02.2010
| Рейтингі: (0) | Пікірлер: (0) | Ендірген: IslamCom_Kz |
|
|
|
Бейжің АҚШ Президенті Барак Обаманың Далай-ламамен кездесу фактісіне «қатты қынжылып отыр». Бұл туралы бүгін Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ма Чжаосюй мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі. «Осындай қадамға барған американ тарапы халықаралық қатынастардың негізгі нормасын, үш бірлескен қытай-американ коммюникесінен және бірлескен қытай-американ мәлімдемесінен туындайтын қағидаларды бұзып отыр», - деп хабарлайды қыта... Жалғасы »
Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 29 | Уақыты: 19.02.2010
| Рейтингі: (0) | Пікірлер: (0) | Ендірген: abdul |
|
|
|
Google компаниясы екі жыл ішінде секундына 1 ГБ-қа дейін қолжетімділік жылдамдығындағы желіні құруды жоспарлап отыр, ол қазіргі жылдамдыққа қарағанда 100 есе артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. 500 мыңға дейінгі пайдаланушыларды қосуға қабілетті экспериментальдық оптика-талшықты желі 2011 жылы құрылуы мүмкін. Қызметтердің құны айтылмайды, алайда компания оның «бәсекеге қабілетті» болатынына сенімді. АСТАНА. Ақпанның 16-і. ҚазАқпарат
Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 22 | Уақыты: 17.02.2010
| Рейтингі: (0) | Пікірлер: (0) | Ендірген: abdul |
|
|
|
Еуроодақ мемлекеттерінде кедейлік пен оқшаулау проблемасын шешу - мұсылмандарға қоғамның еті үйренуіне оң әсер етпек. Анда-санда Еуропаның әр тұсында ксенофобиялық пиғыл байқалғанымен, ондағы жұрт өздеріндегі мұсылман қауымдастығына үйреншікті жайт ретінде қарайды. ӨЗАРА СЫЙЛАСТЫҚ ПЕН ТӨЗІМДІЛІК ТАПШЫЛЫҒЫ Бельгиялықтар Брюссельді қауіп-қатерге толы қала деп санайды. Олардың ойынша, аталған қаланың кедейлер тұратын махаллаларын негізінен Мароккодан келген және басқа да келімсек топтар ортасынан шыққан... Жалғасы »
Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 32 | Уақыты: 15.02.2010
| Рейтингі: (0) | Пікірлер: (0) | Ендірген: abdul |
|
|
|
Егемен Бағыш діни топтардың Түркия тарихи байлықтарына қосқан үлесін бағалады Мемлекеттік министр және бас келіссөзші Егемен Бағыш пен Еуропа Одағы Бас хатшысы Волкан Бозқыр Түркияда болған діни қоғамдардың өкілдеріне Стамбұлда бір қонақасы берді. Қонақасында сөз сөйлеген Егемен Бағыш діни топтардың Түркияның тарихи байлықтарының бір көрсеткіші болғанын, сондай-ақ нысаналарының сенім және ғибадаттардың еркін түрде орындалатын бір кешірімді ортаны қамтамасыз ету болғанын айтты.
trt.gov.t... Жалғасы »
Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 19 | Уақыты: 13.02.2010
| Рейтингі: (0) | Пікірлер: (0) | Ендірген: IslamCom_Kz |
|
|
|
Амстердам қаласының әуежайында бір миллион 300 мың доллар тұратын 9 келі кокаин тәркіленді. Есірткі Оңтүстік Америкадан Әулие Валентин күніне арнайы жіберілген раушангүлдерде жасырылған. 20 мың раушангүлден тұратын жүк Амстердамға Колумбиядан жөнелтілді. Целлофан пакетіне оралған кокаинді гүлдер салынған контейнерлердің біріне тыққан. Осы оқиға қатысы бар деген күдікпен ұсталған үш адамнан да есірткі тәркіленді. Нидерланды әлемдегі ең басты гүл нарығы саналады. Бұл елдің үлесіне бүкіләлемдік гүл экспортының 60 пайызы т... Жалғасы »
Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 23 | Уақыты: 11.02.2010
| Рейтингі: (1) | Пікірлер: (0) | Ендірген: IslamCom_Kz |
|
|
|
Дипломат өз қалыңдығының бетін сүйгісі келіп, хиджабын көтеріп қалғанда, алдынан мүлдем басқа әйел шыға келген. Неке келісім-шартына қол қоймас бұрын, ол өзінің келешек жарымен бірнеше рет кездескен. Және қыздың беті ислам дәстүріне сәйкес, үнемі жабық болатын. Ал, құжатқа қол қойып, күйеу жігіт айтулы оқиғаны бет сүю арқылы атап өткісі келгенде, қалыңдықтың көзі қыли ғана емес, сондай-ақ, мұртты болып шықты. Қырсық шалған күйеу жігіттің аты-жөні және елшіліктегі оның толық лауазымы айтылмады, - деп хабарлайды Де... Жалғасы »
Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 57 | Уақыты: 11.02.2010
| Рейтингі: (0) | Пікірлер: (0) | Ендірген: IslamCom_Kz |
|
|
|
Адам темекі түтінін жұтпаса да шылым қатерлі ісікті туындатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап. Калифорния штатында орналасқан Берклидегі Лоуренс (Lawrence Berkeley National Laboratory) атындағы Ұлттық зертхананың Хьюго Дестайллатс (Hugo Destaillats) жетекшілік еткен бір топ американдық ғалымдар осындай байлам жасады. Темекідегі алкалоид никотині темекі тартылған бөлменің немесе шылымқорлар автокөліктері салонының үстіңгі қабаттарына жинақталып қалады. Зерттеу барысында ға... Жалғасы »
Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 21 | Уақыты: 11.02.2010
| Рейтингі: (0) | Пікірлер: (0) | Ендірген: IslamCom_Kz |
|
|
|
Небәрі бір жарым жасқа толған қытайлық бүлдіршін жүкті болды. Оның ішінде жақында дүниеге келетін егіздің сыңары жатыр. Дүниеге келгенде денсаулығы мықты, ешқандай ақауы жоқ болып туылған бұл бүлдіршіннің уақыт өте іші ісіне бастайды. Небәрі бірнеше айдың ішінде толысып, салмағы артқан сәбиді дәрігерлер көріп таң қалған екен. Дәрігерлік тексеруден кейін оның ішінде сыңарының жатқандығы белгілі болады. «Мұндай жағдай жиі кездесе бермейді, – дейді дәрігерлер. – Егіз шараналар даму кезеңінде бірін... Жалғасы »
Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 214 | Уақыты: 11.02.2010
| Рейтингі: (0) | Пікірлер: (0) | Ендірген: IslamCom_Kz |
|
|
|
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдары Швейцарияда мешіт салуға қарсы референдум өткізуге бастамашы болып, исламға қарсы үгіт-насихат жүргізген Швейцария халықтық партиясының бұрынғы мүшесі Даниэль Стрейч осы күнге дейінгі ойынан айнып, қолына Құран ұстады. Швейцариялық ультраоңшыл саясаткер және белгілі антиисламшыл азамат Даниэль Стрейч өзінің ағат істеріне өкініп, мұсылман дінін қабылдады. Ол Иран Ислам Республикасының «Әл-Алам» телеканалына берген сұхбатында өзін ендігі жерде мұсылманмын деп мәлімдепті. Қоғ... Жалғасы »
Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 24 | Уақыты: 10.02.2010
| Рейтингі: (0) | Пікірлер: (0) | Ендірген: IslamCom_Kz |
|
|
|
Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында Мәскеудегі орта мектеп пен ірі көшенің біріне- Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қайсар ұлы, жауынгер-жазушы Бауыржан Момышұлының есімі берілетін болды. Мұндай ұсынысты Мәскеу үкіметіне Отан соғысы ардагерлерінің Халықаралық Одағы жасап отыр. Бұл қуанышты жаңалық «Аты аңызға айналған Батыр» атты Бауыржан Момышұлы туралы кітаптың тұсау кесер рәсімі кезінде айтылды. Мәскеудегі салтанатты кештен Думан Мұхаметкәрім. Аты аңызға айналған батыр – Бауыржан Момышұлы жайлы жаңа кітап... Жалғасы »
Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 71 | Уақыты: 08.02.2010
| Рейтингі: (1) | Пікірлер: (0) | Ендірген: IslamCom_Kz |
|
|
|
«Бала кезінде сүт өнімдерін үзбей қолданған адамдар жүрек талмасымен ауырмайды». Бірлесіп зерттеу жүргізген Австралия мен Ұлыбритания дәрігерлері осындай қорытындыға келіп отыр. Сүт өнімдерінің жүрек ауруларының алдын алуға әсерін анықтау үшін ғалымдар зерттеуді 1948 жылы бастаған. Сол жылы дүниеге келген 4500 бала бақылауға алынды. 2005 жылы жастары шамамен 55-тен асқан олардың 35 пайызға жуығы жүректің коронарлы ауруынан және инсульттен қайтыс болыпты. Дәрігерлер марқұмдардың 4 пен 11 жас аралығындағы с... Жалғасы »
Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 43 | Уақыты: 05.02.2010
| Рейтингі: (0) | Пікірлер: (0) | Ендірген: IslamCom_Kz |
|
|
|
|
| Кіру/тіркелу | |
|  |
| Жаңалықтар күнтізбесі | |  |
| Іздеу | |  |
| Жаңалықтар мұрағаты | |  |
| Діни сайттар | |  |
|