Руханият діни танымдық сайты -
Әлі-Бекен мешіті

ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Жұма, 12.03.2010, 01:11


| RSS
Сайт мәзірі

Жаңалықтар бөлімі
Әлем жаңалықтары [731]
ҚМДБ жаңалықтары [127]
Ислам жаңалықтары [124]
Өзекті мәселелер [290]
Сұрақ-жауап [21]
Асыл-арна жаңалықтары [1]
Ел жаңалықтары [715]
Уағыз-насихат бөлімі [71]

Шағын-чат

Сауалнама
Сiзге дағдарыс қаншалықты әсер етуде
Жауап берілді: 54

Негізгі бет » ҚМДБ жаңалықтары
«ВАЛЕНТИН КҮНІ»:
рухани азғындау мен коммерциялық мүдде
Міне, ақпан айы басталғалы дүкендер мен базарлар қызыл-сары жүрекшелерге, ленталар мен басқа да заттарға толып кетті. Тіпті, бірер аптадан кейін көше-көшенің барлығы базарға айналады. Олардың барлығы «Қасиетті Валентин күнінің» өзіндік белгілеріне айналған жоғарыдағыдай сыйға тартар бұйымдарды саудаға шығарады. Осы мерекенің тойлануына мүдделі топтар өз саудаларын жүргі... Жалғасы »

Категориясы: ҚМДБ жаңалықтары | Көрілді: 223 | Уақыты: 12.02.2010 | Рейтингі: (3) | Пікірлер: (0) | Ендірген: IslamCom_Kz

Біздің ата-бабамыз Исламды VІІІ - ІX ғасырлар аралығында қабылдады. Асыл діннің біздің аймақта таралуына байланысты қазақ жерінің оңтүстігі мен Сыр бойында Отырар, Исфиджаб, Тараз, Баласағұн, Түркістан, Сығанақ, Жент, Баршынкент сынды ғылымы мен мәдениеті дамыған қалалар пайда бола бастады. Ол шаһарлардан есімдері әлемге әйгілі көптеген ғұламалар мен оқымыстылар шықты.
Халқымыз басынан небір тар жол, тайғақ кешулерді өткізді. Бұл исламның дамуына да үлкен кедергі болды. Әсіресе, XІІІ ғасырдағы моңғол мен ... Жалғасы »

Категориясы: ҚМДБ жаңалықтары | Көрілді: 71 | Уақыты: 27.01.2010 | Рейтингі: (0) | Пікірлер: (0) | Ендірген: abdul

Намазхана мен хижаб мәселесі
Шығыс Қазақстанның Өскемен өңірі - қандастарымыздың үлес-салмағы азырақ, өзге отандастарымыздың қалыңырақ қоныстанған аймағы. Мұнда Әділет департаментіне сенім-нанымына байланысты дәстүрлісі және дәстүрсізі бар неше түрлі діндер мен ағым, секта, топтарды білдіретін 400 діни бірлестік тіркелген. Тіркелмегені де аз ұшыраспайды. Оның ішінде ислам атын жамылған екеуі назар аудартады. Соның бірі - әлемдік дін ғұламаларының шешіміне сәйкес исламнан тыс деп жарияланған, бұл күнде... Жалғасы »

Категориясы: ҚМДБ жаңалықтары | Көрілді: 85 | Уақыты: 25.12.2009 | Рейтингі: (1) | Пікірлер: (0) | Ендірген: gulek

Жалақорға жауап

«ЖАПТЫМ ЖАЛА, ЖАҚТЫМ КҮЙЕ» деушінің арамызда жүргені өкінішті-ақ.
Қай заманда да «жаптым жала, жақтым күйе» деуші, ішегіне шынтақ айналмайтын көре алмаушылар болған. Соның бүгінгі бір мұрагері Әзірет Барбол деген жасырын атты жамылып арамызда жүр екен. Оның тілі мен жағына Тасша баланың қырық өтірігіне бергісіз ұзақ сонар «Уаххабизм қаупі» немесе, ҚМДБ-ның былығы» атты «детективі» әр саны асыл дінімізге тиіспей шықпайтын «Қазақстан» газетінде (№38 (278) бейсенбі, 22-қазан, 2009 ж... Жалғасы »

Категориясы: ҚМДБ жаңалықтары | Көрілді: 90 | Уақыты: 12.12.2009 | Рейтингі: (0) | Пікірлер: (1) | Ендірген: IslamCom_Kz


Намаз оқып болғаннан кейін мұсылмандардың бір-бірімен қол алысып «Қабыл болсын» айтуы шариғатта жазылған және мұны әрдайым орындаған дұрыс. Бұл - адамдар арасын жақындастырады, бауырмалдықтың артуына себепші болады.
Бұған төмендегі хадистер дәлел бола алады. Язид ибн әл-Асвада жеткізген хадис бойынша, ол бір күні пайғамбарымыз Мұхаммедпен (с.ғ.с.) бірге таңғы намазды оқиды. Намаз біткенде адамдардың бәрі Аллаһ Елшісінің (с.ғ.с.) қолын алып, бет-терін сипап жатады.  Язид  та солай істейді де: «Мен бұған дей... Жалғасы »

Категориясы: ҚМДБ жаңалықтары | Көрілді: 86 | Уақыты: 12.12.2009 | Рейтингі: (0) | Пікірлер: (0) | Ендірген: IslamCom_Kz

Қымбатты отандастар! Баршаңызды әлем мұсылмандарының ұлық мерекесі - Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күнді барша мұсылман бауырларымыз асыға күтті. Себебі, бұл Алла разылығы үшін мал шалынып, ақ түйенің қарны жарылатын күн. Қажылық өтеушілер қасиетті Қағбаға жүзін қаратып, Арафат жазығында күні бойы құлшылық жасап, Жаратушы Иемізден ізгі тілек тілейді.
Құрбандық шалудың мәнісін ұғыну үшін, ең алдымен, құлшылықтың не үшін жасалатынын білген абзал. К... Жалғасы »

Категориясы: ҚМДБ жаңалықтары | Көрілді: 105 | Уақыты: 27.11.2009 | Рейтингі: (1) | Пікірлер: (0) | Ендірген: IslamCom_Kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі, ҚМДБ ғұламалар кеңесі және ҚР Алматы қалалық обсерватория орталығының зерттеу нәтижесі бойынша хижраша 1430 жылдың зул-хиджа айының 10-жұлдызы (Құрбан айт), милади бойынша 2009 жылдың қараша айының 27-жұлдызына сәйкес келетіндігін анықтады.
Бұған қатысты Түркия, Ресей ғалымдарының да жауабы бізбен бірдей шықты. Сондықтан, 2009 жылдың 27 қарашасы (хижраша 1430, 10-зул-хиджа) - құрбан айттың... Жалғасы »

Категориясы: ҚМДБ жаңалықтары | Көрілді: 86 | Уақыты: 26.11.2009 | Рейтингі: (0) | Пікірлер: (0) | Ендірген: IslamCom_Kz


...Біздің ата дініміз Ислам дінімен сан ғасыр өмір сүргенімен, бүгінде хид-жабты бөтен бір әлем деп қабылдай-тындар аз емес. Ал өзіңіз хиджаб киюге қалай келдіңіз?
Айша КЕҢЕСБАЙ:
- Шындығында, хиджаб кию, әуелгіде, мен үшін де қиындау көрінгенімен, оған тәуекел етуім Аллаһтың мейірімі деп есептеймін. Өйткені, мен жүрген ортада нағыз қазіргі заман заңдылықтары салтанат құрған еді. Әрі хиджаб кию парыз екенін де біле қоймадық. Аллаһқа шүкір, жу... Жалғасы »

Категориясы: ҚМДБ жаңалықтары | Көрілді: 121 | Уақыты: 24.11.2009 | Рейтингі: (1) | Пікірлер: (1) | Ендірген: IslamCom_Kz

Рамазан айының ізін ала Алматы Орталық мешіті өзінің www.meshit.kz cайты арқылы «Қажылық - Исламның қасиетті парызы», «Ислам - келісім және бірлік діні» және «Ұлт діңгегі, ұрпақ мұраты - Ислам» тақырыптары бойынша бәйге жариялаған еді. Әр тақырыптың бір-бір жеңімпазына үлкен қажылыққа тегін жолдама беру ұйғарылған болатын.
Бәйгеге қазақ және орыс тілдерінде жазылған 30 мақала түсті. Құрамында 5 кісіден тұратын (Ә.Дәуренбеков, ҚМДБ-н... Жалғасы »

Категориясы: ҚМДБ жаңалықтары | Көрілді: 112 | Уақыты: 04.11.2009 | Рейтингі: (0) | Пікірлер: (0) | Ендірген: Fatima

null17 қазан күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі арнайы іссапармен Шымкент қаласына келді. Дінбасыны облыс орталығына кіре берістегі қақпадан ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек пен бір топ зиялы қауым өкілдері  күтіп алды. Арнайы көлікке жайғасқан бір топ қонақтар Түркістан қаласына аттанып кетті.
18 қазан күні  Түркістан қаласы, Бабайқорған ауылдық округінде ж... Жалғасы »

Категориясы: ҚМДБ жаңалықтары | Көрілді: 105 | Уақыты: 20.10.2009 | Рейтингі: (0) | Пікірлер: (0) | Ендірген: IslamCom_Kz

Үстіміздегі жылдың тамыз айының басында облыстық «Марал ишан» мешітінде өңірдегі қалалық және аудандық мешіттердің бас имамдары бас қосты. Онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Ертай қажы Балахметов оларды 2010 жылға республикалық діни-танымдық «Ислам және өркениет» газеті мен «Иман» журналына жазылуда белсенділік танытуға шақырған еді.
Міне, содан бері де біраз уақыт өтті. Қазір облыс бойынша аудан және қала имамдар... Жалғасы »

Категориясы: ҚМДБ жаңалықтары | Көрілді: 127 | Уақыты: 08.10.2009 | Рейтингі: (0) | Пікірлер: (0) | Ендірген: IslamCom_Kz

Қадірменді мұсылман қауым! Егер «Ислам және өркениетке» республика аумағындағы тұрғылықты жерлердегі мешіттер арқылы жазылсаңыздар, онда бір жылдық жазылым үшін бар болғаны 1250 теңге ғана төлейсіздер. Ал, пошта бөлімшелерінде «Ислам және өркениет» газетіне 1 жылға жазылу бағасы 1877 теңге 93 тиынды құрайды. Өздеріңіз байқағандай, сүйікті басылымдарыңызға мешіттер арқылы жазылу анағұрлым тиімді. Олай болса, осы мүмкіндікті пайдаланып, «Ислам және өркениетке» уақытысында жазылуға асығыңыздар!... Жалғасы »

Категориясы: ҚМДБ жаңалықтары | Көрілді: 110 | Уақыты: 08.10.2009 | Рейтингі: (0) | Пікірлер: (0) | Ендірген: IslamCom_Kz

ІХ-ХХ ғасырларда салынған Қазақстан мешіттері мен медреселерінің тарихы, сондай-ақ аталмыш кезеңде өмір сүріп, дін исламға қызмет еткен рухани шамшырақтарымыз жайлы бұрын-соңды арнайы толыққанды жазылған да, зерттелген де емес. Әйтсе де, еліміздің өмірінде олардың атқарған рөлі аса зор. Мешіттер мен медреселер жайын зерделеуге өз кезінде патшалық Ресей мен кешегі атеистік кеңес үкіметі де құлықты бола қойған жоқ, әрі оған жол да, мүмкіндік те бермеді.
Ресей тарихшылары өткен ғасырларда, негізінен, Орт... Жалғасы »

Категориясы: ҚМДБ жаңалықтары | Көрілді: 201 | Уақыты: 24.09.2009 | Рейтингі: (1) | Пікірлер: (0) | Ендірген: IslamCom_Kz


Еліміз тәуелсіздік алғалы бері Қостанай өңірінде де мешіттер саны көбейіп келеді. Соның бірі - бүгін сөз еткелі отырған Рудный қаласындағы Сарыбай қажы атындағы мешіт. Оның Бас имамы Жамбыл облысындағы Меркі медресесінің түлегі Сейіт қажы Нұрқанов. Ол осының алдында «Марал ишан» мешітінде азаншы болып жұмыс істеді. Бас имам Ертай қажы Балахметовтың тәлім-тәрбиесін көрді.
Кеншілер қаласындағы бұл киелі орын қысқа мерзім ішінде салынды. Оны аталған шаһардағы «Архидизайн - 2008» фирмасы, ал мешіттің негізгі демеушісі, әрі оған тікелей ұйытқы болған «Соколов-Сарыбай» кен байыту өндірістік бірлестігінің президенті, дін жанашыры Мұхамеджан Турдахунов.
Бір тоқтала кетер жай, мешіттің сырты қандай әсем болса, іші де сондай көз тоярлықтай. Мұнда намаз оқитын екі ерлер және екі әйелдер залы бар. ... Жалғасы »

Категориясы: ҚМДБ жаңалықтары | Көрілді: 106 | Уақыты: 23.09.2009 | Рейтингі: (0) | Пікірлер: (0) | Ендірген: Dinislam_Kz

Тәуелсіз еліміз Қазақстанның Конституциясында Ислам дінінің елімізде еркін насихатталуына кепілдік берілген. Бұл - мешіттеріміздің халықпен етене жұмыс жасауына берілген үлкен мүмкіндік дер едік. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Сындарлы он жыл» атты кітабында айтқандай, енді Ислам тарапынан болатын қауіп-қатер туралы емес, ... Жалғасы »

Категориясы: ҚМДБ жаңалықтары | Көрілді: 110 | Уақыты: 23.09.2009 | Рейтингі: (0) | Пікірлер: (0) | Ендірген: Dinislam_Kz

1 2 3 ... 8 9 »
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

Жаңалықтар күнтізбесі
«  Наурыз 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Іздеу

Жаңалықтар мұрағаты

Діни сайттар

Санақ
Rambler's Top100
Сайт зияратшылары: 4
Қонақтар: 4
Қолданушылар: 0


Бүгінгі зияратшылар:
Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: Айман
Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 967
Осы ай ішінде: 64
Осы апта ішінде: 11
Кеше: 4
Бүгін: 0


Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010