Біз секілді әлсіз құлдарын иман нұрымен ризықтандырған Хазіреті Аллаһ Тағалаға сансыз мадақ-мақтаулар...! Адамзаттың қараңғылықтан құтылып, жарыққа шығуына дәнекер болған бүкіл әлемнің мәңгілік мақтанышы Пайғамбарымызға (с.а.у.) сәлем...! Қашанда болмасын, әрбір қоғамда бала тәрбиесі өте маңызды болған. Өйткені, ертеңнің болашағын да, келешегі де осы жас өспірімдердің қолында болмақ. Келешекте қоғамды жақсы жағынан дамытып, көркейту де, керісінше құрдымға итермелеп,жығу да қазіргі бұғанасы қатаймаған жас ұрпақтың еншісінде болады. Міне, сондықтанда, болашақ қоғамның тағдырының қалай болмағы тікелей қазіргі ересектер, яғни сіз бен біздің қолымызда. Дәлірек айтсақ, баланың тағдыры, біздің оларға берер тәрбиемізге байланысты.
Асырағын, әрбірімізді Я,Раббым!-деп дұға жасаймыз. Лекін, Алла Тағала айтады екен: «Ей, пендем! Асырағаным саған ақыл бергенім емес па? Сол мен берген ұлық нығметтерден болған ақылмен сен өзіңді оттан, судан қорғайсын. Биік тамдардан өзіңді тастап жібермейсің.Құдды сол ақылмен әрекет қыл , мен және саған берекет берейін.» Хазреті Омардың (р.а) халифалығы заманында бір қария мен жас жігітті алып келді. Қарияның маңдайы жарылған қан ағып тұр, көздері көгерген, бұлар кім?- деді хазреті Омар (р.а). Мынау ұлы, бұл атасы. Ұлы атасының маңдайын жарып, көздерін көгертіпті-деді. Ей, бала! Атаны ұру үлкен күналардан екенін білмедің ба, Аллаһтан қорқпадың ба? –деді. Я. Әмирилмоһминин! Айтып жатқаныңыз не, күнә, Аллаһ деген не? Мен мал, пада бағуды білемін, күнә, Аллаһты білмеймін. Хазіреті Омар (р.а) ашуменен атаға қарады. Ұлыңызға күнә, сауапты түсіндірмегенсін ба? Алланы білдірмегенсін ба? Мал бағуды үйретіппін, басқа нәрсеге уақыт таппаппын. Сені де мал деп ұрып жіберіпті да. Алдын үйрет, алдын қарыз бер соң қарызды талап ет.
Жалғасы |