Руханият діни танымдық сайты -
Әлі-Бекен мешіті

ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Жұма, 10.09.2010, 09:22


| RSS
Сайт мәзірі

Жаңалықтар бөлімі
Әлем жаңалықтары [779]
ҚМДБ жаңалықтары [139]
Ислам жаңалықтары [137]
Өзекті мәселелер [321]
Сұрақ-жауап [27]
Асыл-арна жаңалықтары [3]
Cұхбат... [16]
Денсаулық... [17]
Мәлімет... [22]
Ел жаңалықтары [759]
Уағыз-насихат бөлімі [74]

Шағын-чат

Сауалнама
Вирусқа қарсы қандай бағдарламаларды қолданып жатырсыз?
Жауап берілді: 227

Негізгі бет » 2008 » Желтоқсан » 11 » 11.12.2008. ҰЛЫҚ ҚҰРБАН АЙТ ҰЛЫҚТАЛДЫ
+МоёМесто.ru Bookmark and Share
11.12.2008. ҰЛЫҚ ҚҰРБАН АЙТ ҰЛЫҚТАЛДЫ
10:13

Иә, өткен дүйсенбіде халқымыз үшін, барша дін мұсылман баласы үшін аса қастерлі де ізгілікті Құр­бан айт біздің кең-байтақ Отаны­мыз­ға жыл аралата тағы да қайта ай­налып соқты. Сөйтіп, иман са­ғын­дырған, салауатқа бағынған, та­тулық нұры ұйыған миллион сан жү­ректерге көзайымдай боп келіп жет­ті. Зәулім де аумақты мешіттің іші-сыртына, атшаптырым ау­ла­сына хақ діннің жүрегі жұмсақ құл­дары сыймай кетті десек, артық айт­қандық емес. Осыған әрі сү­йініп, әрі қуандық. Таңертеңнен Ор­талық мешітке жиналған он­даған мың адам бір кісідей жүз­дерін құбылаға қарата Айт намазын оқып, Раббыға құлшылық етті. Бас мүф­ти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің уағыз-құтбасын ықы­лас­пен тыңдап, берген батасын сана­ларына құйып, зерделеріне то­қыды. Сол сәтте олардың баршасы бір деммен тыныстап, Жаратушы Ие­ден елімізге, халқымызға, Ота­ны­мызға, мемлекетімізге, діндес ба­уыр­ларымызға игі тілек тілеп, одан кейін Алланың разылығы үшін Ибра­һим пайғамбар зама­ны­нан бері жалғасып келе жатқан, жол-дәстүрге айналған уәжіп бо­йынша құрбан­дықтар шалына бас­тады. Бұл құрбан­дық мал­дарының еті Алма­ты­дағы қарттар мен ба­лалар үй­леріне, кембағалдар ме­ке­мелеріне, тұр­мысы төмендер мен мү­сә­пір­лер­ге тара­тылып, қайырым ша­рапаты да молынан тигізіліп жатты.

Осындай сауапты амалдар мен шапағатты құлшылық үстінде: “Игі істің басына, жақсы келер қасына” дегендей, Мемлекет басшысының Орталық мешітке ат басын тіреп арнайы келуі, ата-баба рухына Құ­ран бағыштатып, жиналған жұртты риясыз құттықтауы да оларды айрықша қуанышқа бөледі.

– Барлық мұсылмандарға бү­гінгі күні бақ-береке, шапағат, от­ба­сына тыныштық, денсаулық, бар­лық жақсылықтарды тілеймін. Біз­дің елімізде ұмытыла бастаған дініміз де, діліміз де, тіліміз де, халқымыздың сән-салтанаты да тәуелсіздіктің арқасында орнына келіп жатыр. Ел бойынша дін ғи­мараттары, мешіттер салынуда. Үл­кеніміз де, ортаншымыз да, жа­сымыз да мешітке келетін болдық. Има­нымызға оралып жатырмыз. Менің білуімше, Қазақстанның бар­лық мешіттерінде халқымыз Құран Кәрімде айтылғандай, Мұ­хаммед пайғамбарымыздың қағида-хадис­терін орындап, елдің бірлігін тілейді, тәуелсіздік бақытының баяндылығын тілейді. Мұсылман діні елді ұлтына, нәсіліне, тіліне қарап бөлмейді. Ол бүкіл адам­зат­тың баласын бауырым деп са­най­ды, ешкімге жаманшылық жаса­май­ды. Бір адамды өлтірген бүкіл ада­м­затты өлтірген болып есепт­е­ле­ді. Ендеше, мұсылмандық жо­лы­мен тура жүрейік, ешқандай бұр­ма­лау­шылыққа, күпірлікке бармау керек. Біздің еліміз тәуелсіздігін ны­ғайтып, 17 жасар жігіт жасына келді. Кездескен қиын­шы­лық­тардың орайын таптық. Қартайған жоқпыз, ортайған жоқпыз. Бірақ әлде де төңірегімізде қиын­шылық­тар бар. Соларды да жеңіп шығу үшін біздің бірлігіміз керек. Қазіргі істеліп жатқан істер, менің қыз­ме­тім болашақтың қамын көздейді. Осы жолда бір-бірімізден ша­па­ға­ты­мызды, көмегімізді аямайтын бо­лайық. Барлық мұсылман қа­уы­мына бірлік тілеймін, бір-бірімізге жақ­сылығымыз мол болсын. Жү­ре­гіміз таза болсын, түсініс­пеу­ші­лік­тен ада болсын. Имандылық ұя­ла­ған тәуелсіздігіміз ұзағынан сү­йін­дірсін! – деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Шынында да соңғы жылдары хал­қымыздың Елбасы айтқан иман­дылыққа бет бұрғаны бай­қалады. Соның ішінде мешіттерге келу­шілердің дені, басым көпшілігі жастар екендігі дәтке қуат бол­ған­дай. Өйткені исламды уағыздау, үгіт-насихат, ағартушылық қызмет күшейе түскен. 47 мың таралыммен “Ислам және өркениет” газеті, “Иман” журналы шығып келеді. Алматыда “Нұр-Мүбәрак” Египет Ислам мәдениеті университеті жұ­мыс істейді. Имамдар білімін же­тіл­діретін Ислам институты ашыл­ған. Облыстарда 6 медресе қа­тарға қо­сылған. Баспасөзде дін исла­м­ның басты уағыз­дау­шы­ла­ры­ның бірі болып отырған Бас мүфтидің өзі дінаралық достыққа да үлкен мән береді. Қазір елімізде 2300-ге тар­та мешіт болса, жақында ғана бір Алматының өзіндегі 28-ші ме­шіт хақ жолындағыларға есігін аш­ты. Осынау сауапты күндерде Мекке-Мединеге қажылыққа а­т­тан­­ған бауырларымыз да Ара­фат­та болып, одан Меккеге оралып, қа­жылық парыздарын үлгілі өткізіп жатқандығын хабарлапты. Осы­лай­ша мұсылмандардың ұлық мерекесі – Құрбан айты Қазақ елінде өз дәре­жесінде ұлықталды.


Авторы: Қорғанбек АМАНЖОЛ,
Категориясы: Ел жаңалықтары | Көрілді: 97 | Ендірген: IslamCom_Kz | Рейтингі: 0.0/0 |
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

Жарнама

Жаңалықтар күнтізбесі
«  Желтоқсан 2008  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Іздеу

Жаңалықтар мұрағаты

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 3
Қонақтар: 3
Қолданушылар: 0


Бүгінгі зияратшылар:Kazbenov
Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: мадина
Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 1254
Осы ай ішінде: 57
Осы апта ішінде: 9
Кеше: 0
Бүгін: 0

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010