Негізгі бет » 2008 » Желтоқсан » 15 » 15.12.2008. Мысырда үлкен жол-көлік оқиғасы салдарынан 53 адам опат болды
15.12.2008. Мысырда үлкен жол-көлік оқиғасы салдарынан 53 адам опат болды
23:09
КАИР. Желтоқсанның 15-і. ҚазАқпарат - Мысырда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Бұл оқиға соңғы жылдардағы ең үлкен жол-көлік оқиғасы болып отыр. Апат салдарынан ең аз дегенде 53 адам қаза болып, тағы 10-нан астам адам түрлі деңгейде жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press агенттігіне сілтеме жасап. Бұған дейінгі ақпараттарда 47 адамның қаза болғаны айтылған болатын.
Мысыр полициясынан хабарлағанындай, Каирден келе жатқан автобус Минья қаласының маңындағы суару арнасына құлап кеткен. Автобус салоны суға тез толып, адамдардың құтылуы мүмкін болмай қалған. Автобуста барлығы 70-дей адам болған, барлығы – жергілікті тұрғындар.
Жол апатына рульге ие бола алмай қалған автобус жүргізушісі кінәлі деп пайымдалып отыр. Тексеру амалы басталды.
Айта кету керек, Мысыр жол апаттарынан адам өлімі бойынша әлемде алғашқы орындардың бірінде. Жол-көлік оқиғаларына көбіне нашар жолдар мен жүргізушілердің біліксіздігі себеп болатын көрінеді.