Руханият діни танымдық сайты -
Әлі-Бекен мешіті

ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Жұма, 10.09.2010, 10:15


| RSS
Сайт мәзірі

Жаңалықтар бөлімі
Әлем жаңалықтары [779]
ҚМДБ жаңалықтары [139]
Ислам жаңалықтары [137]
Өзекті мәселелер [321]
Сұрақ-жауап [27]
Асыл-арна жаңалықтары [3]
Cұхбат... [16]
Денсаулық... [17]
Мәлімет... [22]
Ел жаңалықтары [759]
Уағыз-насихат бөлімі [74]

Шағын-чат

Сауалнама
"Қазақ тілінің болашағы - Қазақстанның тәуелсіздігінде."
Жауап берілді: 241

Негізгі бет » 2008 » Желтоқсан » 19 » [19.12.2008.] ТМД басшылары Бурабайда кездеспек
+МоёМесто.ru Bookmark and Share
[19.12.2008.] ТМД басшылары Бурабайда кездеспек
03:57
ТМД елдері басшыларының кезекті саммиті. Бішкек,
Талғат ДҮЙСЕНБЕК

Желтоқсанның 19-күні ТМД елдерінің бірқатар президенттері Бурабай шипажайында бас қосады. Бейресми саммитте әлемдік қаржы дағдарысы мен аймақтық әріптестік мәселелері талқыланбақ. Алайда қазақстандық сарапшылар 17 жылдық тарихы бар ТМД-ның саяси салмағы жоғалғандығына байланысты бұл жиыннан ештеңе күтпейтіндігін мәлімдеп отыр.


ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаровтың хабарлауынша, бейресми жиынға Армения, Белорусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның президенттері шақырылған.

- Кездесу барысында мемлекет басшылары аймақтық әріптестікті дамытудың өзекті мәселелері, әлемдік қаржы дағдарысына байланысты туындаған проблемалар мен дағдарысқа қарсы шаралар талқыланады.

Саммит ресми емес болғандықтан мұнда ешқандай келісімге қол қойылмайды, заңдық күші бар шешім қабылданбайды. Ал қазақстандық сарапшылар болса ТМД ұйым ретінде оған мүше елдердің арасындағы интеграцияның өзегіне айналудан қалды деген пікірде. Бұған посткеңестік мемлекеттердің өзара түсініспеушілігі себеп болды деп есептейді олар.

Саяси сарапшы Әзімбай Ғалидың пікірінше, құр сүлдері қалған ұйымның кезекті саммитінде салмақты шешім шығаруы дәл қазіргі жағдайда мүмкін емес.

- ТМД-ның қатары селдіреп қалғанын байқаймыз. Менің ойымша, бұл ТМД елдеріне Ресейдің ықпалы төмендегенін көрсетеді. Соңғы 10-15 жылдың ішіндегі белгілі бір қысымшылық, күшке салу, арандатушылық саясаттарының нәтижесі бұл. Өйткені саммиттен тыс қалған төрт мемлекеттің жеке-жеке өкпелері бар, -  деді Әзімбай Ғали.

Оның пікірінше, қазіргі дағдарыс жағдайында аймақ мемлекеттері өзара тәуелді экономикаға қатысты шешімдерін бірігіп қабылдағаны дұрыс-ақ. Алайда қазіргі таңда өз алдына дербес мемлекеттердің геосаяси мүдделерінің қайшылығы ТМД-ны ұйым ретінде әбден тұралатып тастады.

Ал саяси сарапшы Айдос Сарым болса "әу бастан өлі туылған" бұл ұйымның болашағы жоқ дейді.

- ТМД-ның мүше елдері мыңнан астам келісім-шарттарды дүниеге әкелді. Үнемі кездесіп, басшылары өзара қол алысып, құшақтасып тарқағанымен, келісімдері қағаз жүзінде қалып қоя береді. Мен мұны ұйымның трагедиясы деп атар едім, - деді Айдос Сарым.

Биыл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымының құрылғанына 17 жыл толды. Ұйымға 12 мемлекет мүше. Алайда соңғы уақыттары ГУАМ-ға мүше елдер, яғни, Грузия, Украина, Әзірбайжан және Молдова мемлекеттері ТМД–ның ресми және бейресми кездесулерінен тыс қалып келеді.
http://www.azattyq.org/content/Kazakhstan_sng_sammit/1361272.html

Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 120 | Ендірген: IslamCom_Kz | Рейтингі: 0.0/0 |
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

Жарнама

Жаңалықтар күнтізбесі
«  Желтоқсан 2008  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Іздеу

Жаңалықтар мұрағаты

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 3
Қонақтар: 2
Қолданушылар: 1
Мұсылман

Бүгінгі зияратшылар:Kazbenov
Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: мадина
Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 1254
Осы ай ішінде: 57
Осы апта ішінде: 9
Кеше: 0
Бүгін: 0

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010