Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 2 » [02.01.2009.] Израиль тарапы Газа аймағына әуе соққысын жалғастыруда
[02.01.2009.] Израиль тарапы Газа аймағына әуе соққысын жалғастыруда
12:11
Бүгін Израильдің әскери әуе күштері мен теңіз флоты Газа аймағында ХАМАС қозғалысына тиесілі 20 ғимаратты нысанаға алып, жойқын зымыран соққысын жасады. ХАМАС өкілдерінің мәліметіне сәйкес, Израиль әскерилері Парламент үйін, Білім және Көлік министрліктерінің ғимараттарын көздеген. Аталған мекемелер толығымен жойылған. Палестиналық дәрігерлердің деректеріне сілтеме жасаған «Ассошиейтед Пресс» агенттігі шабуыл нәтижесінде 3 адамның мерт болып, жүзден астам адамның жарақат алғандығын хабарлайды. Қазіргі уақытта Газа аймағының шекарасы маңында Израиль әскери күштері шоғырлануда. Израиль әскерилерінің Газа аймағындағы операциясы барысында құрбан болған палестиналықтар саны 4 жүзге жетті. Бастапқыда Израиль басшылығы Газа аймағынан жасалатын «Кассам» зымырандарының соққысын түбегейлі тоқтатуды көздейтіндігін мәлімдеген болатын. Алайда, ХАМАС тарапының жауапты шабуылдары әлі де жалғасуда. Ақпарат көзі