Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 2 » [02.01.2009.] Ұлттар ұйымындағы жоғары қайраткер: Газа өлім мен өмір ортасындағы жағдайда
[02.01.2009.] Ұлттар ұйымындағы жоғары қайраткер: Газа өлім мен өмір ортасындағы жағдайда
12:22
Ұлттар ұйымының гуманитарлық көмектер бөліміндегі бір жоғары қайраткер: Газа тұрғындарының басым бөлігі өлім мен өмір ортасындағы жағдайда қалып отыр,-деп ескертті. ИРНА-ның хабарлауынша, жаулап алынған Палестина аймағындағы гуманитарлық көмектерді үйлестіруші Максвел Джералд кеше сәрсенбі: сионистік режимнің шабуылдары тоқтамаса, әскери емес адамдар көбірек қырылады,-деп айтты. Максвел Джералд сонымен қатар: Газа аймағының тұрғындарына қажетті тауарлар мен заттарды соның ішінде ұн, жағармай және т.б заттарды кіргізбеу мақсатындағы Израйльдің бұл аймақтың барлық өткелдерін жабық ұстауы, көптеген адамға зиян келтіреді,- деді. "Гуманитарлық жәрдем беру ұйымында қазіргі уақытта газа халқына беретін ешқандай азық-түлігі жоқ",-деп қосты ол. "Израйль, Газадағы жалғыз электр стансаға жағармай кіруіне жол беруі тиіс өйткені ауруханалар электр тоғынсыз ауыр жағдайда тұр және Газаның жаралыларына көмек көрсете алмай отыр",-деді Ұлттар ұйымының осы қайраткері.