Руханият діни танымдық сайты -
Әлі-Бекен мешіті

ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Жексенбі, 01.08.2010, 06:43


| RSS
Сайт мәзірі

Жаңалықтар бөлімі
Әлем жаңалықтары [777]
ҚМДБ жаңалықтары [131]
Ислам жаңалықтары [136]
Өзекті мәселелер [318]
Сұрақ-жауап [27]
Асыл-арна жаңалықтары [2]
Cұхбат... [12]
Денсаулық... [14]
Мәлімет... [11]
Ел жаңалықтары [754]
Уағыз-насихат бөлімі [74]

Шағын-чат

Сауалнама
БІЗДІҢ САЙТҚА ЖИІ КІРЕСІЗ БЕ?
Жауап берілді: 175

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 4 » 2009. ТОРСЫҚШЕКЕЛЕР
+МоёМесто.ru Bookmark and Share
2009. ТОРСЫҚШЕКЕЛЕР
12:09
2009. ТОРСЫҚШЕКЕЛЕР

“Бесіктегі баланың күлгенін көрген бір мұрат, алдынан түсіп ананың жүргенін көрген бір мұрат”, дейді халық даналығы. Мына ғаламда ана мен баланың жүзін кірбің шалмаса, жадырай күліп, жабырқамай жүрсе, дү­ние­нің түгелдігі сол емес пе?! Тә­уелсіздігін ту еткен азат елде әр шаңырақ кішкене сәбидің уі­ліне, былдырлаған үніне, қаз-қаз басқан қадамы мен оның әр қуа­нышына толып жатса, ата-ана мен ата-әженің, туыс-туған­дардың қуанышы да сол емес пе?!

Биылғы жыл елімізде халық санағы жүргізіледі. Өткен жылға кө­ңіл тоқ. Республика бойынша қаң­тар мен қазан айлары ара­лығында  305357 Қазақстан азаматы дүниеге келіпті. Әр отбасыға қуаныш сыйлаған осы сәбилердің 66027-сі Оңтүстік Қазақстан облы­сында, 33274-і Алматы облысында ту­ып, 23612 сәби Жамбыл облы­сы­ның тұрғындарының санын кө­бейткен. Ал елордамыз Астана қала­сы­ның перзентханаларында 12898 нә­рестенің кіндігі кесілген. Әзірге мә­ліметтері қолға түсіп үлгермеген қа­раша мен желтоқсан айларында қанша шарана жарық дүниенің есігін ашып, қанша отбасы қуанышқа кенелді десеңізші.

25 ақпан мен 6 наурыз ара­лы­ғында Біріккен Ұлттар Ұйымының әлем­дік бағдарламасы негізінде өт­кізілетін халық санағына әр қа­зақтың “қанша болыппыз өзі?” – деп елеңдері анық. Елеңдеген құ­лаққа ел болуда қатарымыз кө­бейіпті деген сөз майдай жағар-ақ.

Өткен жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Ста­тистика жөніндегі агенттігі 9 мыңнан астам тіркеуші жүргізген алдын ала санақтың нәтижесін жария етті. Бұйыртса, алдағы санақта Қазақстан халқы 17 миллионды еңсеретін түрі бар. Көбеймесек көсегеміздің көге­мей­тіндігі анық. Сол себептен де Елбасы демографиялық мә­се­лелерді үнемі назарында ұс­тайды. Көп балалы отбасыларға әлеумет­тік көмектер көрсетіліп, бала туған анаға деген төлемақы, жөргекпұл­дың деңгейі де өткен жылда өсті. Мемлекет өзінің кішкентай аза­матының  өмірге келгеніне қуа­нып, ата-анасына перзентің несі­белі болады деген ишаратын жеткізді. “Бір қозы артық туса, шөптің басы айыр туады” дейтін кеңдігі қанында бар халық несі­бесімен туып жат­қан балдырғанға қалай қуан­байды. Шын қуаныш ешқашан жеке пенденің еншісі болған емес.  Жалғыздың  қуаны­шы жал­пақ жұртты қуандырмайды ма, ал қуаныш неғұрлым көпті сүйіндірген сайын оның бағасы да салмақтана береді.

Биылғы туған сиыр жылында іңгәлаған сәбилер қатары артып,  толған айдай торсық шеке балдырғандар саны көбейе түссе екен. Жылдан жылға, айдан айға санымыз самғап, қатарымыз қабырғаланып, көңіліміз көк­тем­дей көркейіп, жанымыз жа­дырап, туымыз тұғырланып, ел­дігіміз еңселеніп, ай­бы­ны­мыздың асуы қазақстандық 17 мил­лионның тілегі емес пе. Әрбір туған бала іргелену мен ірі­ленуге, бәсекелестікте бағы оз­ғанның мерейі үстем болған ға­ламда  мақсатқа тезірек жетуге алып келеді. Ғалымдар сан кө­беймей сапаға да қол жетпейді дейді. Ендеше 2009 жылы да тор­сықшекелер көбейсін!


Авторы: Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,
Категориясы: Ел жаңалықтары | Көрілді: 100 | Ендірген: IslamCom_Kz | Рейтингі: 0.0/0 |
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

Жарнама

Жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Іздеу

Жаңалықтар мұрағаты

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0


Бүгінгі зияратшылар:IslamCom_Kz, zhansaya_0691
Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: zhansaya_0691
Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 1187
Осы ай ішінде: 35
Осы апта ішінде: 16
Кеше: 2
Бүгін: 0

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010