Бір топ мұсылманды америкалық ұшақтан түсіріп тастады
17:46
Америкалық «Эйр Транс» әуекомпаниясы сейсенбі күні Флоридаға ұшып шыққан ұшақтан қателікпен түсірілген тоғыз мұсылманнан кешірім сұрауға мәжбүр болды. Компания тоғыз адамнан тұратын отбасына билетке жұмсалған қаражат пен кейіннен діттеген жеріне жету үшін «Юэс Эйруэйз» компаниясының ұшағына қайта сатып алынған билет құнын да қайтарып беруге уәде берді. АҚШ азаматы Атиф Ирфанның мәлімдеуінше, ұшаққа кірген кезде ол зайыбы мен келінімен бірге апат бола қалған жағдайда ұшақтың қай жерінде бас сауғалау қауіпсіз екені жөнінде әңгіме қозғаған. Қасындағы жолаушылар алаңдаушылық білдіргеннен кейін авиациялық маршалдар Ирфан мен оның отбасының сегіз мүшесін ұшақтан түсіру туралы шешім қабылдаған. Жолаушылардың барлығы ұшақтан шығарылып, қайта тексеруден өткізілді. Мұсылмандардың америкалық қоғамдық ұйымдары жағдайға байланысты наразылық білдіріп, мұқият тергеуді талап етуде. Ақпарат көзі