Руханият діни танымдық сайты -
Әлі-Бекен мешіті

ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Жексенбі, 01.08.2010, 06:56


| RSS
Сайт мәзірі

Жаңалықтар бөлімі
Әлем жаңалықтары [777]
ҚМДБ жаңалықтары [131]
Ислам жаңалықтары [136]
Өзекті мәселелер [318]
Сұрақ-жауап [27]
Асыл-арна жаңалықтары [2]
Cұхбат... [12]
Денсаулық... [14]
Мәлімет... [11]
Ел жаңалықтары [754]
Уағыз-насихат бөлімі [74]

Шағын-чат

Сауалнама
Рамазан айының Оразасын тұтасыз ба?
Жауап берілді: 77

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 6 » Түркістанда ғасырдан астам тарихы бар мектеп заманауи техникалармен жабдықталып отыр
+МоёМесто.ru Bookmark and Share
Түркістанда ғасырдан астам тарихы бар мектеп заманауи техникалармен жабдықталып отыр
11:16
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Түркістан қаласындағы №1 Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп 720 оқушыға арналған. Алайда, бүгінгі таңда мұнда 1280-ге жуық шәкірт дәріс алуда. Дегенмен қазір мектепте толық екі ауысымда сабақ оқытылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кету керек, бұл білім шаңырағы 1898 жылы ашылған. Бір ғасырдан астам тарихы бар мектепке Кеңес Үкіметі жылдары Лениннің, одан кейін Абай мен Некрасовтың да есімдері берілген. 1993 жылы мектепке қазақтың ғұлама ғалымы, біртуар азаматы, алаштың ардағы Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру жөнінде қалалық мәслихаттың шешімі шығарылған.

24 академик осы мектептің түлегі. Тілдің білгір маманы болған Ісмет Кеңесбаев, Мәулен Балақаев сынды ғалымдар шыққан. Генерал Баһадүр Байтасов осында оқыған. Бұл – алғашқы Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты Сәттар Ерубаев оқыған мектеп.

«Американың ЮСАЙД ұйымы арқылы мектепке керек құрал-жабдықтарды алдық. Бес сынып кешені берілді. Компьютерлермен жабдықталған сынып жұмыс істейді. Интерактивті тақтамыз бар. Жуырда ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтің оқу-тәрбие жұмысының өзекті мәселесіне қатысты өткізген мәжілісін интерактивті тақта арқылы көрдік. Оған ұстаздар мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Әлі де материалдық техникамызды жақсарту бағытында жоспарларымыз бар» - дейді мектептің директоры Заманхан Жүзжасаров.

Категориясы: Ел жаңалықтары | Көрілді: 115 | Ендірген: IslamCom_Kz | Рейтингі: 0.0/0 |
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

Жарнама

Жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Іздеу

Жаңалықтар мұрағаты

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0


Бүгінгі зияратшылар:IslamCom_Kz, zhansaya_0691
Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: zhansaya_0691
Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 1187
Осы ай ішінде: 35
Осы апта ішінде: 16
Кеше: 2
Бүгін: 0

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010