Телефон арқылы қысқа сөйлесу керек. Анкара дәрігерлер палатасынан жасалған мәлімдемеде былай делінген «Еуропада жүргізілген зерттеулер ең аз дегенде он жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми рагының кездесу жиілігінің артқанын көрсетті». Мәлімдемеде ұялы телефон және оның станцияларының мектептің ауласына, бала бақшалар, ауруханалар, саябақ секілді әлеуметтік тұрмыс мекендеріне құрылмауы керек екені айтылды. Анкара дәрігерлер палатасы мәлімдемесінде ұялы телефондар мен олардың станцияларының адам денсаулығына әсерінің кабельсіз байланыс жүйелері құрылғалы бері талас болып келе жатқанына назар аударылды. Ұялы телефон және станцияларының бір-бірімен байланыста әуеден радио сигналдары жолдап, жұмыс істегені айтылған мәлімдемеде «Алайда әуе кеңістігіндегі сигналдардың бөлінуі үшін қала орталығы секілді көп адам бар жерлерде төмен деңгейлі сигнал станциясы құрылуы керек. Байланыс әуе жолы арқылы болғандықтан сигнал төңірекке тарайды және жандыларға міндетті түрде әсер етеді» деп жазылды. Мәлімдемеде сондай-ақ былай делінді: «5 Еуропа елінде жасалған зерттеудің қорытындысы ең аз дегенде 10 жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми рагының кездесу жиілігінің артқанын көрсетті. Осы мәселемен бірге ДНК-дағы өзгерістер, нерв клеткаларындағы өзгерістер, мидың жұмысы мен ұйқыдағы өзгерістер секілді аурулар да ортаға шығуда Ұялы телефон станциялары денсаулыққа қауіп төндіргендіктен, мектептердің ауласы, бала бақшасы, ауруханалар, саябақтар секілді қариялар, балалар мен науқастар көп болатын мекендерге құрылмауы керек».
Аталмыш мәлімдемеде ұялы телефон қолданған кезде ұмытылмауы керек ұсыныстарға орын берілді: -Ұялы телефонмен мүмкіндігінше қысқа сөйлесу керек. Қажеті жоқ әңгімеден аулақ болу керек, жақын жерде тұрақты телефон болса соны қолдану керек. -Ұялы телефонмен сөйлескен кезде балалардан алыс жерде болу керек. -Аяғы жүкті әйелдер ұялы телефон қолданбауы керек, үйде ұялы телефон жабық ұсталуы қажет. -Әсіресе нерв жүйелеріне әсер ететіндіктен балалардың ұялы телефон қолдану жастары кешіктірілуі керек. /18 жастан бұрын қолдану ұсынылмайды./ -Ұялы телефон құлаққап арқылы қолданылуы тиіс. Осылайша ұялы телефорнның мидан алыс болуы қамдалуы керек. -Телефонның сөйлесуден басқа ерекшеліктерін қолданудан қашқақтау керек. -Ұялы телефон арқылы қысқа сөйлесу әдетке айналу керек, қысқаша мағлұмат берілетін кезде SMS қолданылуы керек, ұзын мерзімді сөйлесуді насихаттайтын кампанияларға кедергі жасалуы қажет. -Ұялы телефондар ең көп радиация таратқан кез – телефон шырылдаған кез және сіз терген номерге байланыс құрған кезі. Сол кездерде телефонды басыңыздан алыс ұстауыңыз керек. Телефонды ашқаннан 1-2 секундтан кейін жихазды құлаққа жақындату ең сенімдісі. -Қарапайым телефон, яғни кабельді телефон болса сонымен сөйлесу керек, осындай телефон болған кезде ұялы телефон жабық тасталуы керек. -Топтық тасымал көліктерінде электрондық хабарласу жүйелері болымсыз әсер етеді. Сондықтан жол апатынан аулақ болу үшін көліктерде ұялфы телефон жабық ұсталуы қажет. -Телефон сатып алған кезде SAR көрсеткіші барлары таңдалуы керек. Өндірушілер телефондардың SAR көрсеткішін қорабының үстіне жазу тақырыбында мәжбүр болуы керек. Қолданушылар жихаз таңдауда саналы болуы қажет. SAR көрсеткіші 0,1 W/kg және одан да төмендері таңдалуы керек. -Көлік жүргізіп отырған кезде телефон қолданбау қажет. Жедел түрде сөйлесу керек кездерде де көлік сенімді жерге тоқтатылып, сөйлесу керек. "TRT телеканалы". ақпарат көзі