Руханият діни танымдық сайты -
Әлі-Бекен мешіті

ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Жексенбі, 01.08.2010, 07:00


| RSS
Сайт мәзірі

Жаңалықтар бөлімі
Әлем жаңалықтары [777]
ҚМДБ жаңалықтары [131]
Ислам жаңалықтары [136]
Өзекті мәселелер [318]
Сұрақ-жауап [27]
Асыл-арна жаңалықтары [2]
Cұхбат... [12]
Денсаулық... [14]
Мәлімет... [11]
Ел жаңалықтары [754]
Уағыз-насихат бөлімі [74]

Шағын-чат

Сауалнама
Әлемдегі және еліміздегі маңызды оқиғаларды қандай ақпарат құралдарынан біліп отырасыз?
Жауап берілді: 48

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 7 » Православиелік христиандар Рождествоны атап өтуде
+МоёМесто.ru Bookmark and Share
Православиелік христиандар Рождествоны атап өтуде
01:55
Бүгін әлемдегі православие қауымы Христостың дүниеге келу мерекесін атап өтуде. Қазақстанның барлық шіркеулері мен храмдарында өткен түнде қоңыраулар сыңғырлап, Рождество мерекесінің басталғанынан хабар берді. Алматыдағы Свято-Вознесенс кафедралды соборында өткен мерекелік литургияға Астана мен Алматы метрополиті Мефодий қатысты. Үш сағатқа созылған салтанатты рәсімге мыңдаған адам келді. Рождество - православиелік христиандар үшін Пасхадан кейінгі ең маңызды діни мереке. Бұл күні ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрге сай олар Жаратушыға өткен жылдың жақсылығы үшін алғыстарын айтып, мұқтаж жандарға қол ұшын беруге тырысады. Рәсім соңында келгендерге Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Алексий екіншінің көзі тірісінде жазып кеткен жолдауы оқылды. Бұдан соң жиналған қауымды Астана және Алматы метрополиті Мефодий құттықтады. Ол Қазақстанда дін мәселелеріне үлкен мән беріліп отырғанын, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен соңғы жылдары елде көптеген мешіттер мен шіркеулердің бой көтергенін айтты. Бүгінде елде 3 мыңнан астам діни бірлестік жұмыс істеуде, қырықтан астам конфессия өкілдері бар. Астана және Алматы метрополиті 2005 жылдан бері Қазақстанда екі негізгі діни конфессия – мұсылмандар мен христиандардың Құрбан айт және Рождество мейрамдары демалыс жариялануы да мемлекетіміздің дінге деген түзу көзқарасының көрінісі екенін атап өтті.
ақпарат
Категориясы: Ел жаңалықтары | Көрілді: 107 | Ендірген: IslamCom_Kz | Рейтингі: 0.0/0 |
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

Жарнама

Жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Іздеу

Жаңалықтар мұрағаты

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0


Бүгінгі зияратшылар:IslamCom_Kz, zhansaya_0691
Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: zhansaya_0691
Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 1187
Осы ай ішінде: 35
Осы апта ішінде: 16
Кеше: 2
Бүгін: 0

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010