Ақ Үйде президенттердің бейресми кездесуі өтті. Олардың арасында қазіргі президент - кіші Джордж Буш, жаңадан сайланған Барак Обама, Джимми Картер, Билл Клинтон және аға Джордж Буш болды. Қазіргі президент Буш Барак Обамаға АҚШ-тың лайықты басшысы болуын тілейтінін айтты. Сондай-ақ ол кездесуге қатысып отырғандардың әрқайсысы өз тәжірибесімен бөлісуге дайын екенідігін де жеткізді. Обама өз кезегінде, бұрынғы президенттерге алғыс білдіре келе, «маған үлкен жауапкершілік артылып отырғанын білемін» деді. Негізі, бұған дейін экс-президенттер достық қарым-қатынаста болған емес. Мәселен, Картер бұрын кіші Джордж Бушты тарихтағы ең нашар президент деп атаған. Ал Билл Клинтон өз зайыбының сайлау алды науқаны кезінде Буш пен Обаманы сынға алған еді. Ақпарат көзі