Үкімет сайтында www.government.kz Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің жеке блогы өз жұмысын бастады. Сайттың алғысөзінде Кәрім Мәсімов бұл жобаның негізгі мақсаты “Үкіметтің қызметіне, еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қызығушылық танытқан пайдаланушыларға қабылдауға ыңғайлы күйде қызықты және тиімді ақпарат беру” екенін атап өтті. Алдағы уақытта сайт пайдаланушыларға қажетті барлық ақпарат үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. Сондай-ақ, Премьер-Министр блок оқырмандарымен кері байланыс орнатуға мүдделілік танытып, сайтқа кірушілерді ой бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін айтуға шақырды.