19 күннен бері жалғасып келе жатқан Израильдің шабуылында өлген палестиналықтардың саны 975-ке шықты. Израиль әскерлері мен палестиналықтар Газа қаласының шеткі аймақтарында шайқасуда. Халықаралық Қызыл Крест ұйымы Израильдің халықаралық құқыққа қарама-қайшы түрде фосфор бомбаларын қолданғанын растады. Осы арада Ливаннан Израильге зымыран шабуылы ұйымдастырылғаны, Израиль армиясының болса зымыранмен жауап бергені білдірілді. Израиль бейбіт халық пен сарбаздарды айырмай, ауыр бомбалау арқылы операция жүргізуде. Кеше бір күнде 20-сы бала 70 палестиналық қаза тапты. Газа секторында қабірстанның барлығы толды, газалықтар өлгендерді жерлеуге жер таба алмай отыр. Израиль шабуылында аурухана мағлұматтарына қарағанда, 311-і бала, 76-сы әйел 975 палестиналық қаза тапты. Аймақта өмір сүретін 4 мың 500 адам жараланды. Газа қаласы төңірегінде палестиналықтармен шайқасқан Израиль әскерлері Османлы дәуірлерінен қалған ғимараттарды да зымырандармен атқылады. Шабуылда 1910 жылдан қалған ғимарат жермен-жексен болды. Шайқастың Зейтун және Жебалие лагерьлерінде шоғырланғаны хабарлануда. Осы арада халықаралық Қызыл Крест ұйымы Израильдің фосфор бомбаларын қолданғанын растады. Ақпарат көзі