Руханият діни танымдық сайты -
Әлі-Бекен мешіті

ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Жексенбі, 01.08.2010, 06:56


| RSS
Сайт мәзірі

Жаңалықтар бөлімі
Әлем жаңалықтары [777]
ҚМДБ жаңалықтары [131]
Ислам жаңалықтары [136]
Өзекті мәселелер [318]
Сұрақ-жауап [27]
Асыл-арна жаңалықтары [2]
Cұхбат... [12]
Денсаулық... [14]
Мәлімет... [11]
Ел жаңалықтары [754]
Уағыз-насихат бөлімі [74]

Шағын-чат

Сауалнама
Рамазан айының Оразасын тұтасыз ба?
Жауап берілді: 77

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 20 » 20.01.2009. 31 миллионды кім қалтаға баспақ болғаны белгісіз болып қалды...
+МоёМесто.ru Bookmark and Share
20.01.2009. 31 миллионды кім қалтаға баспақ болғаны белгісіз болып қалды...
22:33
Жүргізуші куәлігіне қосымша талон енгізу мәселесін о баста кім, қандай мақсатта ойлап тапса да, сәтсіз жобалардың бірі болды. Олай дейтініміз, кеше ІІМ баспасөз қызметі Ішкі істер мен Әділет министрлігі премьер-министрдің тапсырмасымен жүргізуші куәлігіне қосымша талон енгізуді тоқтату туралы жарлық жобасын әзірлеу үстінде екендігін мәлім етті.
Тағдыры талқыға түскен талонды енгізуді қолға алғанда «ол жол бойындағы парақорлықты, сыбайлас жемқорлықты азайтады, жалпы алғанда, жүргізушілердің жол тәртібін сақтауына ықпал етеді» деген дәме болып еді. Алайда аталмыш талонды берумен айналысатын "Kazakhstan Processіng Centre" (КРС) АҚ-тың қабылдаған міндеттерін орындауда өрескел заңбұзушылықтарға барғаны, олардың алғашында барлық көлік жүргізушілеріне талонды тегін таратуға уәде бергені, ал кейіннен бір талонды 1200 теңгеден сата бастағаны, сөйтіп, мұндай жағдайда КРС компаниясының 31 миллион АҚШ доллары көлемінде таза пайда табатыны белгілі болып қалды. Бұр туралы Мәжілістің Сәт Тоқпақбаев, Амангелді Момышев және Николай Турецкий сынды депутаттары Премьер-министр Кәрім Мәсімов пен бас прокурор Рашид Түсіпбековке депутаттық сауал салып, жүргізуші куәлігіне талон енгізуді доғаруды ұсынғанда мәлімдеген болатын.
Міне, сөйтіп, депутаттардың Үкіметтің 2007 жылғы 9 қаңтардағы қаулысының күшін жойып, жүргізушілер куәлігіне талон енгізуді үзілді-кесілді тоқтату туралы талабы орындалуға жақын. Бұған ІІМ мен Әділет министрлігі жүргізуші куәлігіне қосымша талон енгізу жөніндегі жобаның күшін толық жоятын Үкімет қаулысын әзірлеп жатқаны дәлел.
Әрине, Үкіметтің халық қалаулыларының сауалына құлақ түріп, одан тиісті қорытынды шығарғаны қуантады. Алайда дер кезінде тосқауыл қойылған осы жайдың ашылмаған астары қалып бара жатқандай. Олай дейтініміз, Мәжіліс депутаттары өздерінің сауалында әлгі талон шығару арқылы 31 миллион АҚШ доллары көлемінде таза пайда тапқысы келген компания туралы нақты дәлелдер айта келіп, мекенжайын Астанадан Алматыға ауыстырған осы КРС компаниясының құрылтайшылары кімдер екендігін прокуратураға жан-жақты анықтауды, олардың аты-жөндерін БАҚ арқылы халыққа жария етуді ұсынған еді. Білуімізше, БАҚ бетінде мұндай ақпарат жариялана қойған жоқ. Сонда қалай, аяқ астынан пайдаға кенелгісі келген әлгі компанияның қожаларының, атын атап, түсін түстеуге құзырлы орындардың тісі батпады ма, әлде дөңгелентіп әкетудің сәті түспеген «бизнестің» артында биліктің бишігін қолына ұстаған дөңайбат дөкей отыр ма?

Әділ Бек ҚАБА
Ақпарат көзі
Категориясы: Ел жаңалықтары | Көрілді: 100 | Ендірген: IslamCom_Kz | Рейтингі: 0.0/0 |
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

Жарнама

Жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Іздеу

Жаңалықтар мұрағаты

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0


Бүгінгі зияратшылар:IslamCom_Kz, zhansaya_0691
Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: zhansaya_0691
Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 1187
Осы ай ішінде: 35
Осы апта ішінде: 16
Кеше: 2
Бүгін: 0

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010