Руханият діни танымдық сайты -
Әлі-Бекен мешіті

ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Жексенбі, 01.08.2010, 06:51


| RSS
Сайт мәзірі

Жаңалықтар бөлімі
Әлем жаңалықтары [777]
ҚМДБ жаңалықтары [131]
Ислам жаңалықтары [136]
Өзекті мәселелер [318]
Сұрақ-жауап [27]
Асыл-арна жаңалықтары [2]
Cұхбат... [12]
Денсаулық... [14]
Мәлімет... [11]
Ел жаңалықтары [754]
Уағыз-насихат бөлімі [74]

Шағын-чат

Сауалнама
Жасыңыз нешеде?
Жауап берілді: 281

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 20 » 20.01.2009. АҚШ-ты «былықтан» тазарту «қара балаға» оңайға соқпайды
+МоёМесто.ru Bookmark and Share
20.01.2009. АҚШ-ты «былықтан» тазарту «қара балаға» оңайға соқпайды
23:01
«АҚШ соғыс жағдайында, ал Америка экономикасы дағдарыста тұр». Бұл жаңадан сайланған АҚШ президенті Барак Обаманың сөзі. Бұл мәлімдемені жаңадан сайланған 44-президент Барак Обама жексенбі күні Вашингтонда инаугурациялық іс-шараға қатысты басталған мәдени концертте жұртшылық алдында жасады.
– Миллиондаған америкалықтар жұмысын жоғалту алдында тұр. Бірақ бұл дағдарыстан алдағы бір-екі жылда толықтай шыға алатынымызға уәде беремін. Алайда бұл жолда кедергілер көп болады, – деді Барак Обама.
Дәл қазір бүкіл әлем Обаманың әр сөзіне мән беріп жатыр десек артық емес. Оның үстіне бүгін Америка үшін тарихи күн. Өйткені Барак Обаманың инаугурациялық салтанаты өтеді. Мотоцикл жүргізушілерінің қаумалауындағы Барак Обаманың кортежі өзі тұратын «Хэй Адамс» қонақүйі аумағынан басталып, Вашингтон көшелерінен жүріп өтеді. Тарихи салтанатты сәтті тамашалауға 4 миллионға жуық адам қатысады деген ақпар бар. АҚШ астанасы инаугурацияға қызу дайындалып жатыр. Өткен аптаның сейсенбі күні Джордж Буш Вашингтон аймағын «төтенше жағдай енгізілген аймақ» деп жариялады. Жаңа президенттің құрметіне сол күні вашингтондық тұрғындар қоғамдық көлікте тегін жүреді. Оған қатысты федералдық бюджеттен қомақты қаржы бөлінді. Ал инаугурацияға қанша қаржы бөлінеді? Қалалық биліктің мәліметінше, инаугурация шығыны 47 миллион доллар шамасында болмақ.
Ең басты мәселе, жаңа президенттің қауіпсіздігі. Бұл шараға әртүрлі құрылымдық күштерден 20 мың адам және 4 мың полиция қатыспақ.
Барак Обама бұрын АҚШ-тың президенті тағында отырған Авраама Линкольннің инаугурациялық жолын қайталамақ. Ол Филадельфии штатынан шығып, Уилмингтон стансасында вице-президент Джозеф Байденді отбасымен бірге мінгізіп алады. Сондай-ақ әр стансадан алдын ала таңдап алынған тұрғындарды отырғызады. «Жалпы, бұл жолдың символикалық мәні бар, – дейді сарапшылар. – Өйткені инаугурациялық жол Америка Конституциясы мен туының пайда болған жерінен басталады».
Инаугурация салтанаты Капитолий үйінің батыс қанатында жүзеге асады. Барак Обама библияға қолын қойып тұрып, А. Линкольн секілді ант береді. Мұнан кейін Обама жұртшылық алдында ресми түрде алғашқы кіріспе сөзін айтады. Артынша келген қонақтарға түскі ас беру рәсімі өтеді. Түс ауа оны Ақ үй алдындағы трибунада Буш отбасымен күтіп алады. Одан соң жаңа президент 15 мың адам тамашалайтын арнайы парадқа қатысады. Кешке қарай АҚШ-тың 44-президентінің құрметіне отшашу беріледі. Ал сонан соң...
Барак Обаманы бас ауыртатын күрделі істер күтіп тұр. Елді дағдарыстан шығару, Ауғанстан мен Ирактағы соғысты тоқтату... Буш тастап кеткен «былықтардан» Американы тазарту қызметке кірісетін «қара балаға» оңай соқпайды.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
Ақпарат
Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 127 | Ендірген: IslamCom_Kz | Рейтингі: 0.0/0 |
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

Жарнама

Жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Іздеу

Жаңалықтар мұрағаты

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0


Бүгінгі зияратшылар:IslamCom_Kz, zhansaya_0691
Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: zhansaya_0691
Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 1187
Осы ай ішінде: 35
Осы апта ішінде: 16
Кеше: 2
Бүгін: 0

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010