Руханият діни танымдық сайты -
Әлі-Бекен мешіті

ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Жексенбі, 01.08.2010, 06:42


| RSS
Сайт мәзірі

Жаңалықтар бөлімі
Әлем жаңалықтары [777]
ҚМДБ жаңалықтары [131]
Ислам жаңалықтары [136]
Өзекті мәселелер [318]
Сұрақ-жауап [27]
Асыл-арна жаңалықтары [2]
Cұхбат... [12]
Денсаулық... [14]
Мәлімет... [11]
Ел жаңалықтары [754]
Уағыз-насихат бөлімі [74]

Шағын-чат

Сауалнама
Сіздің қалтафоныңыз
Жауап берілді: 178

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 22 » 22.01.2009. Mағжан ақынның әкесінің зиратын қиратқандар жарты айларды метал қабылдайтын орынға тапсырған
+МоёМесто.ru Bookmark and Share
22.01.2009. Mағжан ақынның әкесінің зиратын қиратқандар жарты айларды метал қабылдайтын орынға тапсырған
22:42
Мағжан Жұмабаевтың әкесі Бекеннің қиратылған зираты.Қызылжар.20 қаңтар, 2009 жыл.
Аруна БУЛАТОВА

Полиция Петропавлдың бұрынғы мәдениет және демалыс саябағындағы ертеде қазақ зираты болған бөлігінде орналасқан Мағжан Жұмабаевтың әкесі Бекеннің зиратына орнатылған ескерткіш тақтаны қиратты деген күдікпен үш адамды ұстады. Демалыс күндері орын алған вандализм оқиғасы тұрғындардың жағасын ұстатқан болатын. Ескерткіштің тоналғанын алдымен коммуналдық қызметтер байқап, полицияға хабарлаған. Оқиға орнына жедел тергеу тобы шығып, ескерткіш тақтаның мәрмәр бөлігі қиратылғанын және жарты айлардың жоғалғанын анықтайды. Кезінде бұл жерде құлпытас болғанын айғақтайтын темір ғана шошайып қалған. Айналасындағы темір бағаналарды суырып алуға күштері жетпегенге ұқсайды, жан-жаққа қаратып, қисайтып кетіпті. Бес айдың бірі де жоқ.

Мағжанның әкесі Бекеннің бұзақылар қиратып кеткен зираты. Қызылжар, 20 қаңтар,2009 ж.

Зират маңайы сыра қалбырларына, темекі қораптарына толы. Бұл басбұзарлықтың анық-қанығына жету Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің экстремизимге, сепаратизмге және лаңкестікке қарсы күрес бөліміне жүктелген еді. Одан қалды, ішкі істер департаментінің барлық бөлімдерінің күші де осыған жұмсалды.
Облыстық ішкі істер департаменті тіл саясаты және ақпарат бөлімінің бастығы Мәдина Балғашоқованың айтуынша, келеңсіз жағдай орын алғаннан кейін екінші күні тәртіп сақшылары саябаққа таяу орналасқан «Рахат» дүкені маңындағы гаражда орналасқан металл қабылдайтын орында ескерткіштің бөлшектері мен жарты ай салынған қапшықтарды тауып алған. Біраздан соң полицейлер оларды тапсырушыларды да анықтайды. Зират басындағы тасты бұзғандар тұрғылықты жері жоқ, қаңғып жүрген үш адам болып шықты. Олар өздерін Вова, Андрей және Света деп таныстырған.
Күдіктілердің бірі Андрейдің айтуынша, олар ащы суға сылқия тойып алғаннан кейін тағы да арақ сатып алғылары келеді. Бірақ ақшалары жоқ екен. Сосын түсті металл іздеп жорыққа шығады. Тапқандары осы ескерткіш тақта болған. Ондағы жазуды оқи алмадық, қазақша жазылыпты дейді өздері. Тапқан-таянғандарын араққа жұмсапты.
Ал түсті металл қабылдау орнында жұмыс істейтін әйел: «Бұлар кешке келгенде, жарты айлардың тоналғанын сезіп, қабылдаудан бас тарттым. Алайда таңертең ертемен қараңғыда байқамай алып қойдым» дейді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 275-бабына сәйкес өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау деген айып бойынша іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр.
Петропавлдағы орталық саябақтың бір бөлігінде кезінде қазақ зираты болған.Мағжан Жұмабаевтың әкесі сол зиратқа жерленген екен. Былтыр жазда Мағжан Жұмабаевтың 115 жылдығы қарсаңында облыстың атқа мінер азаматтары бас болып, қазақтың аяулы ақынының әкесінің басына құлпытас орнатқан болатын. Араға бір жыл салмай зират осындай жағдайға душар болды. Жергілікті тұрғындар бұдан былай қарай түгел саябақ емес, тым болмаса осы зиратқа күзет қойылар ма екен деген үмітте.
Ақпарат көзі
Категориясы: Ел жаңалықтары | Көрілді: 109 | Ендірген: IslamCom_Kz | Рейтингі: 0.0/0 |
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

Жарнама

Жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Іздеу

Жаңалықтар мұрағаты

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0


Бүгінгі зияратшылар:IslamCom_Kz, zhansaya_0691
Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: zhansaya_0691
Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 1187
Осы ай ішінде: 35
Осы апта ішінде: 16
Кеше: 2
Бүгін: 0

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010