Шабуылда екі Палестиналықтың жараланғаны білдірілді Газа секторына қарсы 22 күн бойынша жалғасқан шабуылдан кейін жаулап алған териториядан шыққан Израиль армиясы Палестинаға бүгін таңертең тағы оқ жаудырды. Шабуылда екі Палестиналықтың жараланғаны білдірілді. Палестиналық қайнар көздер оқтың босқындар лагерінде бір үйге тигенін және жолда жүріп бара жатқан бір кісі мен бір қыздың жараланғанын баяндаған. Израиль армаиясынан жасалған мәлімдемеде болса белгіленген шекаралардан өткен бір Палестиналық балықшы кемесіне ескерту оқ атылғаны білдірілді. Осы барыста Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі Газадан жарияланған уақытша атысты тоқтатудың қару алып қашқандардың тосылуын және барлық шекара өткендерінің тұрақты түрде қайтадан ашылуын кепілдікке алып түбегейлі атысты тоқтату жайында үндеу жасады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Хатшысы Бан Ки-Мун Газада ұйым ғимараттарын нысанаға алған Израиль шабуылдарымен байланысты Израиль органдарынан мәлімдеме жасауын күткенін айтты. www.trt.