Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 23 » Израиль Газа секторындағы қанды қақтығыста фосфорлы қару қолданған сыңайлы
Израиль Газа секторындағы қанды қақтығыста фосфорлы қару қолданған сыңайлы
11:31
Халықаралық заң бойынша бұл қаруды бейбіт тұрғындарға қарсы пайдалануға тыйым салынған. Мамандардардың айтуынша, химиялық заттан дене қатты күйікке шалынады. Адам тіпті өліп кетуі де мүмкін. Бұл жөнінде, алдымен, британдық ақпарат құралдары: «Израиль мұндай қаруды Газадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының ғимаратына және жергілікті емханаға тастаған», деп хабарлады. Сонымен қатар, 3 аптаға созылған қақтығыс кезінде, шамамен, 200-ге жуық фосфорлы бомба жіберілді, деген ақпарат бар. Енді Израиль армиясы бұл іске байланысты тергеуді бастады. Бақытжан Омаров http://www.kazakstan.kz/