Руханият діни танымдық сайты -
Әлі-Бекен мешіті

ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Жексенбі, 01.08.2010, 06:55


| RSS
Сайт мәзірі

Жаңалықтар бөлімі
Әлем жаңалықтары [777]
ҚМДБ жаңалықтары [131]
Ислам жаңалықтары [136]
Өзекті мәселелер [318]
Сұрақ-жауап [27]
Асыл-арна жаңалықтары [2]
Cұхбат... [12]
Денсаулық... [14]
Мәлімет... [11]
Ел жаңалықтары [754]
Уағыз-насихат бөлімі [74]

Шағын-чат

Сауалнама
Сіздің шеніңіз?
Жауап берілді: 120

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 24 » 24.01.2009. Мешітте халықтың ас-құдайы беруіне және діни мерекелерді өткізуіне лайықталған асхана ашылды
+МоёМесто.ru Bookmark and Share
24.01.2009. Мешітте халықтың ас-құдайы беруіне және діни мерекелерді өткізуіне лайықталған асхана ашылды
17:50
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік)/ - Қызылордадағы "Ақмешіт" орталық мешітінде халықтың ас-құдайы беруіне және діни мерекелерді өткізуіне лайықталған асхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұған дейін халықтың ас беру, құдайы жолын жасау рәсімдері мейрамханаларда өткізіліп келді. Бұның дін тұрғысынан алғанда бірнеше жағымсыз жақтары бар еді. Біріншіден, мейрамханада мұсылман һарамға қосқан арақ-шараптың ұсталатыны кәдік. Екіншіден, даяшылар мұндай рәсімдерге дайындықсыз, ашық-шашық, дәретсіз араласады. Үшіншіден, ол рәсім жасаушыға қаражат жағынан да қиындықтар тудыратын.
Облыс әкімдігінде қаңтардың 15-і күні өткен діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі комиссия отырысында комиссия төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Мұрат Мұхамедов алдағы уақытта қала тұрғындарының өтініші бойынша бірқатар дәстүрлердің мешіт арқылы жүзеге асырылатынын айтқан болатын. Міне, енді іске қосылған "Ақмешіт" асханасы әлгі аталған қиындықтардың жолын кесіп отыр. Мұндағы даяшылар– мешіт тәлабалары. Аспазшылары да таза, намазы, дәреті бар кісілер. Сонымен бірге жұртшылық молданы да алыстан іздемейді. Әр орынның бағасы 400 теңгеге жетпейді. Ендеше, баға мейрамханадағыдан 2,5 есеге дейін арзанға түседі. Асханаға 250-280 кісі еркін сияды. Ыдыс-аяқтар мешіттің өзінен шығарылады.
Бұл жөнінде облыстың бас имамы Дайрабай Рысбай: "Бүгінге дейін осы жерде үш рет ас-құдайы рәсімі өткізілді. Бұл елге де, мешітке де тиімді. Онан түскен ақшаны біз өз балаларымыздың діни сауаттануына, басқа да мешіт мұқтаждықтарына жұмсаймыз. Демек, құдайы жолына аталған ақша теріс жаққа кетпейді, оның қайырымды іске жұмсалуы үлкен сауапқа ие. Таза жерде айтылған тілек те таза", - дейді. Яғни, бұл ізгі бастама мешіт қызметін пайдаланудың халық үшін қай жағынан да тиімді екенін көрсетеді.
Ақпарат көзі
Категориясы: Ел жаңалықтары | Көрілді: 120 | Ендірген: IslamCom_Kz | Рейтингі: 0.0/0 |
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

Жарнама

Жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Іздеу

Жаңалықтар мұрағаты

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0


Бүгінгі зияратшылар:IslamCom_Kz, zhansaya_0691
Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: zhansaya_0691
Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 1187
Осы ай ішінде: 35
Осы апта ішінде: 16
Кеше: 2
Бүгін: 0

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010