Руханият діни танымдық сайты -
Әлі-Бекен мешіті

ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Жексенбі, 01.08.2010, 06:55


| RSS
Сайт мәзірі

Жаңалықтар бөлімі
Әлем жаңалықтары [777]
ҚМДБ жаңалықтары [131]
Ислам жаңалықтары [136]
Өзекті мәселелер [318]
Сұрақ-жауап [27]
Асыл-арна жаңалықтары [2]
Cұхбат... [12]
Денсаулық... [14]
Мәлімет... [11]
Ел жаңалықтары [754]
Уағыз-насихат бөлімі [74]

Шағын-чат

Сауалнама
Сiзге дағдарыс қаншалықты әсер етуде
Жауап берілді: 97

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 25 » Қазақстанда қазақ тілінің ғана мәселесі бар
+МоёМесто.ru Bookmark and Share
Қазақстанда қазақ тілінің ғана мәселесі бар
11:28
Кеше Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысқан Премьер-министр Кәрім Мәсімов «тал қармап» тұрған қазақ тілінің түйткілін ерен көтеріп, елді елең еткізді. Көзіне ұйқы тығылып, аузын әлсін-әлсін «апандай» ашып отырғандардың өзі Үкімет басшысы сөйлеу тілін кенет қазақшаға бұрғанда аңтарылып қалды. «Үкімет мемлекеттік тілді дамыту үшін барынша жағдай жасайды. Алайда біз оны тек Үкіметтің шаруасы деп білмеуіміз керек, бұл – халықтық іс. Мемлекеттік тілді дамыту ұлтын сүйетін әр азаматтың парызы болуы керек. Ешқандай заң, бұйрық, қаулы тілге көмектеспейді. Жүректе әмір болу керек... Мен мұны өзімнің тәжірибемнен білемін», – деген Кәрім Қажымқанұлы «жаман қазақшасымен» залда отырған зиялы қауымды мемлекеттік тілді халық арасында насихаттауға шақырды.
– Мен өткен айда Мәскеуде болдым, – деді әңгімесін мемлекеттік тілде сабақтаған Премьер-министр. – Мәскеуде бір журналистермен кездестім. Ол маған сұрақ сұрайды. Орыс тілінің мәселесі Қазақстанда қалай болады? Мен солай жауап айттым: менің ойымша, Қазақстанда орыс тілінің мәселесі жоқ. Әрбір адам орыс тілінен еркін сөйлейді. Бірақ Қазақстанда қазақ тілінің мәселесіне баса назар аудару керек...
Биік орындыққа отырғалы бері отырысын орысша өткізіп келе жатқан Үкіметбасының мына сөзіне залдағылардың іші кәдімгідей жылып, дүр еткізіп қол соқты.
Осы арада Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Дәл солай, сіз «Эхо Москвы» радиостансасына берген сұхбатыңызда қазақ тілін қолдау керек деп жауап берген болатынсыз» деп орысшалап жіберді. Жұрттың ыстық ықыласына бөленген Министрлер Кабинетінің жетекшісі қызды-қыздымен, тіпті Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне алқа өткізіп отырған министрлікпен бірлесе ресурстар қарастырып, бір айдың көлемінде интернетте қазақ тілінде «тірі журнал» ашуға тапсырма берді. Аталған шаруаны тікелей өзі қолдайтынын жеткізген Үкімет басы бұл, бір жағынан, интернет кеңістіктің дамуына оң ықпал етсе, екіншіден, қазақ тілінің көкжиегін кеңейтетінін баса айтты.
– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы ұлтымыздың бәсекеге қабілетті болу міндетін қойды. Халқымыздың бәсекеге қабілеттілігі – ұлттық мәдениеттің, әдебиеттің және ана тіліміздің бәсекеге қабілеттілігінен басталады, – деп кең көсілген Кәрім Мәсімов Мәдениет және ақпарат министрлігіне бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. – Мұқа, сіз теледидар мен радиоэфирдегі қазақ тілінің үлестік үнінің артық болуын қатаң қадағалауға міндеттісіз. Бұдан соң, қазақ тіліндегі газет-журнал, кітаптардың тиражын көбейту керек. Бұл да сіздің министрліктің назарында болуы тиіс. Сондай-ақ театрларымыздың репертуарларында жаңа шығармалар, Тәуелсіздік кезеңіне қатысты туындылар жоқ. Министрлік бұл мәселемен де жақсылап айналысуы керек.
Өз сөзімен айтқанда, ұлттың, елдің кескін-келбетін айқындайтын мәдениеттің жай-күйі талқыланған ерекше жиында Кәрім Қажымқанұлы дағдарыстың келіп-кететінін, ал рухани құндылықтар мен мәдениеттің мәңгілік екенін айрықша бағалады. Сондықтан кейіңгі кезде «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында мәдени қазынамызды толтырған рухани байлықтарымызды жас ұрпақтың бойына ерте бастан сіңіру керек. «Сіздердің министрліктеріңіз бен Білім және ғылым министрлігіне мынадай тапсырма беремін, – деген ол: «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыруда қол жеткізген нақты нәтижелердің біздің оқулықтарымыздан көрініс табуын бірлесе ұйымдастыруларыңыз қажет» дегенді айтты. Сондай-ақ ол еуропалық мемлекеттер түгілі, құдайы көршілеріміз: Ресей мен Қытайдың өзі сандық телеарнаға көшіп алғанын айта келе, олардан қалмауды ескертті: Мәдениет және ақпарат министрлігіне Ақпараттандыру және байланыс агенттігімен бірлесе отырып, жақын арада сандық телеарналар туралы ұсыныс енгізуді тапсырды. «Былтыр қаржылық қиындықтарға қарамастан, біраз мәдени ошақтарды жөндеп біттік» – деген К.Мәсімов күрделі жөндеу жұмыстары сиырқұймышақтанып тұрған Алматыдағы Ұлттық кітапхана ғимараты, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік Өнер мұражайы, сондай-ақ Достық үйі секілді нысандарды экономикалық ведомстволармен, әкімдіктермен бірлесе отырып, сол нысандардағы жөндеу жұмыстарын аяқтау туралы мәселені шешуді Мәдениет және ақпарат министріне тапсырды. Отандық киноиндустрияға да айрықша көңіл бөлініп келе жатқанын атап өткен Премьер-министр: «Қолдауға сай өнім күтеміз. Осындай мүмкіндіктерді еліміздің кинематографтары пайдалана білуі керек», – деді. Өнер саласы әңгіме болған тұста Кәрім Қажымқанұлы Мәдениет және ақпарат министрі М.Құл-Мұхаммед пен Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовке театр қызметкерлерінің бас ауруы болып отырған пәтер мәселесін шешуді қарастыру туралы тапсырма бергенін айтып, аталған сала өкілдеріне алақан соқтырды.
Өз кезегінде баяндама жасаған министр Мұхтар Құл-Мұхаммед нәтижеге бағдарланған бюджеттік жоспарлау жүйесіне көшу негізінде министрлік мәдениет және ақпарат саласын дамытудың төрт басты бағытын қарастырған 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын әзірлегенін хабарлады. «2009 жылғы міндеттердің ең бастысы— министрліктің стратегиялық жоспарын толық, уақтылы әрі тиімді іске асыру және қызметтің негізгі төрт бағыты бойынша барлық мақсаттық индикаторларға қол жеткізу», – деді Мұхтар Абырарұлы.
Тілге қатысты әңгіме қозғалғанда, еліміздегі мектептерде білім алып жатқан 2,5 миллион оқушының 1,5 миллионы ана тілінде білім алып жатуы қазақ тілінің ертеңіне деген үрейді жоққа шығаратынын айтқан ол: «өткен жылы министрліктің тапсырысы бойынша басып шығарылған әдебиеттің жалпы таралымы 800 мың данадан асты» дей келе, биыл ол көрсеткіштің миллионның үстінде болатынын жеткізді.
2008 жылы әлемнің 12 мемлекетінде Қазақсан мәдениетін дәріптеу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылғанына ерекше тоқталған Мәдениет және ақпарат министрінің сөзіне қарағанда, Қазақстан үшін ақпан айында айтарлықтай тарихи оқиға болмақ. «Ақпан айының 3-і күні біз қазақ-герман қарым-қатынасының тарихында бірінші рет Қазақстанның Германиядағы жылының ашылуына куә боламыз» деген оның айтуынша, Берлинде өтетін сол салтанат барысында неміс астанасының Үлкен концерт залында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен Қазақстанның Германиядағы жылы дүркіреп ашылып, еліміздің өнер шеберлері концерті беріледі. Мұхтар Құл-Мұхаммед сондай-ақ отандық мәдениет пен өнердің дамуына тың серпін беру үшін биыл үздік драмалық, музыкалық, әдеби шығармаларға байқаулар жарияланатыны туралы да өз сөзінде айтты.

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ
Ақпарат көзі
Категориясы: Ел жаңалықтары | Көрілді: 131 | Ендірген: IslamCom_Kz | Рейтингі: 0.0/0 |
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

Жарнама

Жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Іздеу

Жаңалықтар мұрағаты

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0


Бүгінгі зияратшылар:IslamCom_Kz, zhansaya_0691
Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: zhansaya_0691
Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 1187
Осы ай ішінде: 35
Осы апта ішінде: 16
Кеше: 2
Бүгін: 0

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010