Портленд қаласындағы атыс Орегон штатының Портленд қаласындағы би клубының маңында қарулы бір кісі топты адамға оқ жаудырып, екеуін өлтіріп, жетеуін жаралады. Осыдан кейін қылмыскер өзіне оқ атқан. Бұл қанды оқиғаға не себеп болғаны әлі анықталған жоқ. Полиция қылмыскердің өлген адамдармен таныстығы болмаған дейді. Жараланғандардың төртеуі Эквадор, Франция, Гватемала және Тайваннан келген шетелдік студенттер. Қаза тапқан 16 және 17 жастағы екі қыздың біреуі Перуден АҚШ-қа оқуға келген екен. Қылмыскер мен ауыр жараланған бір адам ауруханаға жатқызылды. Қалғандарының денсаулығы бірқалыпты. Ақпарат көзі