Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 27 » 27.01.2009. Обама инаугурациядан кейін шетелдік аудитория үшін алғашқы сұхбатын берді
27.01.2009. Обама инаугурациядан кейін шетелдік аудитория үшін алғашқы сұхбатын берді
16:46
Обама инаугурациядан кейін шетелдік аудитория үшін алғашқы сұхбатын берді ВАШИНГТОН. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Барак Обама кеше араб тілді Al Arabia жаңалықтар телеарнасына сұхбат берді, бұл Обаманың инаугурация рәсімінен кейін шетелдік аудиторияға беріп отырған алғашқы сұхбаты, деп хабарлайды ҚазАқпарат«РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Ақ үй өкілдерінің хабарлауынша, Обама сұхбатында мұсылман елдерімен жаңа серіктестікке өз әкімшілігінің бастамашы болуға әзір екенін қуаттап, Израильдің «АҚШ-тың берік одақтасы» болып қала беретінін атап көрсеткен.
АҚШ президенті Барак Обама дүйсенбі күні «әл-Арабия» телеарнасына сұхбат берді. Бұл Обаманың ұлықтау рәсімінен кейін шет елдік ақпарат құралдарына беріп отырған алғашқы сұхбаты. АҚШ президенті өз әкімшілігінің мұсылман елдерімен қарым-қатынастарды жаңа арнаға бұрып, серіктестікті дамытатындығын растады. Алайда Обама Израиль мен АҚШ арасында берік одақтастық бар екендігін де еске сала кетті. Тәулік бойы ақпарат тарататын «әл-Арабия» телеарнасы Дубаида орналасқан. Оның Таяу Шығыс аймағындағы көрермендері 23 миллион адамды құрайды. Ақпарат көзі