Өскемен қаласында орталық мешіттің құрылысы басталды. Ертіс өзенінің сол жақ жағалауынан бой көтеретін имандық үйіне бір мыңға жуық адам сыятын болады. Мешітте салттық залы, кітапхана, асхана және медресе орналасады. Күмбезінің биіктігі 40 метрге дейін. Облыс орталығының белгілі және рухани жетекші азаматтары мүшелікке енген қайырымдылық қоры құрылысқа басшылық етеді. Нысан халықтық құрылыс әдісімен салынады. Яғни, жаңа мешіттің құрылысына бүкіл Шығыс қазақстандықтар атсалысады. Жоба бойынша мешіттің айналасына саяжай мен гүлзарлар орналасса, медресе оқушыларына арнап стадион бой көтермек. Асылбек Сәбеков, мешіт құрылысын жүргізетін қайырымдылық қорының төрағасы: - Өскеменде мешіттер ескірген және жеткіліксіз. Сондықтан жаңа мешіт салынады, оның алғашқы іргетасын құюға жергілікті адамдардың жартысынан көбі келді. Ақсақалдар, құрметті азаматтар, Өскемендегі мұсылман қоғамы мүшелері мешіт салу керектігін бастама етіп көтерді. Осындай өтінішпен қала әкімдігі және кәсіпкерлердің алдына барған едік, олар бізді қолдады. Дәл қазір біз Ертістің сол жақ жағалауында мешітке арнап бөлінген жерде тұрмыз. Ақпарат көзі