Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 28 » 28.01.2009. Америкалық азамат қаржы дағдарысы салдарынан отбасын қырып салды
28.01.2009. Америкалық азамат қаржы дағдарысы салдарынан отбасын қырып салды
21:02
Калифорния штатындағы Уилмингтон қаласының тұрғыны жергілікті ауруханадағы жұмысынан айрылған соң өзінің әйелі мен бес баласын атып тастап, кейіннен өзіне қол жұмсады. Эрвин Антонио Лупо мен оның Анна есімді әйелі қызметінен қысқарған болатын. Олар жұмыстан босатылатындарын естігенде кәсіподақ арқылы өз құқтарын қорғап қалуға тырысқанымен, ештеңеге қол жеткізе алмады. Лупо отбасын өлтірмес бұрын өзінің сұмдық әрекетін түсіндіріп, жергілікті телеарнаға хат жолдаған екен. Ол екі беттік хатында тұрмыста жеңуге болмайтын экономикалық қиындықтарға тап келгенін айтады. Журналистер болуы мүмкін қылмыс жайында дереу дабыл қаққан екен. Дегенмен, полиция қызметкерлері оқиға орнына келіп жеткенде, отбасында тірі жан қалмаған болып шықты. Бұл өткен жылдың күзінен бері Калифорнияда отбасының барлық адамы қаза тапқан үшінші оқиға. Ақпарат