Руханият діни танымдық сайты -
Әлі-Бекен мешіті

ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Жексенбі, 01.08.2010, 06:52


| RSS
Сайт мәзірі

Жаңалықтар бөлімі
Әлем жаңалықтары [777]
ҚМДБ жаңалықтары [131]
Ислам жаңалықтары [136]
Өзекті мәселелер [318]
Сұрақ-жауап [27]
Асыл-арна жаңалықтары [2]
Cұхбат... [12]
Денсаулық... [14]
Мәлімет... [11]
Ел жаңалықтары [754]
Уағыз-насихат бөлімі [74]

Шағын-чат

Сауалнама
"Қазақ тілінің болашағы - Қазақстанның тәуелсіздігінде."
Жауап берілді: 214

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 30 » 30.01.2009. «Полиция қызметкері» студенттерді тонап кетті
+МоёМесто.ru Bookmark and Share
30.01.2009. «Полиция қызметкері» студенттерді тонап кетті
15:41
Қарағандыда полиция формасын киген біреу бір топ студентті тақырға отырғызып кетті.
Құқық қорғау органының беделіне нұқсан келтіріп отырған бұл оқиғаның жай-жапсары мынадай. Белгісіз біреу тапа тал түсте Қарағанды экономика және статистика колледжінің 12 студентінің қалта телефонын қағып кеткен. Оқиға барысы алаяқтың жүйкесі мықты біреу екенін байқатқандай. Форма киіп, полицейдің образына еніп алған ол дәл оқу процесі қайнап жатқан мезетте колледжге келеді де, топ кураторларының біріне тергеу ісімен жүргендігін, оқу орнындағы студенттер арасында ұялы телефон ұрлығына байланысты күдікті бар екенін айтады. Сезік тудырмау үшін құқық қорғау органы қызметкерінің куәлігін көрсетіп қоюды да ұмытпайды. Сосын «тергеу жұмыстарын» бастап жіберген «полицей» бір топ студенттің телефонын жинап, сөмкесіне салып алады да, топ старостасына өзімен бірге полиция бөлімшесіне баруды бұйырады. «Мәселенің мән-жайын сол жерде анықтаймыз», дейді зілденіп. Полиция бөлімшесіне келген ол кіреберісте студенттің күте тұруын өтініп, өзі кеңсеге еніп кетеді де ғайып болады. Құдды ертегідегідей: «Кірген із бар да шыққан із жоқ». Полиция қызметкерлерінің болжамынша алаяқ қосалқы есіктен шығып жүре берген. Сол кеткеннен мол кеткен.
Қазірде куәгерлердің айтуы бойынша, алаяқтың фотороботы жасалып, іздестірілу үстінде. – Іс-әрекетіне қарағанда алаяқ өте әккі біреу. Оқу орны күзетшілері, студенттер, тіпті оқытушылардың алдында еш сезік тудырмай, шаруасын ың-шыңсыз тындырып, сытылып кеткен. Дайындығы күшті. Алайда алаяқтың алысқа ұзап кете алмайтынына сенімдіміз. Бұл полицияның беделіне нұқсан келтірерлік жайт болғандықтан, ішкі істер қызметі іздестіру шараларына бар күшін жұмылдырып жатыр. Бірақ тонаушының полиция формасын киіп келгені анық емес. Куәгерлер оның үстінде қандай форма болғанын, шенінің қандай екенін дәл айта алмай отыр. Мүмкін, ол өрт сөндірушінің немесе күзетшінің қызмет киімі шығар. Ал құжаты жөнінде айтсақ, оның да полиция куәлігі екенін куәгерлердің ешқайсысы сеніммен айта алмады, – дейді ІІД Тіл саясаты және ақпарат басқармасының бастығы Ерғали Қожабеков.
Қарағандыда мұндай оқиға бұрын-соңды болмағынымен, ішкі істер органы қызметкерлерінің айтуынша, ұялы телефон ұрлығы қазірде ең көп жасалатын қылмыс түріне айналған. Ақпарат көзі
Категориясы: Ел жаңалықтары | Көрілді: 112 | Ендірген: IslamCom_Kz | Рейтингі: 0.0/0 |
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

Жарнама

Жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Іздеу

Жаңалықтар мұрағаты

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0


Бүгінгі зияратшылар:IslamCom_Kz, zhansaya_0691
Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: zhansaya_0691
Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 1187
Осы ай ішінде: 35
Осы апта ішінде: 16
Кеше: 2
Бүгін: 0

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010