Руханият діни танымдық сайты -
Әлі-Бекен мешіті

ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Жексенбі, 01.08.2010, 07:01


| RSS
Сайт мәзірі

Жаңалықтар бөлімі
Әлем жаңалықтары [777]
ҚМДБ жаңалықтары [131]
Ислам жаңалықтары [136]
Өзекті мәселелер [318]
Сұрақ-жауап [27]
Асыл-арна жаңалықтары [2]
Cұхбат... [12]
Денсаулық... [14]
Мәлімет... [11]
Ел жаңалықтары [754]
Уағыз-насихат бөлімі [74]

Шағын-чат

Сауалнама
Сіз бес уақыт намаз оқисыз ба?
Жауап берілді: 292

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 30 » 30.01.2009. Жаңа президент және Түркия-АҚШ қарым-қатынастары /Хайдар Чакмак
+МоёМесто.ru Bookmark and Share
30.01.2009. Жаңа президент және Түркия-АҚШ қарым-қатынастары /Хайдар Чакмак
23:11
Сегіз жылдық Буш әкімшілігі барысында Түрік-АҚШ қарым-қатынастарында ауыр мәселелер туылды. Көптеген кісі мен топтар Түркияның Батыс одақтастығынан шығып Ресей, Қытай және Иран шеңберінде орын алуын да тілге тиек етті. Түркия-АҚШ қарым-қатынастарында бұрын да мәлелелер туылған, алайда осыншалықты дағдарысқа бармаған еді.
Қатысты ұйымдар мен кісілерге пайдалы деген оймен бірнеше маңызды түйінге тоқталайық.
1. 1960-ншы жылдарда АҚШ-Кеңестер Одағы арасында туылған У-2 тыңшылық ұшақтарын Түркияға хабарламай жасырын Түркияның әуе кеңістігін қолданып Кеңестер Одағы территориясында тыңшылық жасауы және Түркияны орыстар алдында қиын күйге түсіруі себепті туылған дағдарыс.

2. Кеңестер Одағымен 1962-ншы жылы туылған Куба дағдарысында, Кеңестер Одағының АҚШ-тың көршісі Кубаға орналастырған зымырандарын шегіндірудің қарымжысы ретінде Түркиядағы Американ зымырандарының шегіндірілуі қабылданған. Түркияға осы жайлы хабар бермей саудаласуы және шегінуді қабылдауы дағдарыс туғызған. АҚШ осы зымырандарды Орыстарға қарсы Түркияны және Батыс әлемін қорғау мақсатымен орналастырғанын айтып Түркияны разы қылған. АҚШ өзінің мүддесіне келгенде одақтастарына хабар бермей, олардың қауіпсіздіктеріне қауіп төндіретінін көрсеткен болатын.

3. АҚШ-та 1960-ншы жылдарда есірткі қолданудан туындаған қоғамдық мәселелер мен осы мәселелердің қоғамдық наразылыққа айналуына орай Америка әкімшілігі Көкнәр өндіретін дос елдеріне Көкнәр өндірісін тоқтату жайлы қысым жасайды. Зиян тартқан егіншілердің зиянын төлеуге уәде береді. 1971-ншы жылы куалиция үкіметінің Бас министрі Нихат Ерім АҚШ-тың талабын орындайды. Алайда, АҚШ уәдесін орындамағандықтан 1974-ншы жылы Бас министр Булент Ежевит осы шектемені тоқтатады. АҚШ осы жағдайды протест етеді және Түркиямен қарым-қатынастарды бұзады.

4. 1964-ншы жылы Түркияның Кипр түріктеріне понтилардың қырғынын тоқтату мақсатымен әскери әрекет жасау талабына АҚШ президенті Ждон Инөніге хат жазып кедергі болған. Хатта Американ қаруларын қолдануларына болмайтынын және Кеңестер Одағы іске араласса Түркияны қорғамайтынын білдірген. Бұл Түркияда қатаң наразылық қозғаған еді.

5. 1974-ншы жылы Түркияның Кипрге кіруіне орай АҚШ Түркияға қару эмбаргосын қойған және қарым-қатынастар нашарлаған.

6. АҚШ-тың Иракқа кіру шешімінен кейін Түркияның қолдауын алу үшін 2003-ншы жылы 1-ншы наурызда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде өткен дауыс беруде көмек пен ынтымақтастық жоспарының қабылданбауына орай Буш әкімшілігінің ренжуі және Түркияға жау көзбен қарауы.

7. 2004-ншы жылы Солтүстік Иракта келісімдерге сай тұрған түрік әскерлерінің басына қап кигізілуі дағдарысы. Түрік әскерлерінің үйіне досша кірген, бұрыннан таныс АҚШ әскерлері Түрік әскерлерінің қаруын алып, кепілге ұстаған және бастарына қап кигізген болатын. Оқиға Түркияда қатаң наразылық туғызған.

8. АҚШ-тың ПКК террористік ұйымына қолдау беру ойы Түрік басшылары мен халқы тарапынан қабылданбайтын оқиға деп қаралған және Түрикяда АҚШ-тың ПКК жайлы шынайы болмағаны түсінігін туғызған болатын.

65 жылдық жақын қарым-қатынасқа қарамай АҚШ Түрік өнімдеріне әлі де шектеме қойып келеді. Орташығыста шетке қағу саясаттары, ПКК-ға қарсы мағынасыз тұғыры Түркияны ренжітуде.

Түрік-АҚШ қарым-қатынастарын улаған өзге бір тақырып болса 1915 оқиғалары жалғаны. Армияндар түріктер жасамаған қылмысты Батыс христиан елдерінде, христиандықтарын қолданып зорлықпен қабылдатуға талпынуда. Түркия батыстық ғалымдар да қатысқан ғылыми комицияның әлемдегі мұрағаттарда зерттеу жасауы және нәтижесін екі жақтың да қабылдауы ұсынысына жылы қарамаған армияндардың қандай бір айлакерліктің ішінде екенін көруді Обама әкімшілігінен күтуде.
www.trt.gov.tr
Категориясы: Әлем жаңалықтары | Көрілді: 133 | Ендірген: IslamCom_Kz | Рейтингі: 0.0/0 |
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

Жарнама

Жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Іздеу

Жаңалықтар мұрағаты

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0


Бүгінгі зияратшылар:IslamCom_Kz, zhansaya_0691
Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: zhansaya_0691
Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 1187
Осы ай ішінде: 35
Осы апта ішінде: 16
Кеше: 2
Бүгін: 0

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010