Руханият діни танымдық сайты -
Әлі-Бекен мешіті

ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Жексенбі, 01.08.2010, 06:27


| RSS
Сайт мәзірі

Жаңалықтар бөлімі
Әлем жаңалықтары [777]
ҚМДБ жаңалықтары [131]
Ислам жаңалықтары [136]
Өзекті мәселелер [318]
Сұрақ-жауап [27]
Асыл-арна жаңалықтары [2]
Cұхбат... [12]
Денсаулық... [14]
Мәлімет... [11]
Ел жаңалықтары [754]
Уағыз-насихат бөлімі [74]

Шағын-чат

Сауалнама
МЕШІТКЕ БАРУЫҢЫЗ ҚАЛАЙ?
Жауап берілді: 194

Негізгі бет » 2009 » Қаңтар » 31 » Бiз қазiр отпен ойнап жүрмiз
+МоёМесто.ru Bookmark and Share
Бiз қазiр отпен ойнап жүрмiз
02:35
Осы ойынымыздан түптiң түбiнде үлкен өрт шығатынын әлi  бағамдай қойған жоқпыз
Ең әуелi көргенiмдi айта­йыншы. 1989 жылы Қазан қаласына жолым түстi. «Крешiн татарлар» деп аталатын татарларды осында алғаш рет кезiктiрдiм. «Крешiн татарлар» деген кiмдер? Шоқынған татарлар. Христиан дiнiне (оның православие тармағына) өтiп кеткен татарлар. Бiр-екеуiмен әңгiмелесiп те көр­дiм. Татар тiлiнде сайрап-ақ тұр, бiрақ дiнi бөлек. Өздерi­нiң арнайы шiркеулерi бар. Татар жазушыларының айтуына қарағанда, бұлар татар хал­қының 10-12 пайызына жетеғабыл.
Былай қарасаңыз, мұсылман татарлар да, шоқынған татарлар да – бiр ұлт. Татар ұлты. Бiрақ, мұсылман татарлар мен шоқынған татарлардың бiр-бiрiне деген қарым-қатынасын көрсеңiз, екеуiн бiр ұлт деп айта алмайсыз. Ит пен мысықтай. Ортақ мәселеге, ортақ көзқарасқа келу былай тұрсын, тiптi бiр-бiрiне аман-сәлемiн қимайды. Мәселен, мұсылман татар өзiнiң қызын шүршiтке ұзатуға да­йын, бiрақ шоқынған татармен ешуақытта құда-жекжат болмайды. Шоқынған татар да мұсылман татарға күйеуге шыққан қызын «өлдiге» санайды...
Күнделiктi өмiрде, күнде­лiктi күйбiң тiрлiкте де мұсылман татарлар мен шоқынған татарлар өзара тiл табыса алмай, кеңiрдектесiп, керiл­деседi де жатады. Оның шет жағасын көрдiк те. Көшеге, аллеяға, паркке, балабақшаға, мектепке, кiтапханаға ат қою кезiнде мұсылман татарлар мен шоқынған татарлар кәдiмгiдей-ақ айтысып-тартысып қалады. «Көше» дегенiмiзден шығады, Қазан қаласында Жамбыл Жабаев атындағы көше бар екен. Крешiн татарлардың ұсынысымен (Құдай қылса қайтерсiз, дәл осы көшеде шоқынған татарлар молырақ шоғырланған екен – ред.) Жамбылдың есiмi алынып, бұл көшеге басқа атау берiлдi. Осы жерде айта кеткенiмiз жөн шығар, Татарстан Жазушылар одағы «Көшенiң аты бұрынғысынша, яғни Жамбыл Жабаев атында қалуы керек!» деп отырып-ақ алды. Бiрақ, қалалық атқару комитетi «Қазiргi заман – қайта құрудың, жариялылықтың заманы. Мұны көше тұрғындарының өзi шешсiн!» деген көрiнедi...
Қазақтың ұлы жырауы Жамбыл Жабаевтың есiмiн қорғай алмағанына қатты налыған татардың талантты жас жазушысы әрi публицисi Шакир Базиуллиннiң өксiп тұрып былай дегенi әлi күнге көз алдымнан кетпейдi:
– Бiр ұлттың екi дiнге бөлiнуi... Бұл – сұмдық қасiрет! Ұлттық қасiрет! Дiнi бөлектiң тiлегi де бөлек болады екен. Бiр ұлттың осылай бiр-бiрiнен алшақтауын, бiрiн-бiрi жат санауын қай жерден, қай елден көрiп тұрсың? Бiздiң елден ғана! «Бақытсыздық» деген де осы ғой. Бұдан асқан бақытсыздық болушы ма едi, бауырым...
Әрiптесiмiз Шакир Базиул­линнiң осыдан аттай жиырма жыл бұрын айтқан өксiктi пiкiрiн бiз неге бүгiн есiмiзге қайта түсiрiп отырмыз? «Время» газетi (27 қаңтар, 2009 жыл) «Казах выбирает патриарха» деген мақала жариялады. Мақала авторы Р.Бақты­гереевтiң айтуынша, Ресей­дiң Дiнбасысын сайлауға (бұл сайлау кеше өттi – ред.)  Қазақстаннан 6 делегат аттаныпты. Соның бiрi қазақ екен. Аты-жөнi – Асқар Естөреев. Асқардың өзi ғана правосла­ви­елiк емес, оның әкесi де, шешесi де православиелiктер екен. Асқар Естөреев дәл қазiр Астана – Алматы епархиясында референт болып жұмыс iстейдi, Мәскеудiң православие семинариясында  сырттай оқиды екен. Не керек, күллi Ресей мен Мәскеудiң патриархын сайлауға қазақтың да қатысқанын мақала авторы сүйiншi сұрағандай алақайлай жазыпты.
Шын мәнiнде, бұл – ешқандай жетiстiк емес. Керiсiнше, қасiрет. Ұлттың басына түскен үлкен қасiрет. Асқар Естөреевтiң өзi де, оның әке-шешесi де православие дiнiне шоқынған татарлар секiлдi 1850-70 жылдары өтiп кеткен жоқ. Не болмаса, Түменнiң қазақтары секiлдi (Ресейдiң Тюмень қаласында бiраз шоқынған қазақтар бар – ред.) 1890 – 1900 жылдары өткен жоқ. Бұлар православие дiнiне мүлде бертiнде, нақтырақ айт­сақ, Қазақстан тәуел­сiз­дiк алғаннан кейiнгi жылдары өттi. Онда да бiздiң қаперсiздiгi­мiзден. Бiр ұлттың бiрнеше дiнге бөлiнiп кетуiне мүлде үстiрт, енжар қара­ғанымыздан.
Ресми емес деректерге сенсек, дәл қазiр православие дiнiне өтiп кеткен қазақтардың саны тым қомақты. 2-3 мыңға жуық. Бұл дегенiңiз бiр қауым ел ғой. Православие дiнiне өткен қазақтар бiр қауым ел болғандықтан да, үлкен қауымдастыққа айналып үлгергендiктен де Асқар Ес­төреев Қазақстандағы орыс шiркеуiнiң аты­нан делегат болып сайланып отыр. Мұны бiр деңiз. Екiншiден, православие дiнiне өткен қазақтар бүгiнгi күнi православиелiктердiң санын қазақтардың есебiнен көбейтуге, қазақтардың есебiнен толықтыруға һәм  молықтыруға аянбай, жан-тәнiмен атсалысып жүрген көрiнедi. Сiз осыған сенесiз бе?  Өз басым сенемiн. Неге? Бiздiң қолымыздағы деректер бойынша, православие дiнiне өткен қазақтардың арасында дәл қазiр дiни лауазымға қол жеткiзген қазақтар (әскери тiлмен айтсақ, капитан, майор, подполковник дәрежесiне жеткендер)  едәуiр екен. Демек, бұлар – жай ғана православие дiнiн тұтынушылар ғана емес, сонымен бiрге осы православие дiнiн насихаттаушылар, уағыздаушылар. Осы дiндi әлiмұлыққа жеткiзуге бар күш-жiгерiн сарқа жұмсайтындар. Дiни лауазым бұларды осыған әрi мүдделi етiп, әрi мiндеттеп  отыр.
Не десек те, бiз қазiр отпен ойнап отырмыз. Түптiң түбiнде осы ойынымыздан алапат өрт шығатынын әлi сезiне алған жоқпыз. Ең жаманы, сезiнгiмiз де келмейтiндiгi.
Ақпарат көзі
Категориясы: Ел жаңалықтары | Көрілді: 125 | Ендірген: IslamCom_Kz | Рейтингі: 0.0/0 |
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

Жарнама

Жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Іздеу

Жаңалықтар мұрағаты

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0


Бүгінгі зияратшылар:IslamCom_Kz, zhansaya_0691
Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: zhansaya_0691
Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 1187
Осы ай ішінде: 35
Осы апта ішінде: 16
Кеше: 2
Бүгін: 0

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010