Руханият діни танымдық сайты -
Әлі-Бекен мешіті

ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Сейсенбі, 07.09.2010, 15:24


| RSS
Сайт мәзірі

Жаңалықтар бөлімі
Әлем жаңалықтары [779]
ҚМДБ жаңалықтары [139]
Ислам жаңалықтары [137]
Өзекті мәселелер [320]
Сұрақ-жауап [27]
Асыл-арна жаңалықтары [3]
Cұхбат... [16]
Денсаулық... [17]
Мәлімет... [20]
Ел жаңалықтары [759]
Уағыз-насихат бөлімі [74]

Шағын-чат

Сауалнама
Рамазан айының Оразасын тұтасыз ба?
Жауап берілді: 118

Негізгі бет » 2009 » Ақпан » 6 » «Арақ патшасы» мен бас редактор не үшін қамауға алынды?
+МоёМесто.ru Bookmark and Share
«Арақ патшасы» мен бас редактор не үшін қамауға алынды?
09:21
Соңғы уақыттары бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық және халықаралық ұйымдар өкілдерінің кәсіпкер Сұлтан Махмадов пен «Алма-Ата ИНФО» газетінің бас редакторы Рамазан Есіркеповті Ұлттық қауіпсіздік комитеті «заңсыз тұтқындады» деген пікір қалыптастырып, мәлімдемелер мен үндеулер жариялап жүр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мәлімдеме жасады деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметінен Мұхтар Анарбеков.
Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу, салық және акциз алымдарын төлемеу, «БМ» (Братья Махмадовы) және «Тараз» ЖШС жалған құжаттарын жасау және қолдану деректері бойынша ұлттық қауіпсіздік органдары қозғаған қылмыстық іс аяқталуға жақын. Кәсіпкер Сұлтан Махмадов этиль спиртін заңсыз өндіріп және оны сатумен ұзақ жылдар бойы айналысып жүргенін тергеу материалдары көрсетіп отыр. Осындай көлеңкелі бизнестің нәтижесінде оның жыл сайынғы астыртын қаржы айналымы бірнеше миллиард соманы құраған.
Махмадов және оның сыбайластары ерте ме, кеш пе, түбі бір қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын сезіп, дайындалғанға ұқсайды.
Бұлар тергеу шараларына қарсылық көрсетіп, ұлттық қауіпсіздік органдарын қаралауға тырысты. Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Махмадов пен оның сыбайластары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы департаментіндегі бір қызметкерді «сатып алу» арқылы тергеу амалдарына және жедел іздестіру шараларына қатысты құпия құжаттарды қолдарына түсірген. Қазір қауіпсіздік саласының қызметкері де қылмыстық жауапқа тартылуда. Өзі туралы жағымды қоғамдық пікір қалыптастыру үшін Махмадов құпия материалдың бір бөлігін, ірі көлемде қаржы беру арқылы газетке жариялауға берген. Ал «Алма-Ата ИНФО» газетінің бас редакторы Есіркепов саналы түрде, Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңындағы мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын басқа да құпияларды таратуға тыйым салу туралы жазылған, 2-бабын бұза отырып, құпия материалды жариялаған және тенденциялық түсініктерімен қоса редакция сайтына орналастырған.
«Тергеу құжаттарында Махмадов пен Есіркеповтің қылмыстық сыбайластығын, оның ішінде бас редактордың бас пайдасын көздегендігін дәлелдейтін айғақтар бар. Сонымен қатар, айыпталушы газет бетіне шыққан құжаттардан бөлек, құпия құжаттарды заңсыз түрде алған. Тараз қалалық сотының санкциясы бойынша Есіркеповке тұтқындау шарасы тағайындалды.
Мына жағдайды да айта кету керек, алғашқыда Есіркеповті тұтқындау туралы әңгіме болған жоқ, керісінше, оның мүддесі үшін, оған бірнеше мәрте заңды сыйлайтын азамат ретінде тергеушіге келіп түсінік беру керектігі айтылды. Бірақ Есіркепов Қылмыстық-процессуалдық кодекстің талаптарын орындаудан, тергеуге келуден бас тартты, шетел елшілігіне барып тығылды, басқа да арандатушылық әрекеттерге барды. Сондықтан Есіркеповке және басқаларға қатысты қылмыстық істер – заңдық негізде қозғалып, тергеу барысында барлық қылмыстық-процессуалдық нормалар сақталуда, қылмыстық істі прокуратура органдары бақылап отыр. Заң алдында барлық адам тең құқылы, ал кімнің қаншалықты кінәлі екендігін анықтау – тек қана соттың құзырында» дейді Мұхтар Анарбеков. Ақпарат көзі

Категориясы: Ел жаңалықтары | Көрілді: 114 | Ендірген: IslamCom_Kz | Рейтингі: 0.0/0 |
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

Жарнама

Жаңалықтар күнтізбесі
«  Ақпан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728

Іздеу

Жаңалықтар мұрағаты

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 7
Қонақтар: 7
Қолданушылар: 0


Бүгінгі зияратшылар:IslamCom_Kz, Мұсылман, Erzat_93, mus_askar
Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: mus_askar
Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 1251
Осы ай ішінде: 56
Осы апта ішінде: 8
Кеше: 2
Бүгін: 1

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010