Жуырда Талдықорған өңірінен өткен жылы қажылық парызын өтеп қайтқан қажылар қауымы бас қосты. ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Жұманәлі қажы Аманов әруақтарға бағыштап Құран оқып, бата жасағаннан кейін дастархан басына жиналған қажылар имандылық тәрбиесі тұрғысында өз ойларын ортаға салды. Сөз алған қажылар, әсіресе, бүгінгі күні жастар арасында имандылық тәрбиесін өрістете түспесе, өскелең ұрпақтың қайсыбір пиғылы теріс діни ағымдарға еріп кетуі мүмкін екендігін баса айтты. Сондықтан да, талдықорғандық қажылар жастармен жиі-жиі кездесіп тұруға пәтуаласты. Сондай-ақ, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған күні – Мәулітті өңір бойынша кең көлемде атап өтуге атсалысатындарын жеткізді. Болат ЖҰМАТАЕВ, Талдықорған қаласы.