Руханият діни танымдық сайты -
Әлі-Бекен мешіті

ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Сейсенбі, 07.09.2010, 14:10


| RSS
Сайт мәзірі

Жаңалықтар бөлімі
Әлем жаңалықтары [779]
ҚМДБ жаңалықтары [139]
Ислам жаңалықтары [137]
Өзекті мәселелер [320]
Сұрақ-жауап [27]
Асыл-арна жаңалықтары [3]
Cұхбат... [16]
Денсаулық... [17]
Мәлімет... [20]
Ел жаңалықтары [759]
Уағыз-насихат бөлімі [74]

Шағын-чат

Сауалнама
Сіздің қалтафоныңыз
Жауап берілді: 198

Негізгі бет » 2009 » Сәуір » 13 » [13.04.2009.] Сәлемің түзу болсын
+МоёМесто.ru Bookmark and Share
[13.04.2009.] Сәлемің түзу болсын
00:06
Біз қалай амандасып жүрміз? Қазаққа лайық, жарасымды, биязы, сыпайы, мәнді де мағыналы сәлемдесу қандай болу керек?
Жастарымыз қысқа ғана «сәлем» сөзін «привет» сөзімен алмастырып қолданып жүр. Сонда қазақта орыстың «здравствуйына» төтеп берер қысқа да нұсқа төл сөзіміз болмағаны ма? Тек қана әдеби норма саналатын «сәлеметсіз бе?» сөзін сирек еститін болдық. Парсы тілінде «саламат» сөзі «денсаулық» деген мағынаны білдіреді екен. Сонда біздің «сәлеметсіз бе?» деп жүргеніміздің өзі «Денсаулықсыз ба?» болып шыға келеді. Көпшілік мұны ұғына бермейді.
Жат жұрттық сөздер дұрыс игерілмесе, ала-құлалық аяқтан шала бермек. Орыстың «здравствуйына» парапар төл сөзіміз бар. Ол бүкіл түркі тіліне ортақ «арма» сөзі.
Қазіргі таңда «Армысыңды» радио-теледидарда айтуға құштарлардың қатары артып келеді. Өкінішке орай түпкі мағынасына мән бермейді. Бүкіл түркі тілінде «арма» сөзі хал жағдай сұрасудың бір түрі. «Арыма», «шаршама», «қажыма» деген мағынаны білдіреді.
«Арма!» — деген әлге қуат, Бар бол! — деген бәрінен зият», «Астықтың үлкені жарма, Сәлемнің үлкені «арма». Осынау қазақтың бір-ақ «арма» сөзі ауру – сырқау, қайғы – қасірет, бәле-жала, жоқшылық жоламасын деп бір өзі барша жақсы тілекті арқалап тұр. Бұдан артық қандай амандасу керек!
Игі дәстүрге, жақсы әдетке салғырт қарауымыздың кесірінен батысша сүйісіп, қалай болса солай құшақтасып амандасатын болдық. Жер бетіндегі адамның 90 пайызы герпес ауруының вирусын тасушылар екен. Ал дәл сол сияқты жолмен жұғатын ауру түрлеріне саусақ жетпейді. Оның ішінде тұмау, гепатит, туберкулез сияқты өзімізге жақсы таныс түрлері бар. Күнделікті өмірде көріп жүргеніміздей сүйіп амандасу кезінде ауызындағы жаман иістен ұшынып ауратын адамдар қанша ма?
Ол аздай әп-әдемі келіннің ибалы сәлем салуы «ислам дініне қайшы» деген пікірлер айтылып жүр. Сонда ғасырлар бойы исламды ұстанған ата бабаларымыз, оның ішінде қаншама ғалым-ғұламалардың үлкен күнәні білуге өресі жетпегені ме? Өз атасының алдында иіліп құрмет көрсете алмаған келін құдайға қалай құлшылық етеді? Адамдар бір-бірімен есендескенде әсіресе жастар үлкендерге бастарымен қоса кеуделерін сәл иеді. Ал исламда сыйлы кісіге құрмет көрсету ниетіңмен қолын сүюге рұқсат бар. Қол сүйетін адамның кісі алдында бел бүгіп иілетіні сөзсіз. Мұны ешкім харам деп есептемейді. Егер жалпы иілуге болмайтын болып саналса бұларға да тыйым салынар еді.
Сәлем салу қазақ келіндеріне тән ізіттілік белгісі. Қазақ келіндері инабаттылық әрі құрмет көрсету мақсатында сәлем салады. Оның еш ағаттығы жоқ. Бұл қазақтың әдет ғұрпы екенін ұмытпайық. Ақпарат көзі

Ақжарқын НҰРДӘУЛЕТ
Категориясы: Ислам жаңалықтары | Көрілді: 203 | Ендірген: IslamCom_Kz | Рейтингі: 0.0/0 |
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

Жарнама

Жаңалықтар күнтізбесі
«  Сәуір 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

Іздеу

Жаңалықтар мұрағаты

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 4
Қонақтар: 4
Қолданушылар: 0


Бүгінгі зияратшылар:Мұсылман, Erzat_93, mus_askar
Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: mus_askar
Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 1251
Осы ай ішінде: 56
Осы апта ішінде: 8
Кеше: 2
Бүгін: 1

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010