Негізгі бет » 2009 » Сәуір » 27 » [27.04.2009.] Жастар қалалық бейітті ретке келтіруге қатысты
[27.04.2009.] Жастар қалалық бейітті ретке келтіруге қатысты
23:13
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Өткенге құрмет – елге құрмет» атты үндеуіне орай «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанаты мүшелері сәуірдің 26-сында Орал қалалық зиратында сенбілік өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сенбілікке қажетті құрал-жабдық, көлік мәселесін қала әкімдігі мен «Ритуал» кәсіпорны шешсе, жастар бес сағат бойы еңбек етті. Төрт жүк көлігіне қоқыс тиеліп, қалалық бейіт іші біраз тазаланып қалды.Тазалау жұмыстарына тұрғындар да қатысты. ОРАЛ. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат