Руханият діни танымдық сайты -
Әлі-Бекен мешіті

ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Жексенбі, 01.08.2010, 07:00


| RSS
Сайт мәзірі

Жаңалықтар бөлімі
Әлем жаңалықтары [777]
ҚМДБ жаңалықтары [131]
Ислам жаңалықтары [136]
Өзекті мәселелер [318]
Сұрақ-жауап [27]
Асыл-арна жаңалықтары [2]
Cұхбат... [12]
Денсаулық... [14]
Мәлімет... [11]
Ел жаңалықтары [754]
Уағыз-насихат бөлімі [74]

Шағын-чат

Сауалнама
Вирусқа қарсы қандай бағдарламаларды қолданып жатырсыз?
Жауап берілді: 198

Негізгі бет » 2009 » Қараша » 22 » [22.11.2009.] Басқаларды сынай...
+МоёМесто.ru Bookmark and Share
[22.11.2009.] Басқаларды сынай...
10:17
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Мұсылман болғандықтан біз әр адамның қандай жағдайда болмасын жазықсыздығына шүбә келтірмеуімізді ұмытпағанымыз жөн. Ислам өзге адамдарды мінеуде адалдық пен риясыздықты талап етеді. Аллаһ айтады: «Жақындарың болса да әділдікті айтыңдар» (Ән’ам сүресі, 152). Және Ол айтады: «Әй мүміндер! Алла үшін куәлікте туралық үстінде мықты тұрыңдар. Және бір елдің өшпенділігі сендерді әділсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ. Және Алладан қорқыңдар. Күдіксіз Алла не істегендеріңнен толық хабар алушы» (Әл-Мәида сүресі, 8). Біреу-міреуге белгілі бір жағдайларда айып тағу жөнсіз, егер бұл жайында анық біліп, дәлелдеріміз болмаса. Белгілі бір адамды өсек-аяң мен күдікке сүйеніп сынау мүлдем рұқсат етілмейді.  Аллаһ айтады: «Әй мүміндер! Бұзық біреу хабар келтірсе, оны анықтаңдар. Әйтпесе білмей бір елге кесірлерің тиіп, істегендеріңе өкінесіңдер» (Әл-Хужурат сүресі, 6). Сонымен қатар Ол ескертеді бізді: «Әй мүміндер! Күмәнның көбінен сақтаныңдар. Өйткені, күмәнның кейбірі күнә» (Әл-Хужурат сүресі, 12). Адам басқа біреудің қателіктерін айтуға мәжбур болған сәттерде оның жақсы жақтарын да айта кетсе, игі болар еді. Белгілі бір адамның жасаған қателігінің маңыздылығын асыра көрсетуге де болмайды. 

Егерде адамның жіберген қателігі дәл анықталса немесе дәлелденсе, онда басқа адамдарды бұл жайында ескертіп, шындықты айқындаудың еш бұрыстығы жоқ. Дегенмен қателік басқа адамдарды қашықтатып алмау үшін сыпайы, лайықты түрде түзетілуі тиіс. Қателікті одан басқа бір нәрсеге сұғанақтық етуден сақтана отырып түзеткен жөн. Мысалы, қателік істеп қойған адамды оның пәс ниеті немесе жаман пиғылы бар деп айыптауға болмайды.
Ғалымдардың қателіктерін айта отырып, Әл-Дахаби былай деген: «Егер біз қателік жасап қойғандарды әшкерелеп, жүрегінде тек таза иманы бар және ақиқатты шынайы іздеп жүрген адамдарды сынға алып, оларды жаңашылдықты бастаушылар деп жарияласақ, онда біздің ғалымдардың біреуінің де рақым етілуі екіталай болар еді» [Сийар аль-алям ан-нубаля (14/374)].
Білімді, ақылды, адал әрі тақуа, өздерінің ізденісінде мұқияттылыққа ие және тұжырымдамалары көбінесе дұрыс болып келген адамдарды егер олар қасақана емес, абайсызда біреуді сынап қателессе, кешірілуі тиіс екенін ұмытпауымыз керек.
Олардың жақсы қасиеттері мен істері назардан тыс қалмауға тиіс. Әрине, біз қателік кімнен кеткеніне байланыссыз бұрыс көрсетілген нәрсеге ермейміз ғой. Әйткенмен біз адамның жасаған жақсылығын жоққа шығару үшін мұны пайдаланбаймыз да.
Және бұл Аллаһқа жақсы мәлімірек.

Шейх Ахмад аль-Худайри

dawah : просто призыв | just invitation | فقط دعوة алынған.

Асем Азаматова 



Категориясы: Ислам жаңалықтары | Көрілді: 178 | Ендірген: IslamCom_Kz | Рейтингі: 0.0/0 |
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

Жарнама

Жаңалықтар күнтізбесі
«  Қараша 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Іздеу

Жаңалықтар мұрағаты

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0


Бүгінгі зияратшылар:IslamCom_Kz, zhansaya_0691
Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: zhansaya_0691
Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 1187
Осы ай ішінде: 35
Осы апта ішінде: 16
Кеше: 2
Бүгін: 0

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010