Руханият діни танымдық сайты -
Әлі-Бекен мешіті

ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Жексенбі, 01.08.2010, 07:00


| RSS
Сайт мәзірі

Жаңалықтар бөлімі
Әлем жаңалықтары [777]
ҚМДБ жаңалықтары [131]
Ислам жаңалықтары [136]
Өзекті мәселелер [318]
Сұрақ-жауап [27]
Асыл-арна жаңалықтары [2]
Cұхбат... [12]
Денсаулық... [14]
Мәлімет... [11]
Ел жаңалықтары [754]
Уағыз-насихат бөлімі [74]

Шағын-чат

Сауалнама
Күніне неше сагат интернетте отырасыз?
Жауап берілді: 139

Негізгі бет » 2009 » Желтоқсан » 23 » [23.12.2009.] Меккеге Тасбибі апаның да табаны тиді
+МоёМесто.ru Bookmark and Share
[23.12.2009.] Меккеге Тасбибі апаның да табаны тиді
08:47
Биылғы Қажылыққа барғандар өткен аптада елімізге оралды. Ал олар Мекке–Мәдинадан қандай ерекшеліктер, нендей өзгерістер байқапты? Осы жағын білу үшін біз қажылықтан оралған шым­кенттік Тасбибі Арқабаеваны сөзге тарттық.
Жол бойында тегін тамақ тұрады
«Мен бұрын кіші қажылыққа барып келген едім, – дейді Т.Арқабаева. – Биыл үлкен қажылыққа баруға аяғымның сыр­қатынан қорқып жүргенмін. Аяғым аздап ауыратын еді. Әлжан деген ұлым: «Қа­жылыққа барып келіңіз, кейін аяғыңыз қатты ауыратын болса, бара алмай қаласыз», – деді. Сонымен, баламның сөзі әсер етіп, Шымкенттен 14-қараша күні қажылыққа аттандым. Сауд Арабиясының Жидда қаласына барғанымызда біз­дің топты үлкен екі автобус күтіп алды. Тобымызда 106 адам бар еді. Барлығымыз екі автобусқа мініп, Мәдина қаласына жол тарттық. Екі қаланың арасы 450 шақырым екен. Жолда кетіп бара жатқанда әр жерде таудай үйілген заттар тұратынын көрдік. Автобустар солардың қасына барып тоқтайды. Ол жерде арабтар: «Мынау Сауд Арабиясы королі­нің қонақтарға арнаған сыйы», – деп әр­қайсымызға бір қағаз жәшіктен берді. Ашып қарасақ, ішінде зәмзәм суы, шырын, тәтті нан, «холодецке» ұқсайтын та­ғамы бар. Осылай бірнеше жерде король сыйын алып, Мәдинаға дейін тамаққа шығын шығармадық».
Ол кісілер Мәдина қаласына барғандарында бес жұлдызды бір қонақүйге орналасыпты. Ол қонақүй пайғамбарымыздың мешітінің жанында екен. Мұны білгенде қажылыққа барғандар толқып, «Сембекова и К» компаниясының басты­ғы Ботагөз Сембекованың тілеуін тілеу­мен болыпты. Т.Арқабаева да «Замана» арқылы ол кісіге алғысын білдіргісі келе­тінін айтады. Себебі сонда жатқан бес күн бойы барлығы намаздарын пайғамбардың мешітіне барып оқып тұрыпты.
Өзекеңдер өріп жүр
Аталмыш топ үлкен қажылық басталардан бірнеше күн бұрын Мәдинаға бар­ған. Сол себепті оларды компания мамандары күнде әрбір тарихи орындар­ға апарып қыдыртыпты. Кейіннен қажылық жасайтын жерлердің барлығын, жүретін жолдарды арнайы көрсетіп шыққан. Бұл қажылық кезінде қиналмас үшін жасалған дайындық екен.
«Айтпақшы, әлгі біз барған қонақүйде қызмет жасап жүргендер түгелдей дерлік өзбектер екен, – дейді Тасбибі апа. – Қонақүйдің иесі де Әбсаттар деген өзбек. Бірақ қожайын – ауғандық өз­бек, қызмет жасап жүргендер болса Өз­бекстаннан барғандар. Олардың еңбекқорлығына, сонау араб еліне дейін барып, ақша тауып әрі сауап алып жүр­гендеріне риза болдым. Одан кейін Мә­дина қаласында да түрлі тұрмыстық қыз­мет көрсететін орындарда, базарларда, дүкендерде өзбектер көбейіп кетіпті.
Әңгімені қайтадан қажылық мәселе­сіне бұрсам, бұл парыз орындау Арапа күні басталады екен. Ол күні адамдар Арафат тауына барып, күн батып бара жатқанда тілек айтады. Арафатқа бару үшін бірінші Мина деген тауға бару керек. Сол тауға компания мамандары бізді бір күн бұрын автобуспен алып барды. Олар ертеңіне баратын адамдардың көп болатынын, қиналып қалуымыз мүмкін екенін түсіндірді. Мина тауына шықсақ, екі таудың ортасындағы асфальтталған алаңға қатарынан шатырлар тігіліпті. Сон­шалықты көп шатырлардың екі қатары Қазақстаннан барғандарға арналыпты».
Тасбибі апа қасындағы әйелдермен бір шатырға орналасып болғанда оны шымкенттік Қалиолла Маджан іздеп ке­ліпті. Апа сонау араб еліндегі тауда өзінің жерлесін жолықтырғанына таңданыпты. Сөйтсе, Қ.Маджан Тасбибі апаның қажылыққа бара жатқанынан алдын-ала хабардар болған көрінеді.
Тасбибі апа қонақүйде ішкен тамақтың ақысы билет құнына кіретінін айтады. Ал Мина тауында адамдар тамақты өздері сатып алып ішеді екен. Онда та­мақ істеп сатып жатқандар арасынан да апа өзбек ұлтының азаматтарын көрген. Сондай-ақ осында сол елдегі қалта телефондарының нөмірі мен «единица» са­тып жүргендер арасында да өзбек жастары бар екен.
Тасбибі апа арабтардың осы шатырлар жаққа да электр желілерін жеткізге­ніне риза болыпты. Шатырлардың ішінде барлық жағдай жасалған екен. Тіпті қо­нақүйдегідей кондиционерлер орнатылыпты, ал шатырларға жақын жерге орналасқан әжетханалардың ішіне су жүйе­сі жүргізілген.
«Тағы бір таңданғаным, ол жерде қа­жылыққа келгендерге қызмет жасайтын арнайы мамандар жүреді, – дейді Тас­бибі апай. – Біздегі күзетшілердікіне ұқ­сас киім киген олар зәмзәм суының мұз­далған түрін таратып жүр. Таратқанда мұзды әкеліп әр шатырдағы арнайы ыдысқа салып кетеді.
Келесі күні біз Муздалифа деген тауға бардық. Ол жерден 49 тас алуымыз керек екен. Миллиондаған адам келіп алып жатса да бұл тастардың көптігіне таңыр­қадық. Бірінші күні тастың жетеуін алып, Минаға апарып, шайтанға тас ататын жерде міндетіңді орындайсың. Қалған 42 тасты екі күнде бөліп атасың. Шайтанға тас ататын жерге бару – 5 шақырым, қайту 5 шақырым жол. Осылай үш күн барғанда 30 шақырым жол жүресіз. 40 градус ыстықта мұнша жол жүру оңай емес. Дегенмен шайтанға тас атуға бара жатқан жолдарға арнайы ұзыннан-ұзын 4-5 туннель істеліпті. Ол туннельдерге кірген кезде төбесінде кондиционер болғандықтан іші салқын. Осындай жолда адасып қалмас үшін қазақстандықтар қол ұстасып жүрдік.
Қажылықта жүргенде құрбандыққа деп 100 доллардан береді екенсің. Ақ­шаңа арнайы мамандар қошқар әкеліп сояды. Кейіннен бізге асханада қуырдақ,­ ет берілді. Сонда тамақтағы сүйектер тоқтынікінен де кішірек екенін аңғардық. Мәнісін сұрасақ, мамандар қош­қарлар­дың Судан мемлекетінен әкелінге­нін, оларда осындай тұқымдас қойдың барын­ айтты. Кішкене қошқарлардың алынған себебі, ысыраптың орын алмауы ескері­ліпті. Өйткені қажылыққа барғандардың барлығы құрбандық шалдыртады».
Қажылар мұнан кейін Меккеге барып, Қағбаны жеті рет айналып, Сафуа-Мәруа тауының арасын жеті рет жүріп өтіпті.
Бүгнде қажылық шарттарын орындап қайтқан Тасбибі апаның қуанышында шек жоқ. Ол кісінің қажылығы қабыл болғай! http://www.zamana.kz/
С. БАЙБОСЫНОВ.

 
Категориясы: Ислам жаңалықтары | Көрілді: 183 | Ендірген: IslamCom_Kz | Рейтингі: 5.0/2 |
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

Жарнама

Жаңалықтар күнтізбесі
«  Желтоқсан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Іздеу

Жаңалықтар мұрағаты

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0


Бүгінгі зияратшылар:IslamCom_Kz, zhansaya_0691
Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: zhansaya_0691
Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 1187
Осы ай ішінде: 35
Осы апта ішінде: 16
Кеше: 2
Бүгін: 0

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010