[24.12.2009.] Балды балаға тек үш жастан беру керек
12:01
Кәдімгі балдың және бал өнімдерінің емдік қасиеттері жайлы жақсы білеміз. Алайда осы өнімдерді сәбилер денсаулығына зиян деп жатады. Балды балаларға қанша жастан бере бастаған дұрыс?Арайлым СЕРІКОВА, Алматы Адам денсаулығына қажетті дәрумендерге бай бұл өнім цитрустық жемістер және түрлі тәттілер сияқты жоғары аллергенді болып келеді. Сондықтан мамандар балды сәби үш жасқа толғанға дейін беруге болмайтынын айтады. Жалпы, аталған тағам түрін үш жасқа толған бүлдіршіндерге тәулігіне 1-2 шай қасықтан, ал одан кіші сәбилерге 1/2 шай қасықтан артық тұтынуға болмайды. Аллергияға бейім тұратын сәбилерге бұл тағамды тұтынуға мүлдем тыйым салынады. Ал прополис, перга сияқты бал шаруашылығының өнімдерін тек денсаулық сақтау мамандарының рұқсатымен ғана пайдалану керек. Айта кетейік, балдың химиялық құрамы қантпен салыстырғанда түрлі дәрумендерге бай болып келеді. Дайын балдың құрамындағы 75% көміртегінің 37%-ы фруктоза, 36% глюкозадан тұрса, сахароза мөлшері бар болғаны 2%-ға тең.