Руханият діни танымдық сайты -
Әлі-Бекен мешіті

ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Жексенбі, 01.08.2010, 06:50


| RSS
Сайт мәзірі

Жаңалықтар бөлімі
Әлем жаңалықтары [777]
ҚМДБ жаңалықтары [131]
Ислам жаңалықтары [136]
Өзекті мәселелер [318]
Сұрақ-жауап [27]
Асыл-арна жаңалықтары [2]
Cұхбат... [12]
Денсаулық... [14]
Мәлімет... [11]
Ел жаңалықтары [754]
Уағыз-насихат бөлімі [74]

Шағын-чат

Сауалнама
"Қазақ тілінің болашағы - Қазақстанның тәуелсіздігінде."
Жауап берілді: 214

Негізгі бет » 2009 » Желтоқсан » 27 » [27.12.2009.] Ашура күнi
+МоёМесто.ru Bookmark and Share
[27.12.2009.] Ашура күнi
03:10
Мұхарам айы – мұсылмандардың ай санауындағы бiрiншi ай. Биыл мұхарам айы желтоқсанның 18-не сәйкес келген. Мұхарам айы туралы қасиеттi Құранда және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисiнде де айтылып кеткен.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мына бiр хадисiнде «Рамазаннан соң ең қасиеттi ораза Аллаһ Тағала айы болған Мұхарамда тұтылған ораза, парыз намаздан соң ең қасиеттi намаз ол – түнгi (тахажуд) намаз.Осы Мұхарам айында қасиеттi бiр күн бар, ол – Ашура күнi.
Мұхарам айының оныншы күнi,
желтоқсанның 27-і – ашура күнi деп аталады.  Сахабалардың бiрi Пайғамбарымыздан:
– Я, Расуллуллаһ! Аллаһ Тағала ашура күннiң басқа күндерден қасиеттiлiгi неде? – деп сұрағанда. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
– «Ашура күнi басқа күндерден де қасиеттi. Аллаһ Тағала көктi (жер жүзiн) ашура күнi жаратты. Тауларды, теңiздердi, әлемдi және Адам (ғ.с.) осы күнi жаратты. Адам (ғ.с.) ашура күнi жаннатқа кiргiзiлдi. Ибрахим (ғ.с.) осы күнi туылды және осы күнi оттан құтқарылды. Аюб (ғ.с.) осы күнi ауруынан жазылды. Адам (ғ.с.) тәубесiн осы күнi қабыл еттi. Иса (ғ.с.) осы күнi дүниеге келдi. Қиямет күнi – осы күнi болады» деген екен.
Яғни, бұл күнi қасиеттi болып саналғаны үшiн көп зiкiр және дұғада болған өте жақсы. Және де дұғасы қабыл болатын қасиеттi күндердiң бiрi.
Бұған «Er Ruru^lFaik» кiтабындағы мына бiр оқиға мысал бола алады.
«Басрада бiр бай адам әр жыл сайын ашура күнi мүмин бауырларын үйiне жинап таңертеңге дейiн Құран оқып, пақыр, кедейге, қүң және жетiмдерге көмектеседi. Яғни ихрам етедi. Сол үйде аяғынан жүре алмайтын қыз бала бар едi.
Қызы әкесiнен:
– Әкешiм, бұл қандай күн? Көршiлердi жинап Құран және көп зiкiр етесiздер? – дедi.
– Әкесi:
– Жаным, бұл күн ашура күнi Аллаһ Тағала жанындағы ең құрметтi күн дедi. Кейiн ұйқыға барған қыз, төсегiне жатып еш ұйықтай алмады. Жүрегi бiр түрлi болып, Құран және зiкiрдi тыңдайды. Құран-хатым дұғасын қылғанда қыз да қолын жайып Аллаһқа дұға еттi:
– Я, Аллаһым, менi бұл халден құтқар, жүрегiмдi тазарт деп дұғасын аяқтайды. Қыз осылайша ұйқыға кетедi. Таңертең тұрса қыз аяғынан тiк басып тұрды.
Бұны көрген әкесi:
– Қызым, бұл қалай болды? – дегенде.
– Әкешiм, бұл күнi Аллаһқа тәубе еттiм. Аллаһым менi осы күнге жеткiздi – деген екен.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тағы бiр хадисiнде:
«Арафа күнi ораза тұту бiр жолғы ұсақ күнәсiне кәффарат болар. Ал ашура күнi ораза тұтса бiр жылға үлкен және жаңылыс iстеген күнәсiне кәффарат болар».
1. Бұл күнi зiкiрлер және дұға жасалынады.
2. Мұхарам айының 9-10 күнi немесе 10-11 күнi ораза тұтылады.
Нұһ а.с. кемесi ашура күнi тоқтаған. Яғни топан Ережеп айының бiрiнде басталып мұхарам айының оныншы күнi Жудди тауына тоқтаған Хз Нұһ (а.с.) және мүминдер осы күнi шүкiр етiп ораза ұстады. Қалған ризықтан ашура пiсiрдi. Яғни қалған барлық тамақ түрiн қосып пiсiрген. Ол – ашура деп аталған ерекше тамақ. Ашура күнi садақа беру, бiреуге сый ұсыну, ораза ұстау – сүннет болып табылған.
3. Ғұсыл алынады. (Дененi толық жуу).
«Ашура күнi кiмде-кiм ғұсыл етсе өлiм ауруынан басқасының бәрiне ем болады» – деп Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан.
4. Бiр мүмин ауыз ашар жасаса, бүтiн мүминге ауыз ашар жасағанымен тең болады.
5. Бiр ауруды зиярат ету.
«Ашура күнi бiр ауруды зиярат етсе, бүкiл адамды зиярат еткенмен бiрдей болады.
6. Кiмде-кiм 10 мүминге сәлем берер болса, бүкiл мүминге сәлем бергенмен тең болады.
7. Ишрақ уақытында (таң атқан соң бiр сағат уақыты) 4 ракат намаз оқылады.
Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мына бiр хадисiнде:
«Кiмде-кiм Ашура күнi 4 ракат намаз оқыса, әр ракатта 1 фатиха 51 рет ыхлас оқыса Аллаһ Тағала ол кiсiнiң өткен және келер жылғы күнәларын кешiредi.
Омар бин Хаттаб.
Мiнеки, мұсылман бауырларым, мұхарам айының iшiндегi ашура күнiнiң қасиетi осындай екен. Мұхарам айында көп дұға, зiкiрмен өткiзейiк.
Күллi әлемнiң жаратушысы болған Аллаһ бiздiң қылған дұға тiлегiмiздi қабыл етсiн! Әмин.

Жыл басы дұғасы

Хадис шәрифте былай делінген: «Әлхамдулиллаһи Раббил-алемин. Уассалату уәссәламу ала сайидина Мухаммадин уә ала алиһи уә сахбиһи әжмаин. Аллаһумма әнтәл-әбадиул-қадим, әл-хайул карим, әл-ханнан, әл-мәннан. Һазиһи сәнәтун жәдидәтун. Әсәлука фиһәл-исмәтә минәшшайтанирражим, уәл аунә ала һазиһиннәфсил-әммарати биссуи уәл-иштиғалә бимә юқаррибуни иләйкә, йа зәл-жәлали уәл-икрам, бирахматикә йа әрхамаррахимин. Уә саллаллаһу уә сәлләмә ала сәйидина уә нәбиинә Мухаммедин уә ала алиһи уә сахбиһи уә әһли бәйтиһи әжмаин».

Бұл дұғаны Ашура күні (мухаррамның оныншы күні) 3 рет оқыған адам келесі мухаррамға дейін өлімнен де амандықта болатыны, өйткені тағдырында өлетіні жазылған адамға бұл дұғаны оқу нәсіп болмайтыны білдірілген.

Админ.
Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 304 | Ендірген: IslamCom_Kz | Рейтингі: 5.0/4 |
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

Жарнама

Жаңалықтар күнтізбесі
«  Желтоқсан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Іздеу

Жаңалықтар мұрағаты

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0


Бүгінгі зияратшылар:IslamCom_Kz, zhansaya_0691
Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: zhansaya_0691
Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 1187
Осы ай ішінде: 35
Осы апта ішінде: 16
Кеше: 2
Бүгін: 0

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010