Руханият діни танымдық сайты -
Әлі-Бекен мешіті

ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Сейсенбі, 07.09.2010, 13:58


| RSS
Сайт мәзірі

Жаңалықтар бөлімі
Әлем жаңалықтары [779]
ҚМДБ жаңалықтары [139]
Ислам жаңалықтары [137]
Өзекті мәселелер [320]
Сұрақ-жауап [27]
Асыл-арна жаңалықтары [3]
Cұхбат... [16]
Денсаулық... [17]
Мәлімет... [19]
Ел жаңалықтары [759]
Уағыз-насихат бөлімі [74]

Шағын-чат

Сауалнама
Мен үшін ең абзал нәрсе.
Жауап берілді: 247

Негізгі бет » 2010 » Шілде » 6 » Азаматтық неке дегеніміз – ашыналықтың жаңа түрі
+МоёМесто.ru Bookmark and Share
Азаматтық неке дегеніміз – ашыналықтың жаңа түрі
13:09
Кейінгі жылдары «азаматтық неке» мәселесі күн тәртібіне қойыла бастады. Оны жақтаушылар да баршылық. Заңдастырып алмақ ойлары да бар. Тіпті ел арасында «еркін махаббат» немесе «іс жүзіндегі неке» деп те атап жүр. Бұл сөздердің астарынан «ашыналық» ұғымын көру қиы н емес. Бұл  жаһандастыру толқынымен «жабайы батыстан» келген құбылыс.
«Азаматтық неке» ұғымы 1580 жылы Нидерланды елінде қалыптасқан көрінеді. Кейін 1791 жылы Францияға, 1836 жылы Англияға, 1875 жылы Германияға, 1917 жылы Ресейге тараған. Енді міне біздің елдің есігін қағып тұр.
Бұл некенің өзгешелігі мемлекеттiк органның тiркеуiнен де өтпейдi, Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы” Заңында ол туралы ешқандай түсiнiктеме берiлмеген. Сол себепті заң өкiлдерi мұны әзірге "бейресми некелесу” деп  қабылдап отыр.

*****
Ислам діні жастардың отбасылы болуларына айрықша мән беретін дін. Өйткені, отбасы әрбір қоғамның негізін қалайды. Егер қоғамды бір ғимарат десек, отбасы сол ғимараттың кірпіші саналмақ. Ұл-қыздарымыздың отбасы болып өмір сүрулері еліміз, ұлтымыз үшін қажет-ақ. Ислам діні мен салт дәстүріміз тұжырымы бойынша ер адам отағасы, ал әйел үйдің берекесі боп саналады. Сондықтан жастарымыз отбасы құрмай бақытты өмір сүруге қол жеткізе алмайды. Ислам діні шаңырағы биік, керегесі кең, босағасы берік отбасы құруды ерлі-зайыптының ортақ міндеті етіп бекіткен. Сол себепті дініміз отбасылық өмірді, неке қидырып бастауды үндейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Неке менің сүннетім, кім менің сүннетімнен бет бұрса, ол менің үмметім емес»,– деген. Неке қидыру дегеніміз – екі жастың адал жолмен қосылып, перзентті болып, киелі шаңырақ көтеруі деген ұғымды білдіреді. Некесіз екі жастың қосылуын ислам қатаң қаралайды, мұны харам деп үлкен күнәлар қатарына жатқызады. Міне осы неке мәселесі төңірегінде жағымсыз, негізсіз әдеттер біздің қазіргі қоғамда қалыптасып жатыр. Жастардың алдымен төсектес болып, заңды некелесуге асықпай некеге немқұрайлы қарауы алаңдайтын жағдай. Міне, осындай арсыз қылыққа жастардың етін үйретіп, ниетін бұзып жүрген «Азаматтық неке».
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадис-шәріпінде: «Неке қидырып үйленіңдер, перзентті болып көбейіңдер. Әрине мен сендердің көптіктеріңді қиямет күні басқа үмметтің алдында мақтаныш етемін»,-делінген. Шаңырақ көтерген жас жұбайлардың бірінші ақ некесін қиып, оларға ізгі тілек айтып, құттықтау мұсылмандардың бір міндеті, әдет-ғұрпы саналады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) әрқашан отау құрғандардың некесін көпшілікті куәлік етумен қиып, жақсы дұғалар жасаған. Үмметтеріне де солай етуге бұйырған. Некесі қиылмай олардың жеке қалуы былай тұрсын бір-бірінің қолынан ұстауына тиым салады. Сондықтан әрбір ата-ана қыз ұзатып, келін түсірген кезде жас-жұбайлар жеке отауға шықпай тұрып, яғни салтанатты той думанға дейін созбай, некелерін қиғызуды ескерулерін қаперлеріне саламыз.
Ислам шариғатының тұжырымы бойынша некесіз отбасы, отбасынсыз неке болмайды. Отбасы адамзат жаратылғаннан бері, яғни тарихтың барлық кезеңінде қоғамның негізі болып саналған. Сондықтан отбасы берік, пәк, адал болса, қоғам да сондай болады. Сол себепті адамзатты тыныштыққа, адалдық пен тазалыққа үндейтін ислам діні отбасының келешегі мен кемелдігіне ерекше мән береді. Аллаһ алдындағы ақ некесін қиғызу Ислам дініміздің талабы болса, жергілікті АХАЖ бөліміне тіркеліп, неке куәлігін алу заңымыздың талабы.

*****
«Азаматтық неке» құбылысының қоғамға демографиялық, рухани және басқа да зардаптары жайында еліміздегі белгілі тұлғалар  айтып, бірқатар жетекші басылымдар тарапынан жазылып жүр. Мамандардың есептеуінше, азаматтық некемен өмір сүрген жастардың 80 пайызы кейін бір-бірімен жараспай, айырылысады екен. Тек бестен бірінің ғана дәм-тұзы жарасып, ерлі-зайыпты атанатын көрінеді. Еліміздегі «Дағдарыс» орталығының мәліметіне сүйенсек, оған жыл сайын «азаматтық некеге» тұрып, алданып қалған 15-20 әйел көмек сұрап келеді екен. Оның үстіне, бүгінгі таңда жаңа туған балалардың 22 пайызы некесіз деген дерек бар.
Бір-бірімен тек ашыналық қатынаста болуды көздеген немесе жұмыс карьерасын ғана ойлап, бала табуды кейінге ысырған жастар көбіне «азаматтық некеге» тұруды құп көреді. Өйткені, бұл кез келген уақытта қосылып, кез келген сәтте айырыла салатын ең оңай ойыншық неке.
Рухани тұрғыдан қарар болсақ, некеге тұрмай жыныстық қарым-қатынасында болу адамды абырой кемістігіне соқтырады. Психологтардың пiкiрiнше,  "азаматтық некедегi” нәзiк жандылар көбiнесе күйеуiм бар деп сенедi, ал ер адамдар оларға тек көңiлдесiм деп қана қарайды екен. Осындай қарым-қатынастағы ер мен әйелдi отбасы деп те атауға қалай ауыз барады?
Әрине, "азаматтық неке” жағдайында балалы болып жататын жұптар бар.
Бірақ осы кезде дүниеге келген баланың әкесi екенiн мойындаудан ер адамдар бас тартып, яки керісінше бойжеткендер өз ішінен шыққан шаранасынан үркіп, ат тонын ала қашады. Осындай келеңсiз жағдайлардың кесiрiнен қаншама сәбидiң тағдырына "некесiз туылған” деген жаман атақ жамалса, ал қаншама сәби жарық дүниені көрместен жатыр iшiнде тұншығып өледi. Мұның обалы кімге? Бұл үшін сол қоғамдағы әрбір азамат жауапты.

*****
Некелескен ерлі-зайыптыларға көптеген жауапкершіліктер жүктеледі. Ер азаматқа отбасын адал табыспен асырап-бағу, оларға қамқор болу секілді міндеттер жүктелсе, ұл-қыздың тәрбиесіне көңіл бөліп, үй шаруашылығымен айналысу әйелдің еншісінде. Олар қалай болғанда да өздерінің ерлі-зайыпты екенін сезінулері керек. Ал, «азаматтық некеде» мұндай жауапкершіліктер атымен жоқ. Олар бір-бірін сынау мақсатымен бір шаңырақтың астында есеппен өмір сүреді. Сосын дәм-тұзы жарасып жатса, асықпай үйлену тойының қамына кіріседі. Ал, бір-бірінің ойынан шықпай жатса, «біз бір-бірімізге сай емес екенбіз, мен іздеген адам басқа екен» деп күнделікті теледидардан көретін батыс киноларындағы көріністі қайталайды.
Мұнымен қоса азаматтық некеде әйел мен еркектің әрмен қарай тұрмыс құрып кетулері екі талай нәрсе. Мұндай отбасында дүниеге келген сәби әкесі мен шешесі ажырасқан жағдайда бала көбінде анасының қолында қалып, әкелік тәрбиеден, мейірімнен жырақта болу қаупі бар. Балаға ананың мейірімі қандай қажет болса, әкенің де мейірімі мен тәрбиесі соғұрлым қажет. Ардақты Аллаһ Елшісі (с.а.у.) немерелері Хасан мен Хүсейінді құшақтап аймалап отырғанын көрген Ақра ибн Хабиз: «Менің он балам бар. Осы уақытта дейін ешқайсысын сүйіп аймалаған емеспін» деді. Сонда пайғамбарымыз (с.а.у.): «Мейірім көрсетпегенге мейірім жоқ» деп жауап берді. Исламда бала тәрбиесі әке мен шешеге тең дәрежеде жүктелген. Яғни бала тәрбиесі әке шешеге ортақ міндет. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дейді қазақ атамыз. Баланың психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуында баланың қос қанаты – әке мен шешенің үлкен рөлі барын ешкім жоққа шығармас. Бір қанаты сынық балапанға өмірдің сындарлы белестерінен асу қашан да қиынға соғары анық.

*****
Мұндай адамзат санасын улайтын жалған некеден миллиондаған адамдар азап шегуде. Оның салдарынан мыңдаған отбасы бұзылып, қаншама балалар тірі жетімге айналуда. Жезөкшелік пен азғындық көбейіп, СПИД секілді қауіп төндірген, қисапсыз бәлекет алып келген әртүрлі аурулар пайда болуда. Сондықтан, кейбір елдер секілді еліміздің БАҚ-ы некесіз, отбасынсыз өмір сүруді уағыздайтын тақырыптарға жол бермеуі тиіс. Өкінішке орай қазіргі таңда ата дініміз бен ділімізге мүлдем қайшы келетін бейне клиптер мен кинолардан аяқ алып жүре алмайсыз. Қолдан жасалған мұндай азғындықты қайта түзету үшін сияқты миллиондап қаржыны ысырап етумен қатар өмірден өз бармағымызды тістеп өтеріміз хақ. Егер бір адам күнә істі құпия жасайтын болса, Аллаһ Тағаланың азабы сол күнә жасаған адамға келеді. Егер бір адам күнә істі жария жасайтын болса, Аллаһ Тағаланың азабы сол жерде тұрып жатқан барша халыққа түсетіні хадис-шәріпте баян етілген. Сол себепті осындай азғындықтың кесірінен Аллаһ Тағала баршамызды екі дүние азабына ұшыраудан сақтасын! www.namys.kz

Аманжол БЕКЕНҰЛЫ
Категориясы: Өзекті мәселелер | Көрілді: 119 | Ендірген: IslamCom_Kz | Рейтингі: 5.0/1 |
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

Жарнама

Жаңалықтар күнтізбесі
«  Шілде 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Іздеу

Жаңалықтар мұрағаты

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 9
Қонақтар: 8
Қолданушылар: 1
IslamCom_Kz

Бүгінгі зияратшылар:Мұсылман, Erzat_93, mus_askar
Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: mus_askar
Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 1251
Осы ай ішінде: 56
Осы апта ішінде: 8
Кеше: 2
Бүгін: 1

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010